kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алаш көсемі Алихан Бөкейханов

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данном  докладе рассматривается жизнь и творчество А. Бокейханова

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алаш көсемі Алихан Бөкейханов»

Алаш қозғалысының көсемі-Алихан Бөкейханов.

Ұлтымыздың аса көрнекті тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі бүгінгі және келер өскелең ұрпаққа үлгі. Бейбіт кезеңде күн кешіп отырған ұрпақтың бақытына бұйырған ел Тәуелсіздігі жолындағы ұзақ та тағдырлы күрестің маңызды белесі ол – ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысымен тікелей байланысты екені ақиқат. Әлихан Нұрмұхамедұлы 1870 жылы бұрынғы Семей облысындығы Қарқаралы уезінде Тоқырауын болысында дүниеге келген. Ұлт көсемі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымынан. Әкесі Әлиханды тоғыз жасында молдаға оқуға бергенімен, зерделі бала молдадан гөрі мектепте білім алуды жөн көріп, үш кластық мектепте өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, үздік бітіріп шығады. Он алты жасында Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Оны да жақсы бітіріп, жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипндиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтына түседі. Сабағымен қатар , саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына араласып, студенттік толқуларға қатысады. Қараңғылықтан көзі ашылмаған халқына білім мен мәдениетің қажеттілігін елі мен жері үшін қабырғасы қайысқан, кеудесінде сәулесі бар азамат жастайынан ұққан. Екі қолы бос қоймай, оқуды бітіре салысымен Омбыға келіп, қаланың саяси-әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарына белсене араласты. Қазақ зиялыларының арасында партияның шағын тобын құрады. Ол өзін осы шақтан бастап саяси тұлға ретінде қалыптастырған.

Ұлт көсемінің алғашқы баспалдағы осылай басталады.

Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы «Тіл үшін күрес неге жүріп жатыр? Қазақ тілі деген не? Қазақ тілінің ар жағындағы жатқан мәселе-жер. Біз мына жерді қазақ болып, қазақша сөйлеп қана қорғай аламыз». Бұл Алашорда өкіметінің төрағасы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың айтқаны. Жалпы, Әлихан Нұрмұхаммедұлының негізгі бес ұстанымы болды. Ең бірінші- Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы керек. Жерсіз Отан жоқ.. Екінші ұстанымы-Алаш жерінің астындағы, үстіңдегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс. Бөкейхановтың сөзімен айтсақ , «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс». Үшінші ұстанымы-Бөкейхановтың жобасы бойынша , қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек. Яғни , мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс болған. Төртінші ұстаным – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі , діні , менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек . Бұл идеологиялық ұстаным болатын. Бесінші ұстаным- ең негізгі ұстаным бойынша ғылымға , соның ішінде тәуелсіз ғылымға , ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Осы ұстанымы негізінде дербес мемлекет құруды көздеген Әлихан Бөкейхан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым «Алаш» партиясын ұйымдастырады. 1917 жылы желтоқсан айында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясын жариялап, Әлихан Бөкейхан сол алғашқы Қазақ Республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. 


«Алаш» деген сөздің мағынасын «Түрік баласы» 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді. Бірақ , 1920 жылы Алаш автономиясы тарих сахнасынан біржолата жоғалып, оның мүшелері қудаланады. 1922 жылы Әлихан Бөкейханов Семейде ұсталып, Мәскеуге жер аударылып, сонда 10 жыл бойы үй қамақта отырады. Үйқамаққа алынғанымен Әлихан Нұрмұхамедұлы ұттық идеядан айныған емес. 1932 жылы Алаш зиялыларының үстінен сот болар алдыңда, темір жол вокзалынан оларды күтіп алған Әлихан Бөкейханов: «Жігіттер, сендер не үшін сотталып бара жатқандарыңды білесіңдер. Сендерді соттап отырған жүйені де білесіңдер, Ешкімнің алдында кінәларың жоқ. Сендер ел үшін сотталып бара жатқан азаматсыңдар! Мұңаймаңдар! Бастарыңды төмен түсірмеңдер! Алда жақсылық болады» - деп шығарып салған екен. 1917 жылғы төңкеріске дейінгі және одан кейінгі кезеңде бір Әлиханның өзі 7 рет тұтқындалып , бірнеше тәуліктен 4 және 8 айға дейін түрмеде отырып шығып , 2 рет саяси айдауда болды. Оның ішінде Самарада 8 жылын өткізсе, Мәскеуде шым-шытырық оқиғалар мен қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын сарп етті. 

Әлихан Бөкейханов 1937 жылы 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіледі. Әлиханның қабірінің қайда екені жайлы мағлұмат айтылмайды. Тек 2007 жылы ғана жария етілді. Ол Мәскеудегі Дон бауырластар зиратына көмілген. Әлихан Бөкейхановтың жары Яков Севостьяновтың қызы Ольга болған. 1903 жылы қызы Елизавета, ал 1910 жылы ұлы Өкітай дүнеге келген. Бөкейхановтың қызы Смағұл Сәдуақасовқа тұрмысқа шыққан. 1957 жылы ұлы Өкітай жұмбақ жағдайда өмірден озған. 

Қазақ үшін қабырғасы қайсып, тек тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің , мәдениеттің тәуелсіздігене ұмтылған тұлға. Алаш идеясы бүгін де, ертең де өзінің жалғасын табады. Жаһандастыру дәуіріндегі рухани тәуелсіздіктен қорғайтын бірден-бір ұлттық бағдарлама осы болып табылады. Сондықтан, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері , Алаш қозғалысының жетекшісі , Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек.

 Әлихан Дала және Түркістан өлкелеріне бөлінген Қазақ елінің жерін , әлеуметтік-экономикалық ахуалын , халық шаруашылығын, төрт түлік малы мен санын, табиғаты мен ауа райын зерттеген 4 ғылыми экспедициясының жұмысына қатысады. Осы жылдары Әлихан бүкіл отаршыл империяға танылған ғалым , Қазақстан бойынша теңдессіз білгір сарапшы ретінде танылып, туған елі мен халқының тарихы, экономикасы, мәдениеті, шаруашылығы , оның ішінде дәстүрлі мал шаруашылығы және жері туралы бірнеше іргелі ғылыми монография, ондаған очерк, мыңнан аса мақала мен еңбек жазып жариялайды. Алты алаш көсемінің осы күнге қарай анықталып жиналған шексіз бай мұрасының жалпы көлемі 16-18 томдық жинақты құрап отыр. 

«Алаш» идеясын алға тартқан Әли¬хан: қазақ ұлтшылдығы - ол өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін, Отанды сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Ол соңғы демі біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып , өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті. 


«Алаш» партиясы қазақ халқымызда тұңғыш ұлттық- демократиялық партия болып табылады. «Алаш» партиясының құрылғанына 2007 жылы 90 жыл толды. Және де бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол- аталарымыз аңсаған осы тәуелсіздігімізді баянды ету , мемлекетімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру. 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі : 

1. Н.Ә Назарбаев. Тарих толқынында –Алматы, 1999 ж. 
2.А.Байтұрсынов Тіл тағлымы. –Алматы, Ана тілі.1992 ж 
3. Тоғысбаев Б. Сужикова А. Тарихи тұлғалар – Алматы, “Алматы кітап баспасы”, 2009 ж 





































Аннотация

Алихана Бокейханова это человек который посвятил всю свою жизнь во благо своего народа. Идей партии «Алаш» найдут свое продолжение в настоящем и будущем. Поэтому исследование жизни и творчества великого писателя, ученого, публициста, переводчика Алихана Бокейханова должны всегда оставаться в поле зрения будущего поколения.









Аңдатпа

Қазақ үшін қабырғасы қайсып, тек тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің , мәдениеттің тәуелсіздігене ұмтылған тұлға. Алаш идеясы бүгін де, ертең де өзінің жалғасын табады. Жаһандастыру дәуіріндегі рухани тәуелсіздіктен қорғайтын бірден-бір ұлттық бағдарлама осы болып табылады. Сондықтан, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері , Алаш қозғалысының жетекшісі , Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Алаш көсемі Алихан Бөкейханов

Автор: Жангожина Эльмира Нурсултановна

Дата: 08.11.2017

Номер свидетельства: 437595

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "''Алашты? ?лиханы" атты ?деби іс-шараны? сценариі"
    ["seo_title"] => string(50) "alashtyn-likhany-atty-diebi-is-sharanyn-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "316659"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460132272"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства