Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып,терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне,инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.Бала тәрбиесі – қызығы
мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру,бала тәрбиесіне белсене араластыру,соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
2.«Таныстыру» тренингі.
3. «Мен түсінемін» тренингі. Мұнда балалар өз ата-аналары туралы айтады. Яғни, баланы қуантатын және ренжітетін жағдайларды параққа түсіреді және
қорғайды.
1) Менің анам қуантады …
2) Менің әкем ренжітеді…
Талдау: — қай жағы көп болды? Қуантатын сәттері ма, әлде ренжітетін сәттері ма?
Неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз?
Оның көп болуына ата-ананың әсері бар деп ойлайсыз ба?
4.Жаттығу.(3 минут)«Бір күні» Жайлы әуен ойнап тұрды. Көзімізді жұмамыз,терең дем аламыз, өзіміздің еркін сезінеміз әр күнді қалай өткізетінімізді көз алдымызға елестеміз (2 секунд ) Көзімізді ашып, бір күнімізді қорытып шығарамыз.
Талдау.
5. «Тілек білдіру»тренингі. Мұнда бір-біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып
немесе басқалай да іс-қимылмен тілек білдіресіз.
Талдау: — сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
Сізге тілекті шынайы айтты ма?
Сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?
6. Қорытынды. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі — баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл –жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен,адамшылығының белгісі. Ұлы Абай атамыз 38-қара сөзінде: «Қашан баланың ғылым-білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды. Оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады; бірінші жақсы ата-ана, екінші жақсы ұстаз, үшінші – жақсы құрбы –құрдас!»,- деген екен.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары,балалар сондықтан ата-аналарыңыызды құрметтеп, оларды сыйлаңыздар. Олар сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, соқпақтыға соқтырмай, аялап, мәпелеп өсіріп келеді.Ата-аналарымыз аман-есен
жүрсін деген тілекпен бүгінгі тренигімізді аяқтаймыз.