kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная статья в копилку учителям для работы в образовании

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану.»

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.


Матаева Бакыт Зулхарнаевна


«Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы, [email protected]


Аңдатпа. Бұл жұмыста мұғалімнің алдында қойған міндеттерді күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туралы баяндалған.

Кілт сөздер: ақпарат, мұғалім, міндет, жаңа технология, қызығұшылық, инновация.



Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:

Ойлану - ең ізгі жол;

Еліктеу – ең жеңіл жол;

Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.

Бенедикт Спиноза


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бүгінгі күннін басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердін бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.
Осыған орай бүгінгі күннің басты мәселесі;
1.Ақпараттық сауаттылығын;
2.Ақпараттық мәдениетін;
3.Ақпараттық құзіреттілігін сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру
Оқушылардың құзыреттілігі «Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы» негізіндегі тестілер арқылы анықталатындығын оның қойып отырған мақсатынан аңғаруға болады. Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасының мақсаты әлемдік деңгейге салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу саралау.Құзыреттілік тақтадағы жауабын мәтіннен алып талқылап тұрған жауаппен емес жаңа өнімнің жасалуы мен алынуымен бағаланады. Сонда ғана оқулықтар оқушының өз бетімен жұмыс жасау рөлін атқарады, оқулық оқушының танымдық, пәндік, практикалық, тұлғалық – тәжірибесінің күрделі пайымдамасы синетезі ретінде оқушы құзырлылығын арттыруға мүмкіндік жасай алады. 
Ақпараттық құзіреттілік:
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Оқушылардың құзіреттілігін арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану арқылы дамыту атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.
Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.
Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқу мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
- әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
- барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірді оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту – егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындар толықтыруға болады. Оқыту – тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-білім алушының ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-білім алушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;


-әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;

-барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Білім алушының бірден-бір әсер ететін мектеп, орта және жоғары оқу орны. Орта және жоғары оқу мекеменің білім деңгейін көтеру үшін оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияны кеңінен енгізіп, барлық ұйымдастырушылық, білімділік, дамытушылық сапасын көтерудің тең жолдарын, әдіс-тәсілдерін қалыптасыру қажет. Ол үшін білім беру жүйесінің мазмұны жаңа міндеттерімен толықтырылып, өмір талабына сай жаңа саналы тәрбие, сапалы білім берілуі керек.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

1.Білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

2.Жаңа   инновациялык   технологияларды   енгізу   жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

3.Жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден -

бір шарты  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу -әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

  • әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

  • білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

  • өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

  • аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008

2. Мұғалім // Интернет сайтынан, 2010 жыл.

3. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

4. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

5. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

6. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

7. В.С.Кукушкин. Педагогикалық технологиялар. Алматы.2002.

8. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008








 

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану.

Автор: Матаева Бакыт Зулхарнаевна

Дата: 16.10.2020

Номер свидетельства: 560268

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(215) "Кембридж Университетіні? ?сын?ан жеті модулі бойынша ?ыс?аша т?сінік.Білім беру ?рдісінде жа?а технологияларды ?олдану "
    ["seo_title"] => string(139) "kiembridzh-univiersitietinin-u-syng-an-zhieti-moduli-boiynsha-k-ysk-asha-tusinik-bilim-bieru-urdisindie-zhan-a-tiekhnologhiialardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "212378"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431844382"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Білім беру ?рдісінде жа?а технологияларды ?олдану"
    ["seo_title"] => string(58) "bilim-bieru-urdisindie-zhan-a-tiekhnologhiialardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "311548"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1459230310"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Биология сабағында жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру"
    ["seo_title"] => string(105) "khimiia-sabak-tarynda-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyrug-a-bag-yttalg-an-tiekhnologhiialar"
    ["file_id"] => string(6) "157606"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421607841"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН О?У ?РДІСІНЕ ЕНГІЗУДІ? ТИІМДІЛІГі"
    ["seo_title"] => string(67) "bilim-bieru-tiekhnologiialaryn-ok-u-urdisinie-iengizudin-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "302467"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457188461"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) ""Техникалы? шы?армашылы? ?йірмелерінде жа?а технологияларды пайдалану" та?ырыбында?ы баяндама "
    ["seo_title"] => string(108) "tiekhnikalyk-shyg-armashylyk-uiirmielierindie-zhan-a-tiekhnologhiialardy-paidalanu-tak-yrybyndag-y-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "218534"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433830509"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства