Просмотр содержимого документа
««Қашықтықтан оқыту жағдайындағы сабақ өткізу тәжірибемнен»»
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ
«№273 ОРТА МЕКТЕБІ»
ХАБАРЛАМА
«Қашықтықтан оқыту жағдайындағы сабақ өткізу тәжірибемнен»
(08.10.2020 жылы кіші педкеңесте оқылды)
Хабарламашы
АЛИМБЕТОВА Г.Т.
Байқоңыр қаласы, 2020
Қашықтықтан оқыту жағдайындағы сабақ өткізу тәжірибемнен
Елімізде 13.03.2020 бері карантин режимі жарияланғанына және мектеп оқушыларының қашықтықтан білім алып жүргеніне де біршама уақыт болды.
Осы уақыт ішінде қашықтықтан сабақ беру жүйесі туралы түрлі пікірлер қалыптасты. Бірі алғыс сөздерін айтып жатса, енді бірі сабақтың мазмұнынан қате іздеп әлек.
Десек те, осындай қиын-қыстау уақытта, мамандықтардың төресі - ұстаздықтың орны ата-аналар мен оқушылар үшін де ерекше байқалғаны даусыз.
Мектеп қабырғасында болсын, электронды “қорапшалардың” арғы бетінен болсын мұғалімдердің оқушылар үшін сіңіріп жатқан еңбегі зор. Елімізде жаңадан қалыптасып келе жатқан қашықтықтан оқыту негізінде ата-аналар мен оқушыларға ең тиімді платформалар: Ютуб, Билимленд, Вацап желісі, телесабақтар, Классрум іішінде гуглмит, зум.
Қашықтықтан оқыту кезінде балалар үшін қандай қолайлы жағдайлар жасауға болатыны және мұғалімдер үшін оқыту форматын қалай тиімді ұйымдастыруға болатыны туралы бірнеше пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдеріммен бөлісейін:
Оқушылардың телесабақтарды қарап отыруын ұсыну, қадағалау. «Балапан» арнасындағы телесабақтар арнайы бекітілген, барлық мектептерге ортақ жоспардағы тақырыптар негізінде жүргізілетіндіктен оқушы жаңа тақырып бойынша бағыт-бағдар ала алады. Ал сабақтарды көріп болғаннан соң, жаңа тақырып бойынша бекіту тапсырмаларын орындайды. Мысалы, дүйсенбі күні сағат 8.50-9.00 2 сыныпқа, ал 10.24-10.35 дейін 5 сыныпқа орыс тілі жүреді деген сияқты мұғалім өзі нақты білу керек. Күнделикте, Познавалка кз, ютубта Өрлеу каналдарынан керек тақырыптағы сабақты тауып, алдын-ала өзің көріп алып жәнеде жеке мұғалімдердің де тақырып бойынша дайындаған тым жақсы сабақтарын оқушыға үсынуға болады.
Билимлендтте сәл құрделіленген сабақ мазмұны, тапсырмалары жүктелген. Қосымша құрал ретінде жақсы оқитын оқушыларға Билимлендттен тапсырма орындап, алған баллдарыңды айтыңдар деп жіберемін. Билимлендтің ішіндегі журналға оқушының бағасы автомат түрінде түсіп тұрады, соны қарап күнделікке қойып беремін. Мұғалімдерге де мыңнан аса көрнекі құралдар ұсынылған. 2. Онлайн сабақ өткізгенде дұрыс киім киіп, тыныштық сақтауды талап ету керек.
3. Тапсырмалардың нақты орындалу мерзімін көрсету. Қашықтықтан оқыту кезінде көптеген оқушылардың техникалық мүмкіндіктері болмауы әбден мүмкін, алайда, белгілі бір уақытқа орындалған жұмыстың жауапкершілігі де артатынын естен шығармау керек. Мен көбінде келесі сабаққа дейін ғана уақыт беремін. 3. Сабақ жоспарына тақырыпқа сәйкес қызықты әрі танымдық тапсырмаларды ұсыну. Аудиокітаптар, кинофильмнен үзінді немесе сергіту жаттығуларын орындау, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ребустар да баланың оқуға деген құлшынысы мен қызығушылығын арттырары сөзсіз. Кері байланыс алғанда сабақта не үнады десең, ойын, жаңылтпаш, сергіту сәті, дыбыстық жаттығу деп айтады оқушылар. 4. Баланың психологиялық көңіл-күйіне мән беріңіз. Енді мектеп партасында отырып тақтаға емес, ұялы телефонға үңілген оқушының қашықтықтан әрине жай-күйін, психоэмоциялық жағдайын аңғару қиын. Кейде видео жібергенде, жаттау, пересказ болса, көңіл-күйін байқауға болад. Мұндай жағдайда ата-анамен де тығыз қарым-қатынас орната білу аса маңызды. Көп жаздыртады кейде ата-ана, қолы жаттықсын деп, я тыныш отырсын деп. Кейде ата-анасының өзі ашулы болады, дұрыс айтпады, тез оқымады деп. 5. Онлайн сабақты өткізу форматын нақтылау. Қандай да бір сапалы білім беру ресурсына тоқталып, басқа материалдармен араластырмауға тырысыңыз. Бұл сіз үшін де, оқушы үшін де тиімді болмақ. Себебі, оқыту ресурстарының әр түрлі болуы баланы шатастыруы мүмкін. Жас ерекшелігін де ескерген жөн. Бастауышқа вацаппен топтық чатпен сабақ өткізсем, үлкен сыныптарға Класрумдагы гуглмит я Билимлендтегі видеоконференция арқылы өткіземін.
Көктемде бәріміз жаппай джимейл почта аштық, бірақ неге ашқанымызды дұрыс түсінбедік. Джимейл почтан болса, Гуглмитпен синхронно сабақ өткізуге болады.
Қандай проблема бар, бастауышта бала қолында телефон жоқ. Телефон ата-анасында, олар жұмыста, балаға қол жеткізе алмаймыз. Өздері оқытып, түнгі 12 –ге дейін салып жатад. Голосовой смс жібергенде телевизор, кіттай бала шуы, жылағаны жазылып қалад.
Телесабақ болып жатқанда, бастауыш баласы сабақта. Сол үшін мен ютубтан тауып, ссылкасын жіберем чатқа. Онлайн сабақтарымды 16.00 бастаймын бастауышқа.
5, 8 сынып оқушыларында көбісінде телефон бар, бірақ таңертең үйықтап жатады. Онлайн-сабақ 11.00 бастаймыз, кейде 14.00, 16.00 дейін. Бірнеше топ ашып қойғанмын, 1 сағат - жарты сағат бұрын ескертіп, өтеміз.
Кейбір ата-аналар мектепте неге орыс тілі, ағылшын жоқ деп ренжіп жатад, өзім өқытам десең - жұмыстамын дейді. Балада телефон жоқ.
Содан кейінгі проблема - цифрлық сауатсыздық, ссылка дегенді білмейд, ворд ашалмайд. Қашықтықтан оқу арқасында оны да кейбір ата-анаға үйреттік.
Жанұяда компьютер, ноутбук жоқ. Бір телефон, онымен билимлендке, күнделікке кіру қиын, тапсырма орындау одан әрі. Компьютер ал деп айталмайсын.
Сосын сабақ жоспарын вацапқа салмаңдар дейді, біз түсінбейміз, оданда қысқа голосовой мен сабақ түсіндіріп, үй жұмысын беріңдер деп жатад. Солай жасаймыз. Вацап желісі сабақ кезіндегідей емес, 40 минутпен шектелмейміз, тәулік бойы оқушымен байланыстамыз, тапсырма беру, оны алу, кері байланыс беру. Күнделікке баллын қою, өз журналымызға түсіру.
Ата-аналарға да қиын, үй тірлігі бар, жұмыстан шаршап келед, бірақ балаларын қадағалап, ұй жұмысын жіберіп отырады.
Бізге сол қашықтан оқымай, 20 минут болсада мектепке келіп сабақ беріп кеткеніміз жеңілірек.
Қазіргі уақыттағы қиын жағдайға қарамастан білімді алдыңғы орынға қойып, аз ғана уақыт ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа өзгеріс - қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілді.
Барлық жағдаяттарды ескере келе, ұстаздар қауымының ерен еңбегіне көз жеткізген сияқтымыз.
Ұлт болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарымызда тек сәттілік тілеймін!