Просмотр содержимого документа
«"Ұстаз өмірінің айнасы" мұғалім портфолиосы»
Оразалы Перуза Әсенқызы
«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мазмұны
Түйіндеме
І бөлім“Менің құжаттарым ”
ІІ бөлім“Ұстаз – ұлы есім”
ІІІ бөлім“Отбасы – тәрбие бастауы”
ІV бөлім“ Менің қызығушылық әлемім”
І бөлім“Менің құжаттарым”
ІІ бөлім“Ұстаз – ұлы есім”
Оразалы Перуза Әсенқызы
ЖСН: 731217400655
Жұмыс орны: «Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Облысы: Маңғыстау облысы
Мекен-жайы: Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы
Туған күні: 1973-12-17
Педагогикалық тәжірибесі: 22
Санаты: бірінші
Педагогикалық өмірбаяны: Оразалы Перуза 1973 жылы Өзбекстан Республикасы Шоманай ауданында дүниеге келген. Еңбек өтілі- 22 жыл. 1996 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1991-1995 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде, 1995-2010 жылдар аралығында М.И.Калинин атындағы орта мектебінде, 2010 жылдан бері Маңғыстау облысы «Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»ММ- нде өз мамандығы бойынша ұстаздық қызмет атқарып келеді. 2000-2001 оқу жылында Ж.Қалдығараев атынд ғы орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін, 2011-2013 жыл аралығында «Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ-нде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, ұжым арасында үлгілі, тәжірибелі маман. Қазіргі таңда 11 «А» сыныбының сынып жетекшісі. Марапаттар, грамоталар, алғыстар, сайыстар: 2005 жылы аудандық Ұлы Жеңістің 60 жылдығына байланысты сыныптан тыс шаралар байқауында ІІІ орын; Ұлы Жеңістің 60 жылдығы құрметіне орай өткізілген кештер мен әдеби-тарихи- сазды бейнекөріністерге белсене қатысқаны үшін Алғыс хат; 2008 жылы аудандық С.Адайдың шығармашылығына арналған «Жалғыз ұлы қазақтың» атты көркем сөз оқу байқауында 9- сынып оқушылары Табылдытегі Гүлжан, Қонашева Балгерім ынталандыру иеленді. 2010 жылы мектепішілік «Жыл мұғалімі-2010» байқауында Бас жүлде, аудандық байқауд а ІІІ орын; 2011 жылы аудандық Құрмет грамотасы; аудандық «Атамекен» слетінде «Тіл тағылымы» бағыты бойынша 8- сынып оқушысы Есентемірова Мадина «Ынталы оқушы» номинациясымен марапатталды; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ана тілің- арың бұл…» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасына белсене қатысқаны үшін 9- сынып оқушысы Омарова Айзада , 7- сынып оқушысы Шамханов Қанағат, 6- сынып оқушысы Қиянова Аягөз дипломмен, аудандық Қазақстан халықтары тілдерінің ХІІІ фестивалі аясында өткен «Маржан сөз» сайысында 9 — сынып оқушысы Омарова Айзада ынталандыру; 2012 жылы Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының ХІІ Маңғыстау облыстық ғылыми- практикалық конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны үшін 9- сынып оқушысы Омарова Айзада ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды; 2013 жылы 10 «А» сынып оқушысы Темірханов Мұрат «Қазақстанның үміт артарлары» республикалық жинағына енді, Бейнеу ауданының 40 жылдығы ,Бейнеу селосының 50 жылдығына орай аудандық «Бейнеуім- жырдың бесігі» атты ақындар мүшәйрасына белсене араласқаны үшін 8- сынып оқушысы Қиянова Ая гөз Алғыс хатпен марапатталды; аудандық VІ «Жас өркен» балалар шығармашылығы фестивалінде қол жеткізген табыстары үшін ІІІ орын; аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8- сынып оқушысы Қиянова Аягөз ынталандыру; 2014 жылы аудандық «Сардар» олимпиадасында 11 «А» сынып оқушысы Асанов Айдос ІІІ орынмен марапатталды.
Шығарылымдар: 2005 жылы 21 қаңтарда республикалық «Алтын ұя» жас шығармашылар газетінде 11- сынып оқушысы Есназарова Ләззаттың «Әже» атты әңгімесі, аудандық «Рауан» газетінде «Әріптесіміз жайлы айтар болсақ» мақаласы, 7- сынып оқушысы Сапарбаева Камиланың «Апталық өтті» атты мақаласы, 9- сынып оқушысы Черноязова Мейрамгүлдің «Мақтан тұтамын» атты мақаласы, 2008 жылы аудандық «Рауан» газетінде «Сайыс қызықты өтті» мақаласы, 2010 жылы аудандық «Рауан» газетінде «Ерлік- ел есінде» атты мақаласы жарық көрді.