kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі сөздерінде " Ң" дыбысының қолданысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми жоба

Қазақ тілі сөздерінде "ң" дыбысының қолданысы

"ң" дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу, жасалу, жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі сөздерінде " Ң" дыбысының қолданысы»

«Рудный қаласы әкімдігінің №4 мектеп-лицейі» КММ-сі









Авторлары: Капышева Амина,

Даненова Дильназ,

8 м2 сынып оқушылары



Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы




Секция: қазақ тілі.








Ғылыми жетекші:

Нурмаханова А.Ж.,

қазақ тілі мен әдебиет пән

мұғалімі.












2017ж.

МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА.........................................................................................................3

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

КІРІСПЕ................................................................................................3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.........5
1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы
1.2. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі..................................7
ІІ ТАРАУ. «Ң» ДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ........................................9
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................13
АННОТАЦИЯ....................................................................................................... 20

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІНІҢ ПІКІРІ...........................................................21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Терентьев М. «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская».-Книга І, СПб., 1875.
2. Радлов В.В. «Фонетика северных тюрксих языков» (Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы). Неміс тілінде жазылған. – Лейпциг, 1882.
3. Аралбаев Ж.А. «Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі жайында»// Кітап: Фонетика казахского языка. – Алматы, 1969. – 27-42 б.
4. Байтұрсынов А. «Қазақ тілінің дыбыстары»// «Жаңа мектеп» журналы, №2; «Дыбыстардың жіктелуі». «Төте оқу» 1936, желтоқсан айы, №30; «Сөз үндістігі». «Төте оқу» 1937, 5 март, №7. (Байтұрсынов А. Шығармалары, Алматы, «Жазушы», 1989; «Қазақстан әйелдері», №4, 1989).
5.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж
6.Қазақ ертегілері
7.Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова,А.Құлажанова Әліппе, Алматы, «Атамұра», 2008 .-74 б
8. «Ана тілі» газеті «ң»-сыз сөйлейтін кімсіз?! 10-ақпан, 2009


АҢДАТПА.


Зерттеудің мақсаты

Қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысның қолданысы туралы толық мәлімет жинақтап зерртеу, айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады.

Ғылыми болжам

Егер қазіргі қазақ тілінде «ң» дыбысын дұрыс қолдана алса, олардың орфоэпиялық, орфографиялық сауаттылығы артады.


Зерттеу кезеңдері

  • Фонетика жүйесін зерттеу;

  • «ң» дыбысының айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру;

  • Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • Көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым – қатынастан «ң» дыбысы кездесетін мысалдар теріп талдау;

  • Мәліметтерді негізге ала отырып, зерттеу жұмысын бастау;


Зерттеу әдістемесі

  • Омонимдес құбылыстарды бір-бірімен салыстыру;

  • Грамматикалық талдау;

  • Айырмашылықтарын іздеу;

  • Салыстырмалы талдау;

  • Қорытынды.


Зерттеудің жаңалығы

Омонимдес құбылыстарды зерттеу барысында ұқсас қосымшалар мен жалғаулықтар, көмекші сөздерді салыстырып, оларды бір-бірінен ажырату жолдарын саралап көрсеттік.

Жұмыстың нәтижесі

Жұмысты зерттеуде омонимдес құбылыстарға қатысты материалдар іздестіріліп, жинақталды. Мағынасы мен қызметіне қарай жіктеліп, әрқайсысына сипаттама берілді. Тәжірибелік машықты қалыптастырып, ҰБТ мен ОЖСБ дайындық үшін тест тапсырмалары жасалды.


Қорытынды

Аталған зерттеу жұмысымыз қазақ тілі грамматикасының «Морфология» саласы аясында қарастырылатын «Қосымша» тақырыбына қатысты «Омонимдес қосымшалар» мәселесіне арналған. Зерттеу нәтижесінде омонимдес құбылыстар жан-жақты қарастырылып, бір-бірінен ажырату жүйесі әзірленді. Біз сияқты оқушылардың теорияны тәжірибемен ұштастырып, практикалық машықты тереңдетуге септігін тигізеді.


Қазақ тілін терең оқып, грамматиканы білуге, яғни мектептегі пәндік қазақ тілі оқулықтарына тақырып ретінде енгізуге ұсынамыз.


Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы


«Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы» атты ғылыми

зерттеу жұмысы


Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен

қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, ғылыми жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Ғылыми жобаны сәтті жазып шығу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданылғандығы айтылды. Сонымен қатар ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні қандай, жұмыс құрылымы қандай екендігі де сөз болды.

Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік» деп аталатын бірінші тарау және ««ң» дыбысының қолданысы» деп аталатын екінші тарау. Бірінші тарауда екі мәселе қарастырылғандықтан, оны іштей екі тараушаға бөлуді жөн көрдік:
1) Қазақ тілі тарихи даму жолы;
2) Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.
Бірінші тараудың «Қазақ тілі тарихи даму жолы» деп аталатын бірінші бөлімінде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы ғылыми зерттеулер жайында,қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметтер бойынша дыбыстардың жіктелуі,сондай-ақ фонетикалық құбылыстар жайынан қысқаша мәлімет берілген.

Бірінші тараудың екінші бөлімін «Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі» деп атап, осы бөлімде фонетика тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала екендігі,тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Екінші тарау толығымен қазақ тілі сөздерінде кездесетін «ң» дыбысын қарастыруға арналды.
Қорытынды бөлімде ғылыми жоба жазу барысында «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды.
Жұмыс барысында негізгі мәселені қарастырмас бұрын тақырыпқа байланысты библиографиялық көрсеткіш құрастырылды. Ол үшін қала және облыс кітапханаларында бар әдебиеттер толық қарастырылып, барлық мәліметтер жинақталды. Сондай-ақ интернет жүйесінде бірсыпыра жұмыс жасалды.Көркем әдебиеттерден мысалдар теріліп, картотека жасалды.

КІРІСПЕ
Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы» атты ғылыми зерттеу жұмысына қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта «ң» дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу, жасалу,жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.Сол құбылыстардың бірі – «ң» дыбысының дұрыс айтылу, жазылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, «ң» дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты – қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру,меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынандай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдық:
- фонетика жүйесін зерттеу;
-«ң» дыбысының айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру;
- сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым-қатынастан «ң» дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау;
Зертеу нысаны. Бұл ғылыми жоба қазақ тіл біліміндегі ң дыбысының құбылыстарын айқындауға арналады. Мұндай құбылыстарды көрсету үшін біз көркем әдебиетке, атап айтсақ, ертегілерге жүгіндік. Мәселен, балаларға арналған «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Сыбызғы сыры», «Алдар көсе мен Шығайбай» ертегілерінен мысалдар теріліп алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің әдістері. Ғылыми жоба жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.
Ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні. Мектептің қазақ тілі оқулықтарында пароним және каламбур құбылыстары қарастырылмаған. Сондықтан да оқушылар қауымы бұл құбылыстарды мүлдем білмейді. Ал біздің бұл ғылыми ізденісіміз барысында қазақ тіл біліміндегі пароним және каламбур құбылыстарының табиғаты сипатталып, бұл құбылыстарға түсініктеме беріліп, қорытындылар мен тұжырымдар жасалды. Ендеше бұл жұмыс қазақ тіл білімі, лексикология мен стилистика бойынша тың түйін жасауға, жаңа бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасауда практикалық тұрғыдан оқушыларға жеңілдік келтіреді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы.
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тілде қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік.
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен).
Еңбекте кейбір дыбыстардың артикуляциясы, комбинаторлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т.б.), қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген. В.Радлов сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған.Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым — қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман-кадрлар шықты. Қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған — фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. Фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті.
1.2. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.
Фонетика (грек. phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та дыбыс шығады. Бұл – зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Адам баласы бірімен-бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады, ол – тіл дыбыстары.
Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік.
Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене – сөйлеу мүшелері;
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа;
3)кеңістік – тыныс мүшелері,тамақ, ауыз қуысы мүшелері.
Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы ― олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады:
1. тыныстау аппараты;
2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады;
3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Тілдің барлығында да дыбыстар дауыстылар мен дауыссыздар деп екі топқа бөлінеді.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа біріншіден, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екіншіден, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшіншіден, ауа баяу шығады (а,о,у).
Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа біріншіден, кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екіншіден, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түседі; үшіншіден, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. (кесте-1)


Кесте-1


Дауыстыларды айтқанда шыққан ауа: Дауыссыздарды айтқанда шыққан ауа:
1. Кедергіге ұшырамай еркін шығады
1.Кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады
2.Дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады
2.Тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түседі
3. Ауа баяу шығады
3.Ауаның шығу қарқыны күштірек болады

Сонымен, дауыссыз дыбыстар үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар болып екі топқа бөлінеді. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген екі топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. (кесте-2)

Кесте-2
--------------------
Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны - ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде ― бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.

1. Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш

2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.

3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.

4. Ерін дауыссыздары
Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз. Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у.

5. Тіл дауыссыздары
Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз.
Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді:
- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш;
- тіл ортасы: г, к;
- тіл арты: ғ, қ, ң.
6. Шұғыл дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз .Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.
7. Ызың дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз .Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш.
8. Діріл дауыссыз
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл дауыссыз деп атаймыз. Ол р дыбысы болып табылады.

ІІ ТАРАУ. «Ң» ДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болатынын қарапайым түрде былай түсіндірсек: бір тілдің дыбысталуы өте жағымды (қазақ, француз) болса, енді бір тілдікі мысалы қытай тілі шаң-шұң еткен өңкей ащы дыбыстар жүйесінен түзілген, алтай, якут тілдері дауыссыздар жүйесіне негізделгендіктен құлаққа түрпідей тиеді. Әр дыбыстың артикуляциялық, акустикалық, генетикалық сипаттамасы болады. Мысалы, қазақ тіліндегі дыбыстардың барлығы дерлік ауыз қуысынан шығады. Тіліміздегі кез келген дыбысты айту кезінде өкпеден шыққан ауаны ауыз қуысында еш кедергіге ұшыратпай, не мұрын жолымен айтып көріңізші. Тілдегі әр дыбыстың айтылуы құлаққа жағымды саздылыққа ие болуы да тілдің ұзақ даму жолын көрсетеді. Дыбыстардың саздылығынан тіліміздегі кез-келген сөзді бағындырып тұрған буын үндестігі мен дыбыс үндестігі келіп шығады.

Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бір қатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Сол сияқты қазақ тіл білімінің саласында да зерттеуді қажет ететін тұстары жеткілікті дегенге ешкім де дау айта алмас. Сол құбылыстардың бірі –ң дыбысының дұрыс айтылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, ң дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелінбеген құбылыстар деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелінбегенін және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді.

Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.

Ендеше, қазақ тілінің төл «ң» дыбысына назар аударайық: ң-үнді (мұрын жолды),тіл арты,шұғыл дауыссыз. Біріншіден, «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді (алайда,1-сыныпқа арналған «Әліппе» оқулығында ң әрпінің бас әрпі неліктен көрсетіліп тұрғаны түсініксіз жайт), екіншіден, «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, «н» дыбысын созып айту, ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуда н дыбысы өзгеріп, ң дыбысына айналады. Жазуда оны елемейміз. Мысалы: бір күнгі (бір күңгі), Аманкүл (Амаңкүл), сән қой (сәңқой), Дүйсен-қали (Дүйсеңқали). Сөз ішінде немесе сөз аралығында н дыбысы мен қ дыбысы қатар келсе, айтуда н дыбысы ң-ға, қ дыбысы ғ дыбысына айналады. Мысалы: Қазан-қап (Қазаңғап), Жылан-қарағы (Жылаңқарағы), Есен-келді (Есеңгелді).

Тілдің тірегі―сөз. Ал тілдің сөз байлығын танытатын―көркем шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Сол себептен балаларға арналған ертегілерден біраз мысалдар келтірсек. Мәселен, «ң» дыбысы сөздің бірінші буынында кездесетінін көруге болады: «Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де, Төстік жолға шығады.»( «Ер Төстік» ертегісінен) ; «Қысқасы өзің - күң, балаң - құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың алынады, - депті.» («Сыбызғы сыры» ертегісінен) ; «Бұрын, бұрын, бұрында Қаң-бақ шал деген шал болыпты.» («Қаңбақ шал» ертегісінен ). Екінші және үшінші буында да кездеседі: «Та-ңер-тең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер,—дейді.» («Алдар көсе мен Шығайбай» ертегісінен) немесе «Тұруға мұршасы келмей жатқан шал ша-ңы-раққа қараса, ша-ңырақ-тың күлдіруішінде керулі тұрған кер бие-нің төстігі көзіне түседі» ( «Ер Төстік» ертегісінен).

Әділін айту керек, «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше қасиетінің бірі – осы «ң».
Қазақ баласы «іңгәлап» туады, өмірге іңкәр болады, ыңылдап әндете бастайды, дүниеге таңдана қарайды, ыңғайлы кәсіппен айналысады, сұңқар баулып, аңға салады, қалың беріп, келін алады, бір-біріне жеңіс тілеп, «оң болсын» айтады. Қысқасы, «тең-құрбымен тебісіп» өскен қазақтың шаруасы «ың-шыңсыз» бітпеген.
«ң» дыбысын дұрыс айтылуы мен емлесін үйренерде біз бірқатар фонетикалық жаттығулар жасадық. Төменде мен өз тәжірибемде қолданған жаттығуларды ұсынамын:

ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

1-ЖАТТЫҒУ
Төмендегі ң дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқанға дейін оқы. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады.
аң – даң – жаң – заң – ұң – қаң– лаң – маң – оң – паң – раң – саң – таң – шаң – ең – бең – жең – зең – кең – лең – мең – пең – рең – сең – тең – шең – мың – тың

2-ЖАТТЫҒУ
Жоғарыда берілген сөздерді диктофонға жазып ал да, сол сөздерді жатқа жаз.

3-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, бір буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.

Аң–заң–лаң–маң–оң–паң–таң–шаң–ең–жең–кең–мең–рең–сең–тең–көң–өң –мың–тың.

4-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, көп буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.

Аңға – даңғаза – жаңа – жаңбыр – заңдар – ұңғы – қаңғыбас – лаңкес – маңдай оңқай – паңданба – саңырауқұлақ – таңданба – шаңырақ – еңіреме – жеңесің– зеңбірек – кеңірек – леңгір – меңіреу – реңк – сеңгір – теңбіл – шеңбер – маңай– тыңдарман – мыңдаған – шыңға – оңға – тоңба – мұңайма – сыңай–кеңейт.

Фонетикалық жаттығулар арқылы айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз етуге болады. Біз үшін фонетикалық жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймай, сонымен қатар әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрену үшін тиімді болды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.
Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.

Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың ішіндегі сөздік қоры жағынан өте бай, дамуы жағынан да көш озық тұрған тіл. Кезінде түрколог В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы деп білемін. Ол―орыс, француз, қазақ тілдері»―деп баға берсе, тағы бір әйгілі түрколог С.Е.Малов: «Түркі халықтары ішіндегі ең суретшіл образды тіл―қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты»―деген болатын.
Қорыта келгенде , «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы атты ғылыми жобада «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды, «ң» дыбысын айтуды үйретудің бірнеше әдіс-тәсілдері, фонетикалық жаттығулар мен балаларға арналған қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсетілді.




















Қорытынды


Аталған зерттеу жұмысымыз қазақ тілі грамматикасының «Морфология» саласы аясында қарастырылатын «Қосымша» тақырыбына қатысты «Омонимдік қосымшалар» және шылау сөздер мәселесіне арналған. Басты көңіл осындай ой операциялары арқылы омонимдес құбылыстарды өздерінің мазмұнына және атқаратын қызметіне қарай жіктеуге бөлінді. Яғни ғылыми негіздегі дәйекті пайымдар, тұжырымдар жасалып, әр топқа жататын омонимдес қосымшалардың не болмаса омонимдес қосымшалар мен шылаулардың арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер егжей-тегжейлі қарастырылып, қорытынды шығарылып отырылды. Бұл мәселенің күрделілігі мынада: ұқсастық тек қосымшалар арасында ғана байқалмайды, мұндай құбылыс жұрнақ пен жалғаудың, жұрнақ пен шылаудың және т.б. арасында ұшырасады. Демек, бұл тақырып көп аспектілі, жан-жақты күрделі мәселені қамтиды. Мысалы, «барды» және «барады» сөздерін салыстырайық. Түбірі бір, іс-қимылдың ұғымды білдіретін сөздер болғанымен , алғашқысындағы - ды қосымшасы жіктік жалғау болып табылады. Бірінің жұрнақ, екіншісінің жалғау екендігін дәлелдеу үшін де, жан-жақты ойланып, дәйекті дәлелдер келтіру қажет.

Бұдан шығатын қорытынды: омонимдес құбылыстармен жүйелі жұмыс, біріншіден, оқушының тіл білім, білігін тереңдетсе, екіншіден, ойлау қабілетін, оның бойында аңғарымпаздық, сезімталдық т.б. қасиеттерді қалыптастырады. Бұған тақырыпқа қатысты жаттығулар, тапсырмалар, тесттер жүйесін әзірлеп, соларды орындау барысында оқушылардың көздері жетті.

Зерттеу жұмысымыз жоспарға сәйкес жазылып, қойылған мақсатына, белгіленген міндеттерді орындау арқылы жетті.

Зерттеу нәтижесінде омонимдес құбылыстар жан-жақты қарастырылып, бұрын-соңды болмаған тесттер жүйесі әзірленді.

Бұл біз секілді оқушылардың теорияны тәжірибемен ұштастырып, машықтарын тереңдетуге септігін тигізеді.




















Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Балақаев М., Қордабаев Т., Хасенова, Ысқақов А.

Қазақ тілінің грамматикасы, А.:1987.

  1. Бейсенова Ә. «Егемен Қазақстан» газеті, 13.10.2004.

  2. Гвоздев А.Н. «Современный русский литературный язык» М.:1973.

  3. Қожамқұлов Т. «Егемен Қазақстан» г., 29.12.2006.

  4. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. 23.02.2007.

  5. Сәлімбаев О.,Сматова К. «Білім.Образование»ж. №3.2006,34-б.

  6. Сүйінкина П. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» ж. №9. 2004, 34-б.

  7. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.,1991,36-39-бб

  8. Филин Е.Ф. Русский язык Энциклопедия. М.: 1979,ст.177

















Аннотация


«Рудный қаласы әкімдігінің №4 мектеп-лицейі» КММ-нің 10 м2 сынып оқушысы Измаханова Асемнің «Омонимдес қосымшалар мен шылаулар, олардың жасалу жолдары» атты ғылыми жобасына берілген.

Ғылыми жоба қазақ тілінің морфология саласындағы жазылуы бірдей, бірақ атқаратын қызметтері әртүрлі омонимдес қосымшалар мен шылауларды жинақтап, олардың атқаратын қызметінжүйелі түрде талдаған.

Теориялық бөлімінде теориялық-әдіснамалық аспектілер жан-жақты ашылған. Қазақ және орыс тілдеріндегі омонимдес қосымшалар мен шылаулар туралы жарияланымдарға шолу жасаған.

Аналитикалық-конструктивті бөлімінде омонимдес қосымшалар мен шылауларды топтастырып, оладың әрқайсысының жасалу жолдарын айқындап, мысалдар арқылы саралап берген.

Бұл жұмысты зерттеу барысында оқушылар аталған тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне көз жеткізді.

Және өз бетінше тақырыптық тест тапсырмаларын құрастырды.

Измаханова Асемнің ғылыми жобасын қазақ тілі сабақтарында қосымша материал және ҰБТ мен ОЖСБ дайындық ретінде пайдалануға болады.












«Рудный қаласы әкімдігінің №4 мектеп-лицейі» КММ-нің

10 м2сынып оқушысы Измаханова Асемнің

«Омонимдес қосымшалар мен шылаулар, олардың жасалу жолдары»

атты ғылыми жобасына жетекшінің

пікірі

Ғылыми жобада автор таңдалған тақырып бойынша өз бетінше қажетті материалдарды жинақтап, құрастырған.

Ғылыми жоба кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде автор мәселенің өзектілігін ашып, оның мақсатын, талаптарын және оған жетудің әдістерін, ғылыми жаңашылдық пен практикалық маңыздылығын жазған. Бірінші тарауда омонимдес қосымшалар мен шылаулар туралы жарияланымдарға шолу жасаса, екінші тарауда барлық омонимдес қосымшалар мен шылауларды топтастырып, олардың әрқайсысының атқаратын қызметін, жасалу жолдарын мысалдар арқылы ашып көрсеткен.

Біздің ойлауымызша, автордың зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы, ғылыми нәтижелер мен ерекше маңыздылығы бар, нақты материалдармен дәлелденген. Тақырыптық тест тапсырмалар жүйесі құрастырылған.

Жұмыс толығымен ғылыми жобаларға қойылатын талаптарға өзектілігі жағынан сәйкес келіп, ғылыми жаңашылдығы және практикалық құндылығы бар жоба деп есептеліп, қорғауға жіберілді.




Жетекшісі: Нурадинова Л.М.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Қазақ тілі сөздерінде " Ң" дыбысының қолданысы

Автор: Нурмаханова Айгул Жанабаевна

Дата: 28.01.2017

Номер свидетельства: 384967

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза? тілінен ?ылыми ж?мыс "
    ["seo_title"] => string(31) "k-azak-tilinien-g-ylymi-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "157402"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421590477"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Ғылыми жоба: Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы"
    ["seo_title"] => string(56) "gylymi_zhoba_kazak_tili_sozderinde_n_dybysynyn_koldanysy"
    ["file_id"] => string(6) "531443"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1576062972"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства