ОРАЛБАЕВА АЙГУЛЬ ПАЛМАГАНБЕТОВНА
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ
Уақыты:
Коучинг сабақтың тақырыбы
Сабақ үдерісіндегі кері байланыс және оның маңызы
Жалпы мақсаты
Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, кері байланыстың маңыздылығын ашу, кері байланысты ұйымдастыру жолдарын анықтау. Оқушылардың көңіл - күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына кері байланыс жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Күтілетін нәтиже
- Тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен осал жерлерін, осылардың өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек
беретінін түсінеді;
-Оқушылармен жұмыс істегенде олардың оқуын жақсартатындай тиімді кері байланыс құра алатын жағдайда болады;
-Кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлай алатын болады.
Әдебиет
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2016 жыл
2. Үлестірме материалдар 2016 жыл
Жаттығулар:
Бірлескен жұмысқа
негізделген
тәсіл
Коучтің әрекеті
Тыңдаушылардың
әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Жағымды психологиялық ахуал туғызу
«Комплименттер бұрқасыны» тренингісі
Түрлі-түсті шарлар таратамын
Шарға тілектер жазады, шарларды басқаларға лақтырады, тілектерді оқиды.
Шапалақтау арқылы
Шарлар, маркерлер
Топқа бөлу
Шар түстері арқылы топқа бөлемін (қызылдар, көктер, жасылдар)
Шар түстері арқылы топқа бөлінеді
Мадақтау
Шарлар, парақтар
Бастапқы кері байланыс
Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау үшін алдын ала таратылып қойған смайликтерден қалағанын көрсетуді сұраймын
Смайликтерді көтереді
Смайлик
Көңіл-күй смайликтері
Топтық ереже
Топтық ережелерді құрамын, плакатқа ілемін
Ойларын айтады
Бас бармақ
Топтық ережелер, плакат
Что такое коучинг?
Бейнежазба көрсетемін
Түсінеді, ойларын қорытындылайды
Тақырыпты ашу
"Гүл салу" стратегиясы бойынша гүлдің суретін салуды бастап, мені дамыту үшін кері байланыс берулерін сұраймын
Ойларын айтады (сабағын, жапырағын т.б.)
Смайлик
Түрлі-түсті борлар, тақта
"Күріш" (кері байланыс)
Видеоролик көресетемін
Оқушыға жағымды ахуал тудырғанда ғана оның дамитындығын түсінеді
Шапалақтау
Компьютер, проектор, интерактивті тақта, видеоролик
Бірлескен талдау
Сабақ үдерісіндегі кері байланыс дегенді қалай түсінесіз?
Кері байланыс жайлы алдын ала дайындалған мәтінді топтарға таратамын
Мәтінді мұқият оқып, топ арасында талқылап, ойларын А3 форматына түсіріп, спикер постер қорғайды, бір-бірін бағалайды
Екі жұлдыз, бір тілек
А3 парақтары, маркер, қалам
Шағын дәріс
Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері туралы қысқаша мәлімет беремін (слайд бойынша).
Мұғалімдер керек деген тұстарын түртіп алады
Смайлик
Слайдтар, видеоролик
Жазба жұмыстарындағы кері кері байланыстың жүргізілуі
Жазба жұмыстарындағы кері кері байланыстың жүргізілуін көреді
Слайдтар
Кері байланыс
Мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын анықтау мақсатында «Тазалық» ойынын ойнатамын. Тақтаға чемодан, қоқыс жәшігі, еттартқыш суреттері бейнеленген парақты ілемін. Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарын "чемоданға", сабақтағы керек емес артық нәрсені "қоқыс жәшігіне", ақпараттың ішінде әлі толықтыруым керек деген ойларын "еттартқышқа салуын" (жазбаша) өтінемін.
Стикерлерге ойларын жазып, керек деген "заттарға" салады.
Стикерлер, қаламсап, чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі бейнеленген парақтар