kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ туралы маңыздылығын ашу. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы бойынша тың мәліметтер жинақталған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы»

Шетел тілдер педагогикалық колледжі Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Садирова Гульбахар Тохтасуновна

Шетел тілдер педагогикалық колледжі

Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі, жоспарлауы

Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы

Садирова Гульбахар Тохтасуновна

Сабақтың мақсаты: Мұғалімнің сабаққа дайындық мазмұнымен таныса отырып, тақырыптық жоспар, жеке сабақ жоспарын ұйымдастыру, жоспарлау, классикалық сабақ процесін жобалау туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттыру және  шығармашылық қабілетін дамыту, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру. Жаңа тақырыпты өту барысында білімалушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:

Мұғалімнің сабаққа дайындық мазмұнымен таныса отырып, тақырыптық жоспар, жеке сабақ жоспарын ұйымдастыру, жоспарлау, классикалық сабақ процесін жобалау туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттыру және  шығармашылық қабілетін дамыту, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру.

Жаңа тақырыпты өту барысында білімалушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ – оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты. Қазіргі заманғы сабақ – ол, ең алдымен мұғалім оқушының тұлғалық дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне, оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруды шебер қолданылатын оқу үрдісінің бір түрі.

Сабақ – оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.

Қазіргі заманғы сабақ – ол, ең алдымен мұғалім оқушының тұлғалық дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне, оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруды шебер қолданылатын оқу үрдісінің бір түрі.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы - аса жауапты іс. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:  1. Сабақтың мақсаты қандай? 2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді? 3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы? 4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ? 5. Олар қандай жолмен негізделмек? 6. Қандай қорытындылар керек? 7. Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ? 8. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек? 9. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек? 10.Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы - аса жауапты іс.

Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:

1. Сабақтың мақсаты қандай?

2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді?

3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?

4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?

5. Олар қандай жолмен негізделмек?

6. Қандай қорытындылар керек?

7. Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?

8. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек?

9. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек?

10.Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: Сабақтардың жоспарын дайындау (әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру)  Тақырыптық жоспарын дайындау (сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау)

Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады:

Сабақтардың жоспарын дайындау

(әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру)

Тақырыптық жоспарын дайындау

(сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау)

Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі. Тақырыптық жоспарда сабақтың жүйелілігі, негізгі тараулары және сабақта орындалатын жұмыс түрлері, пәнаралық байланысы мен әр сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетіледі және тақырыптық жоспарлар үлгі ретінде беріледі. Тақырыптық жоспарлаудың табысты болуы мұғалімнің оқушылар нені дұрыс түсініп, немен танысып, нені біліп, не істеу керектігін және т.б. сезінуіне байланысты.

Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі.

Тақырыптық жоспарда сабақтың жүйелілігі, негізгі тараулары және сабақта орындалатын жұмыс түрлері, пәнаралық байланысы мен әр сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетіледі және тақырыптық жоспарлар үлгі ретінде беріледі.

Тақырыптық жоспарлаудың табысты болуы мұғалімнің оқушылар нені дұрыс түсініп, немен танысып, нені біліп, не істеу керектігін және т.б. сезінуіне байланысты.

Сабақтың жоспары: тақырыптық жоспар Жеке сабақты жоспарлау  - мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру.  бағдарлама мазмұны негізінде мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады.

Сабақтың жоспары:

тақырыптық жоспар

Жеке сабақты жоспарлау  - мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. 

бағдарлама мазмұны негізінде

мұғалімнің оқушыларды және

олардың дайындық деңгейін

білуінің негізінде құрастырылады.

Есіңізде сақтаңыз! Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әр бір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.

Есіңізде сақтаңыз!

Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет.

Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әр бір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.

Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей: Сабақтың мақсаты. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері. Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады. Сабақтың тақырыбы.     Сабақ құралдары. Үй тапсырмасы. Оқыту әдіс-тәсілдері. Сабақтың мазмұны.     Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:

Сабақтың мақсаты.

Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері.

Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.

Сабақтың тақырыбы.

Сабақ құралдары.

Үй тапсырмасы.

Оқыту әдіс-тәсілдері.

Сабақтың мазмұны.

Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады. Сабақтың соңғы буыны - үй тапсырмасын беру. Н . К. Крупская мұғалімдердің назарын тапсырманы орындау жөнінде оқушыларға мұқият түсіндіру жұмыс-тарын ұйымдастыруға, оның мақсаты түсінікті болуына, бұл мақсат оларды рухтандыратындай дәрежеде болуына аударады. ''Ең қызық тапсырма - дейді ол, - баланың өз бетінше жұмыс істей алуын барынша дамытып, оның ойын оятатын тапсырма екендігі мәлім''-деген тұжырым-дама жасайды.

Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.

Сабақтың соңғы буыны - үй тапсырмасын беру.

Н . К. Крупская мұғалімдердің назарын тапсырманы орындау жөнінде оқушыларға мұқият түсіндіру жұмыс-тарын ұйымдастыруға, оның мақсаты түсінікті болуына, бұл мақсат оларды рухтандыратындай дәрежеде болуына аударады. ''Ең қызық тапсырма - дейді ол, - баланың өз бетінше жұмыс істей алуын барынша дамытып, оның ойын оятатын тапсырма екендігі мәлім''-деген тұжырым-дама жасайды.

Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Сабақ жоспары бойынша мұғалім:   тақырып бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін, есепке алып алдын – жаттығуларды дайындап, тәжірибелерді істейді басты компененттерінің бірі – оқу материалын таңдап алу . Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіншіліктеріне сәйкес таңдап алу сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау Мұғалім пән аралық байланыс принципин іске асырудың Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ негізінен жоғарыда көрсетілген кезеңдерді қамтуы тиіс. Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті орындалды және мақсат-қа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.

Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Сабақ жоспары бойынша мұғалім:

тақырып бойынша оқулықты, оқу құралын және түрлі қосымша әдебиеттерді

сабақ тақырыбын және оның міндеттерін анықтайды

Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін, есепке алып

алдын – жаттығуларды дайындап, тәжірибелерді істейді

басты компененттерінің бірі – оқу материалын таңдап алу .

Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына, оқушылардың мүмкіншіліктеріне сәйкес таңдап алу

сол сияқты көрнекі және техникалық құралдарды күні бұрын дайындау

Мұғалім пән аралық байланыс принципин іске асырудың

Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ негізінен жоғарыда көрсетілген кезеңдерді қамтуы тиіс.

Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті орындалды және мақсат-қа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.

Төмендегі қадамдар бойынша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын орындаймыз. «Меннен – сұрақ, сізден – жауап». Сынып-сабақ жүйесін зерттеп, әлемге таратқан. 2. «Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты». Бұл қандай оқыту жүйесі? 3. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына қанша уақыт болды? 4. Сабаққа қойылатын талапты белгілеген қазақ педагогі? 5. Сабақта уақыттың көбі қай кезеңге жұмсалады? 6. Аралас сабақтың неше нұсқасы бар? 7. Мұғалімнің сабаққа дайындығы қанша кезеңнен тұрады? 8. Сабақ жоспары негізделген құжат? 1-қадам: теория бойынша «Білу»

Төмендегі қадамдар бойынша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын орындаймыз.

«Меннен – сұрақ, сізден – жауап».

  • Сынып-сабақ жүйесін зерттеп, әлемге таратқан.

2. «Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты». Бұл қандай оқыту жүйесі?

3. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына қанша уақыт болды?

4. Сабаққа қойылатын талапты белгілеген қазақ педагогі?

5. Сабақта уақыттың көбі қай кезеңге жұмсалады?

6. Аралас сабақтың неше нұсқасы бар?

7. Мұғалімнің сабаққа дайындығы қанша кезеңнен тұрады?

8. Сабақ жоспары негізделген құжат?

1-қадам: теория бойынша «Білу»

2-қадам: теорияны «Түсіну » Қандай сабақты жақсы деп атуға болады: ең тиімді, ең қызықты. Не себепті?

2-қадам: теорияны «Түсіну »

Қандай сабақты жақсы деп атуға болады: ең тиімді, ең қызықты. Не себепті?

Сынып-сабақ жүйесі Жақсы жақтары: Кемшілік тұстары:        3-қадам: теорияны «Талдау»

Сынып-сабақ жүйесі

Жақсы жақтары:

Кемшілік тұстары:

 

 

3-қадам: теорияны «Талдау»

4-қадам: теорияны «Жинақтау» Сабақтың құрылымын анықтаңыз? - ұйымдастыру кезеңі; - білімді тиянақтау; - жаңа білімді қалыптастыру; - алғашқы түсінікті негіздеу; - сабақты қорытындылау; - үй жұмысын беру.   2. - ұйымдастыру кезеңі; - үй жұмысын тексеру; - жаңа білімді қалыптастыру; - білімді тиянақтау және тапсырмаларды орындау; - игерілген білім, білік пен дағдыны негіздеу; - сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру.

4-қадам: теорияны «Жинақтау»

Сабақтың құрылымын анықтаңыз?

  • - ұйымдастыру кезеңі;

- білімді тиянақтау;

- жаңа білімді қалыптастыру;

- алғашқы түсінікті негіздеу;

- сабақты қорытындылау;

- үй жұмысын беру.

 

2. - ұйымдастыру кезеңі;

- үй жұмысын тексеру;

- жаңа білімді қалыптастыру;

- білімді тиянақтау және тапсырмаларды орындау;

- игерілген білім, білік пен дағдыны негіздеу;

- сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру.

Сабақ жоспарында жазылатындар:   Ағылшын тілінде сабақ жоспарында жазылатындар: Күні Айы Сыныбы Тақырыбы Мақсаты Сабақ типі, құрылысы Оқыту әдіс тәсілдері Көрнекі құралдар Өздік жұмыстар Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты жөні Қойылатын сұрақтар Үй тапсырмасы 1. 2. 3. ... 5-қадам. Практика жүзінде  «Қолдану»

Сабақ жоспарында жазылатындар:

 

Ағылшын тілінде сабақ жоспарында жазылатындар:

  • Күні
  • Айы
  • Сыныбы
  • Тақырыбы
  • Мақсаты
  • Сабақ типі, құрылысы
  • Оқыту әдіс тәсілдері
  • Көрнекі құралдар
  • Өздік жұмыстар
  • Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты жөні
  • Қойылатын сұрақтар
  • Үй тапсырмасы

1.

2.

3.

...

5-қадам. Практика жүзінде

«Қолдану»

6-қадам: практика жүзінде «Баға беру» Сіздің көзқарасыңыз бойынша, сабақты жоспарсыз ұйымдастырып, өткізуге боладыма?

6-қадам: практика жүзінде «Баға беру»

Сіздің көзқарасыңыз бойынша, сабақты жоспарсыз ұйымдастырып, өткізуге боладыма?

Кері байланыс  «Қол сигналы»         Түсіндім түсінгендеймін түсінбедім

Кері байланыс «Қол сигналы» Түсіндім түсінгендеймін түсінбедім

Socrative.com қосымшасында тест тапсырмаларын орындау.    Үй тапсырмасы   І деңгей - алған теориялық материалды толықтыру. § 3.7. 454-458 беттер.  «Педагогика» оқулығынан. Авторы Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова.   ІІ деңгей – жаттықтыру. Шетел тілінен КТЖ негізінде 2-сыныпқа арналған сабақ жоспарын жоспарлау.   ІІІ деңгей – шығармашылық. Жобамен жұмыс   Ақпараттық жоба . Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін талдап, олардың мектеп практикасында қандай сабақтың типін үлгі тұтатынын анықтаңыздар.   Зерттеушілік жоба. Өздеріңіздің жеке тәжірибелеріңізге талдау жүргізіп, сабақ типінің қайсысын көп қолданғандарыңызды анықтаңыздар.

Socrative.com қосымшасында тест тапсырмаларын орындау. Үй тапсырмасы І деңгей - алған теориялық материалды толықтыру. § 3.7. 454-458 беттер. «Педагогика» оқулығынан. Авторы Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова. ІІ деңгей – жаттықтыру. Шетел тілінен КТЖ негізінде 2-сыныпқа арналған сабақ жоспарын жоспарлау. ІІІ деңгей – шығармашылық. Жобамен жұмыс Ақпараттық жоба . Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін талдап, олардың мектеп практикасында қандай сабақтың типін үлгі тұтатынын анықтаңыздар. Зерттеушілік жоба. Өздеріңіздің жеке тәжірибелеріңізге талдау жүргізіп, сабақ типінің қайсысын көп қолданғандарыңызды анықтаңыздар.

Пайдаланылған әдебиеттер 1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы // Егеменді Қазақстан, 14.12. 2010 ж. 2 Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. – Алматы: Ғылым, 2007. – 280 б. 3 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 482 б. 4. Педагогика. Ш.Құрманалина.Фолиант баспасы Астана 2012 ж 5. Педагогика. С.Әбенбаев, Ж.Әбиев. Фолиант-2009.

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы // Егеменді Қазақстан, 14.12. 2010 ж.

2 Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі дидактика. – Алматы: Ғылым, 2007. – 280 б.

3 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 482 б.

4. Педагогика. Ш.Құрманалина.Фолиант баспасы Астана 2012 ж

5. Педагогика. С.Әбенбаев, Ж.Әбиев. Фолиант-2009.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Садирова Гулбахар Тохтасуновна

Дата: 01.11.2021

Номер свидетельства: 590161


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства