Просмотр содержимого документа
«Презентация "?аза? тілі саба?тарында ?олданылатын рефлексия т?рлері"»
Рефлексия түрлері
Успен ауылы, 2016 жыл
Мақсаты:
“ Рефлексия” (кері байланыс) түсініктемесін анықтауға көмектесу, рефлексия түрлерімен таныстыру және оларды қолдануға үйрету.
Рефлексия дегеніміз -
– кері қарау.
–өткен оқиғаларға, адамның өзінің іс – әрекетіне, өзін –өзін тануға талдау жасау.
–рефлексия ол өзінің ішкі жағдайына талдау жасау, өзін –өзі тану. /шет елдер сөздерінің сөздігі/
- іс – әрекеттің және оның нәтижесін талдау. /заманауи педагогикада/
Рефлексия
Жеке Топтық
Қойылған мақсатқа жету үшін әр бір топ мүшесінің жеке іс- әрекетінің құндылығы бағаланады
Өзін –өзі бағалауды қалыптастыру
(сен өзіңнің жұмысыңды қалай бағаладың, неге сол деңгейде бағаладың, неліктен сол деңгейді тандадың)
Рефлексия классификациялары:
Рефлексия
3.Оқу
материалының
мазмұнының
рефлексиясы
2. Іс – әрекет
рефлексиясы
1.Эмоция
жағдайының
және көңіл –күй
рефлексиясы
КҮНШУАҚ
Тақтада күннің бейнесі жапсырылған, балаларға сары және көк түсті күн шашақтары үлестіріледі.
Күн шашақтарын күнге жапсыру керек: сары түс – маған сабақ өте ұнады, көптеген қызықты ақпараттар алдым,
көк түс – сабақ қызықсыз, ешқандай танымдық ақпарат ала алмадым – дегенді білдіреді .
КҮНШУАҚ 2
Оқушылардың эмоциялық жағдайын анықтау үшін, сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолдануға болады. Оқушылар күндердің ішінен өзінің көңіл-күйіне лайықтысын
таңдайды.
АЛМА АҒАШЫ
Тақтада алма ағашының суреті салынған. Оқушыларға екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледі. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы, ал қызыл түс – тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.
АҒАШ
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын жапырақ тәріздес қағаздарға жазып,
ағаш сүретіне жапсырады. Немесе жапырақ түстеріне байланысты мағына беруге болады.
- түсіндім
- түсінген жоқпын
БАҒДАРШАМ
Сабақтың басында оқушылар бағдаршамның түстерін таңдайды. Сабақ соңында таңдаған түсіне байланысты өз пікірлерін ортаға салады. Қызыл – не ұнамады, қателер. Сары- қандай қиындықтар кездесті, не түсініксіз болды. Жасыл – не ұнады, не іске асырылды.
БАСПАЛДАҚ 1
Бұл әдіс бойынша оқушының өзін-өзі бағалауы қандай деңгейде, сабақта жұмыс жасауы қандай деңгейде болды т.с.с анықтауға болады. Ол үшін баспалдақтың суретін салып оқушыға «Өзіңді белгіле. Қандай деңгейде жұмыс жасадың?» , «Өзіңді қай баспалдақтан көрсетесің?» деп сұрауға болады.
БАСПАЛДАҚ 2
Оқушының көңіл-күйін бағалау үшін баспалдақтағы әрбір сатының мағынасы бар.
Бірінші саты – көңіл-күйім мүлдем жоқ. Екінші саты - көңіл-күйім нашар. Үшінші саты - көңіл-күйім жақсы. Төртінші саты – өз-өзіме сенімдімін. Бесінші саты - көңіл-күйім тамаша! Оқушы өзін қандай сатыда екенін қояды.
ЖҰЛДЫЗДАР
Жұлдыз бейнесіндегі суреттерге оқушылар сабақтағы өз жетістіктерін жазып стендке, тақтаға іледі.
ПІКІРЛЕР ҚОРЖЫНЫ
Сабақ соңында оқушылар қағаздарға есімін жазбай өз ойларын жазып қоржынға (қорапқа) салады. Мұғалім өзі бір қағазды алып, дауыстап оқып, оқушылармен талқылайды немесе мұғалім өзі де жеке оқып, қорытынды жасайды.
СМАЙЛИКТЕР
Оқушылардың эмоциялық жағдайын анықтау үшін, сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолдануға болады. Оқушылар смайликтердің ішінен өзінің көңіл-күйіне лайықтысын таңдайды.
БЕСТІК
Оқушыларға қағазға қолының суретін салу тапсырылады.
Әр саусақ – адамның өз пікірін білдіреді.
Басбармақ – мен үшін маңызды және қызық;
Сұқ саусақ – маған қиын болды (ұнамады);
Ортаңғы саусақ – маған жеткіліксіз болды;
Аты жоқ саусақ – менің көңіл-күйім;
Шынашақ – менің ұсынысым.
БӘРІ ОЙДАҒЫДАЙ
Оқушылар бір-біріне қалпақты жалғастыра береді, музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында қалпақ қалса, сол сабақтағы өз жұмысын талдайды не тақтадағы оқушыға баға қойып, оған талдау жасайды.
«МЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚТА»
Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.