kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш?кен Айманов презентация

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айманов Ш?кен (Ша?керім) — актер, режиссер, КСРО халы? артисі (1964). Болаша? актер 1914 ж. 15 а?панда ?азіргі Павлодар облысыны? Баянауыл ауданында ту?ан. Ауыл мектебін бітіріп, Семей м??алімдер техникумында о?ып ж?ргенде 1932 ж. Алматыда?ы ?аза? драма театрына ша?ырылады. Айманов 1932 – 33 жыл?ы маусымнан театр?а ж?мыс?а ?абылданды. Ол ал?ашында бір?атар р?лдерді ойнады. К?п ?замай классикалы? пьесалар бойынша ?ойыл?ан спектакльдерде басты р?лдерді шебер орындауымен к?пшілік к?зіне т?седі. ?сіресе оны? орындауында?ы А?ан сері, ?обыланды, Сатин, Петруччо, Отелло р?лдері ?лтты? театр тарихында ?шпес із ?алдырды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш?кен Айманов презентация»

Шәкен Айманов

Шәкен Айманов

  • Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған « Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
Режиссерлік еңбектері: 1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге) 1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге) 1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге) 1957 «Біздің сүйікті дәрігер» 1961 «Бір ауданда» 1961 «Әуен шақырады» 1962 «Жол торабы» 1964 «Алдар көсе» 1966 «Атамекен» 1968 « Тақиялы  періште » 1970 «Атаманның ақыры

Режиссерлік еңбектері:

  • 1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге)
  • 1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге)
  • 1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге)
  • 1957 «Біздің сүйікті дәрігер»
  • 1961 «Бір ауданда»
  • 1961 «Әуен шақырады»
  • 1962 «Жол торабы»
  • 1964 «Алдар көсе»
  • 1966 «Атамекен»
  • 1968 « Тақиялы періште »

1970 «Атаманның ақыры

Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер:

Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер:

  • 1952 — КСРО Мемлекеттік сыйлығы (театрдағы еңбегі үшін)
  • 1958 — Бүкілодақтық кинофестиваль (үшінші жүлде, « Біз осында тұрамыз » фильмі үшін)
  • 1958 — Ташкент. Африка және Азия елдерінің Халықаралық кинофестивалі (диплом, « Біздің сүйікті дәрігер » фильмі үшін)
  • 1959 — Бүкілодақтық кинофестиваль (Құрмет дипломы, « Біздің сүйікті дәрігер » фильмі үшін)
  • 1963 — Орта Азия мен Қазақстан кинематографистерінің конкурсы ( « үздік режиссерлік жұмысы үшін » жүлдесі, « Жол торабы » фильмі үшін)
  • 1967 — Қазақ КСР Мемлекеттік К.Байсейітова атындағы сыйлық (көркем шығармашылығы үшін, « Ән қанатында » фильміне)
  • 1969 — Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің конкурсы (диплом, « Тақиялы періште » фильмі үшін)
  • 1972 — Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (марқұм болған соң, « Атаманның ақыры » фильмі үшін)
  • Ленин ордені
  • Еңбек Қызыл Ту ордені
  • Екі « Құрмет Белгісі » ордені
Шәкен Айманов түсірген кинолар

Шәкен Айманов түсірген кинолар

Фильмография:

Фильмография:

  • 1938 «Амангелді» — эпизод
  • 1940 «Райхан» — Сәрсен
  • 1943 «Ақ раушан» — майдангер
  • 1945 «Абай әндері» — Шәріп
  • 1948 «Алтын мүйіз» — Жәкен Досанов
  • 1953 «Жамбыл» — Жамбыл
  • 1956 «Біз осында тұрамыз» — Бейісов
  • 1957 «Біздің сүйікті дәрігер» — эпизод
  • 1961 «Алдар көсе» — Алдар көсе
  • 1969 «Найзатас бөктерінде» — Бейсембай
Қазіргі түсіріліп жатқан кинолар

Қазіргі түсіріліп жатқан кинолар

Назарларыңызға рақмет!!!

Назарларыңызға рақмет!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ш?кен Айманов презентация

Автор: Сейлхан Коптилеу

Дата: 04.12.2015

Номер свидетельства: 262020


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства