kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс саба?ы. Тіл та?дыры-ел та?дыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

üЕлімізде т?рып жат?ан ?лттар арасында?ы досты?пен ынтыма?ты д?ріптеу;

ü?р ?лтты? тілі мен д?ст?ріне ??рмет к?рсету;

üМемлекеттік тіл ?аза? тілімізді? ?ыр-сырына тере? ?нілуге, сыйлау?а, ?астерлеуге т?рбиелеу;

üАна тілінде таза, саутты с?йлеуге баулу;

Ту?ан жерге с?йіспеншілігін арттыру, елжанды??а, отаншылды??а т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс саба?ы. Тіл та?дыры-ел та?дыры»

Сыныптан тыс жұмысы: «Тіл тағдыры-ел тағдыры». Өткізген: Жезқазған қаласы, № 3 орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімдері: Альмишева Л.Ш, Сагитова Л.А

Сыныптан тыс жұмысы: «Тіл тағдыры-ел тағдыры».

Өткізген: Жезқазған қаласы,

№ 3 орта мектебінің қазақ тілі мен

қазақ әдебиетінің мұғалімдері: Альмишева Л.Ш, Сагитова Л.А

Поэзиялық таным сабағы.  Әдеби кеш

Поэзиялық таным сабағы. Әдеби кеш

Сабақтың тақырыбы:  Тіл тағдыры-ел тағдыры

Сабақтың тақырыбы: Тіл тағдыры-ел тағдыры

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың мақсаты:

  • Елімізде тұрып жатқан ұлттар арасындағы достықпен ынтымақты дәріптеу;
  • Әр ұлттың тілі мен дәстүріне құрмет көрсету;
  • Мемлекеттік тіл қазақ тіліміздің қыр-сырына терең үнілуге, сыйлауға, қастерлеуге тәрбиелеу;
  • Ана тілінде таза, саутты сөйлеуге баулу;
  • Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, елжандыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың көрнекілігі:

  • Қазақстан Республикасының рәміздері;
  • Тіл туралы нақыл сөздер;
  • Газеттер;
  • Оқушылар салған суреттер
Тіл туралы нақыл сөздер  «Ана тілін ұмытпаған адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»  (Ғабит Мүсірепов)  «Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз»  (Лев Толс той)  «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз-адамның ең жоғары қасиеті»  (Ғабиден Мұстафин)

Тіл туралы нақыл сөздер

«Ана тілін ұмытпаған адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

(Ғабит Мүсірепов)

«Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз»

(Лев Толс той)

«Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз-адамның ең жоғары қасиеті»

(Ғабиден Мұстафин)

І жүргізуші: Сәлеметсіздерме, қадірлі ұстаздар, оқушылар! Осы тіл мерекесіне арналған сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 1-оқушы: Кіріспе сөз: Тілді зерттеушілер қазақ тілін ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп есептейді. 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. Сөйтіп сол жылы шілденің 7-сі күні «Қазақстан республикасындағы тілдер туралы» жаңа Заң қабылданды. Қазір қыркүйектің 22-сі «Қазақстан Республикасының тілдер күні» мерекесі болып аталады.

І жүргізуші:

Сәлеметсіздерме, қадірлі ұстаздар, оқушылар! Осы тіл мерекесіне арналған сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-оқушы: Кіріспе сөз:

Тілді зерттеушілер қазақ тілін ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп есептейді. 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. Сөйтіп сол жылы шілденің 7-сі күні «Қазақстан республикасындағы тілдер туралы» жаңа Заң қабылданды. Қазір қыркүйектің 22-сі «Қазақстан Республикасының тілдер күні» мерекесі болып аталады.

2 оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім бар болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. ІІ –жүргізуші: Бүгін біздің мектебімізде үлкен қуанышты мереке-Тілдер мерекесі. Тілдер мерекесі-Қазақстан жерінде тұратын ұлттардың мерекесі. 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді.

2 оқушы:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім бар болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

ІІ –жүргізуші:

Бүгін біздің мектебімізде үлкен қуанышты мереке-Тілдер мерекесі. Тілдер мерекесі-Қазақстан жерінде тұратын ұлттардың мерекесі. 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді.

3-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар. Туған тілде әнім менен сәнім бар, Туған тілім-жүрек үнім наныңдар! Нанбасаңдар! Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. І-жүргізуші: Біздің Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? Оқушылар: Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

3-оқушы:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім-жүрек үнім наныңдар!

Нанбасаңдар!

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

І-жүргізуші:

Біздің Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

Оқушылар: Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

І-жүргізуші: Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Бүгін 4 сынып оқушылары өздерінің білімін, өнерін көрсету ұшін жиналыпты. 4-оқушы: Туған тілсіз тәңірім жоқ табыңар, Туған тілсіз тірлік құрсың, наныңдар. Туған тілде намысым мен арым бар, Туған тілсіз тірлік құрсың, наныңдар.

І-жүргізуші:

Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Бүгін 4 сынып оқушылары өздерінің білімін, өнерін көрсету ұшін жиналыпты.

4-оқушы:

Туған тілсіз тәңірім жоқ табыңар,

Туған тілсіз тірлік құрсың, наныңдар.

Туған тілде намысым мен арым бар,

Туған тілсіз тірлік құрсың, наныңдар.

ІІ ІІ- жүргізуші: Туған тіліміз туралы мақал-мәтелдер көп. Мақал-мәтелдер сайысы. (Оқушылардан мақал-мәтелдерді сұрау. Мақал-мәтелдерді жатқа айту) Тілден артық қазына жоқ,  Тілден артық қасиет жоқ. Өнер алды-қызыл тіл. Тіл қылыштан өткір. Піл көтермегенді,  Тіл көтереді. Сөзден асқан байлық жоқ,  Тілден асқан жүйрік жоқ.

ІІ

ІІ- жүргізуші:

Туған тіліміз туралы мақал-мәтелдер көп.

Мақал-мәтелдер сайысы.

(Оқушылардан мақал-мәтелдерді сұрау. Мақал-мәтелдерді жатқа айту)

  • Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ.

  • Өнер алды-қызыл тіл.
  • Тіл қылыштан өткір.
  • Піл көтермегенді,

Тіл көтереді.

  • Сөзден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан жүйрік жоқ.

Тілге құрмет-елге құрмет. Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ. Тіл тас жарады,  Тас жармаса, бас жарады. Жеті жұрттың тілің біл,  Жеті түрлі ғылым біл. Көңіл-гүл,  Тіл-бұлбұл. Айтар сөзді алдымен ойлап ал. Ақыл көркі-тіл,
  • Тілге құрмет-елге құрмет.
  • Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ.
  • Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

  • Жеті жұрттың тілің біл,

Жеті түрлі ғылым біл.

  • Көңіл-гүл,

Тіл-бұлбұл.

  • Айтар сөзді алдымен ойлап ал.
  • Ақыл көркі-тіл,

Тілдің көркі-сөз.

І-жүргізуші: Балалар, біздің Қазақстанда жүз отыздан аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Мектебімізде де көптеген ұлт өкілдерінің балалары білім алып, тәрбиеленуде. Қазақстан Республикасы туралы олар не дейді екен? Қазақ: Бекмағанбетова Камила Қазақстан-әдемі мемлекет. Қытай: Фун-ту-чу Алевтина Қазақстан-үлкен мемлекет. Неміс: Клян Марина Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. Орыс: Тишкин Евгений Мен Қазақстанды жақсы көремін.

І-жүргізуші:

Балалар, біздің Қазақстанда жүз отыздан аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Мектебімізде де көптеген ұлт өкілдерінің балалары білім алып, тәрбиеленуде. Қазақстан Республикасы туралы олар не дейді екен?

Қазақ: Бекмағанбетова Камила

Қазақстан-әдемі мемлекет.

Қытай: Фун-ту-чу Алевтина

Қазақстан-үлкен мемлекет.

Неміс: Клян Марина

Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.

Орыс: Тишкин Евгений

Мен Қазақстанды жақсы көремін.

Татар: Стрюк Марина Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Украин: Кириченко Полина Қазақстанның астанасы-Астана қаласы. 5-оқушы: Отан жерім-Отан-суым, Отан-қуат, Отан-нәр. Отан-ұран, Отан-туым, Отан міңгі гүлденер.

Татар: Стрюк Марина

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.

Украин: Кириченко Полина

Қазақстанның астанасы-Астана қаласы.

5-оқушы:

Отан жерім-Отан-суым,

Отан-қуат, Отан-нәр.

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан міңгі гүлденер.

6-оқушы: Атам, Әжем, Әкем, Анам, Төртеуі де «Отан» маған. Төртеуі де «Ботам» дейді, Мақтанамын Отаныммен, Отаныма «Ботамын» мен. 7-оқушы: Біздің дала-бай дала, Алтын астық айнала. Ел егінді жинайды, Қырманға дән сыймайды. Біздің дала-бай дала, Алтын астық айнала.

6-оқушы:

Атам, Әжем, Әкем, Анам,

Төртеуі де «Отан» маған.

Төртеуі де «Ботам» дейді,

Мақтанамын Отаныммен,

Отаныма «Ботамын» мен.

7-оқушы:

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.

Музықалық үзіліс. Би: Үнді биі.

Музықалық үзіліс.

Би: Үнді биі.

ІІ-жүргізуші: Бүгінгі әдеби кештен қандай тәлім-тәрбие алғандарынды білгіміз келіп тұр. Ол үшін менің сұрақтарыма жауап бере қойыңдар.

ІІ-жүргізуші:

Бүгінгі әдеби кештен қандай тәлім-тәрбие алғандарынды білгіміз келіп тұр. Ол үшін менің сұрақтарыма жауап бере қойыңдар.

  • Тәуелсіз деген не?
  • Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
  • Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қашан қабылданды?
  • Конституция (Ата Заң) қашан қабылданды?
8-оқушы: Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тілінді құрметте! Музықалық үзіліс: Би: «Кір жуамыз» (Стирка)

8-оқушы:

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді құрметте!

Музықалық үзіліс:

Би: «Кір жуамыз» (Стирка)

Қызықты грамматика «Қазақстан» сөзінен 20 сөз құрастыр. Қазақ, астана, аз, қаз, зат, тас, қас, сақ, тақ, сан, таз, саз, ақ, атан, ата, қан, азан, қант, ант, қазан. 9-оқушы: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, Туған тілім-анам тілі-өз тілім. Туған тілім-далам тілі-өз тілім, Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Қызықты грамматика

«Қазақстан» сөзінен 20 сөз құрастыр.

Қазақ, астана, аз, қаз, зат, тас, қас, сақ, тақ, сан, таз, саз, ақ, атан, ата, қан, азан, қант, ант, қазан.

9-оқушы:

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

10-оқушы: Ана тілім- Бала шағым, өркенім. Ана тілім- Болашағым, ертеңім. Ана тілім- Сайын далам, жер-көгім. Ана тілім- Арман-ойым, өрнегім. Ана тілім- Шың асқарым, өр көгім. Ана тілім- Жыр-дастаным, ертегім. Ана тілім- Үйім алып, еркемін.

10-оқушы:

Ана тілім-

Бала шағым, өркенім.

Ана тілім-

Болашағым, ертеңім.

Ана тілім-

Сайын далам, жер-көгім.

Ана тілім-

Арман-ойым, өрнегім.

Ана тілім-

Шың асқарым, өр көгім.

Ана тілім-

Жыр-дастаным, ертегім.

Ана тілім-

Үйім алып, еркемін.

Ана тілмен- Халық күйін шертемін. Ана тілім- Пәк сезімді жан сырым. Ана тілім- Лебіз демі-бал шырын. Ана тілмен- Нұрланды маң, қырым. Ана тілмен Жырланады бар жырым.

Ана тілмен-

Халық күйін шертемін.

Ана тілім-

Пәк сезімді жан сырым.

Ана тілім-

Лебіз демі-бал шырын.

Ана тілмен-

Нұрланды маң, қырым.

Ана тілмен

Жырланады бар жырым.

11-оқушы: Ана тілді білмесем, Шат-шадыман күлмес-ем. Жер бетінде сайрандап, Қазақ болып жүрмесем. І-жүргізуші: Бүгінгі әдеби кеш осымен аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рақмет! Келген қадамдарыңызға гүл бітсің!

11-оқушы:

Ана тілді білмесем,

Шат-шадыман күлмес-ем.

Жер бетінде сайрандап,

Қазақ болып жүрмесем.

І-жүргізуші:

Бүгінгі әдеби кеш осымен аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рақмет! Келген қадамдарыңызға гүл бітсің!

Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сыныптан тыс саба?ы. Тіл та?дыры-ел та?дыры

Автор: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Дата: 08.12.2014

Номер свидетельства: 140917


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства