Аксиология (грекше ?ξ?α – ??ндылы? ж?не λ?γος – ілім) – «??ндылы?» категориясын зерттейтін философия саласы.
Адам ?шін аса ма?ызды заттар, ??былыстар, ?асиеттер, жай-к?йлерді ??ндылы?тар деп аталынады.
Жеке адамны? барлы? ??ндылы?тары белгілі бір дейгейде иерархиялан?ан: жеке адам ?шін біріні? ма?ызы жо?арыра? болса, екіншісіні? ма?ызы азыра? болады.
Иерархияны? басында адам ?мірін ай?ындайтын бір немесе бірнеше базалы? ??ндылы?тар ?атар болуы м?мкін.
??ндылы?тар иерархиясы жеке адам санасында м??гілік т?ра?тап ?алмайды: ?мір а?ыны барысында бір ??ндылы?тар бірінші кезекке шы?са, енді бірі екінші кезекке жылжиды, я?ни ??ндылы?тарды? орны ма?ыздылы?ына байланысты ауысып т?рады.
?мірдегі т?рлі жа?даяттар, м?селен, емі жо? ауру, жа?ын адамны? ?айтыс болуы, ?йінен айырылып ?алу ж?не т.б. жа?дайлар жеке т?л?аны? ??дылы?тар ж?йесі мен мінез-??лы? нормасын ?айта ?арауына негіз болуы м?мкін.
Т?л?аны? ?мірдегі ба?ыт-ба?дарына ?о?амда ?олданылатын ??ндылы?тар ж?йесі де айтарлы?тай ы?пал етеді.
Жеке т?л?а?а бас?а бір беделді т?л?а да ?зіні? ??ндылы?ты? к?з?арастарымен зор ы?пал ете алады.
?орыта айт?анда, адами ??ндылы?тар ж?йесі адам ?міріні? со?ына дейін т?ра?талып ?алмайды.
Сонды?тан да дамып келе жат?ан адам?а ?ай ??ндылы?тар ?ажет деген за?ды с?ра? туындайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«М??гілік жалпыадамзатты? ??ндылы?тар»
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұныныңнегізі ретінде
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Мазмұны:
Тұлға құндылықтарының иерархиясы;
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар;
Жалпыадамзаттық құндылықтар және адами тұлғаның болмысы.
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
1.Тұлға құндылықтарының иерархиясы
Аксиология (грекше ἀξία – құндылық және λόγος – ілім) – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.
Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады.
Жаңа философиялық энциклопедия (http://iph.ras.ru/elib)
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Жеке адамның барлық құндылықтары белгілі бір дейгейде иерархияланған: жеке адам үшін бірінің маңызы жоғарырақ болса, екіншісінің маңызы азырақ болады.
Иерархияның басында адам өмірін айқындайтын бір немесе бірнеше базалық құндылықтар қатар болуы мүмкін.
Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды: өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады.
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Өмірдегі түрлі жағдаяттар, мәселен, емі жоқ ауру, жақын адамның қайтыс болуы, үйінен айырылып қалу және т.б. жағдайлар жеке тұлғаның құдылықтар жүйесі мен мінез-құлық нормасын қайта қарауына негіз болуы мүмкін.
Тұлғаның өмірдегі бағыт-бағдарына қоғамда қолданылатын құндылықтар жүйесі де айтарлықтай ықпал етеді.
Жеке тұлғаға басқа бір беделді тұлға да өзінің құндылықтық көзқарастарымен зор ықпал ете алады.
Қорыта айтқанда, адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақталып қалмайды.
Сондықтан да дамып келе жатқан адамға қай құндылықтар қажет деген заңды сұрақ туындайды.
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет Сократ көтерді. Сократ бұл мәселені өз философиясының негізі етіп алды және оны игілік тұрғысында қарастырды.
Педагогикада жалпыадамзаттық құндылықтарды білім мазмұнына мақсатты түрді енгізу мәселесі ХХ ғасырдың 80-90 жылдары жолға қойылды (И.Я. Лернер, В. Оконь, Л.Я. Зорина және т.б.).
Құндылықтарға бағытталған материалдарды білім берудің базалық мазмұнына енгізу мәселесі рухани-адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртуға байланысты өзекті мәселеге айналып отыр.
Сондықтан да қазіргі білім мазмұнында бар материалды пайдалану, онда назардан тыс қалған құндылықтық әлеуетті жарыққа шығару міндеттері туындап отыр.
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Тұлға бойына міндетті түрде қажет және оның құндылықтар жүйесінің өзегі болатын, ешқашан өзгермейтін негізгі құндылықтар жүйесінің жиынтығы туралы сөз қозғау керек.
Сондықтан да рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнының негізіне айналатын білім материалдарын іріктеу кезінде гуманистік бағытымен, жалпыадамзаттық мәнімен, маңыздылық деңгейімен, жан-жақтылығымен ерекшеленетін құндылықтарды басшылыққа алу керек.
(Р. Маранц, А. Джумсаи, Ш.А. Амонашвили, Д.М. Маллаев, К.Т. Султанов, С.А. Назарбаева).
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.
Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
10/17/16
2. Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар
Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді (1-сурет).
Оқыту үдерісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.
Мәңгілік құндылықтар – білім негізі және оның өзегі болып табылады.
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Қиянат жасамау
Тыныштық
Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет
Ақиқат
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Табиғаттың бес элементі (бес тылсымы) –
топырақ, су, от, ауа, эфир.
Тығыздығының төмендеуіне байланысты олардың қасиеттері де азая бастайды:
Қазіргі кезде барлық бес элемент түгел ластанған, соның нәтижесінде адамдар қауіпсіздік сезімінен айырылып қалған. Қазір балаларға осы бес элементті пайдалана білуге үйретудің маңызы зор. Ішкі тазарудың соңы сыртқы тазаруға алып келеді.
Ең алдымен адамның ақыл-ойын қайта жаңарту керек, сонда ғана бүкіл әлем жаңарады, өйткені ақыл-ой осы әлемнің негізі болып табылады.
Бұл – әлемге қажет білім.
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Рухани деңгей
интуиция, ар-ұждан, шабыт
10/17/16
Ажырату деңгейі
(сана, парасат)
Жеке тұлғалық
сана
Менталді деңгей
(ақыл-ой)
Түпкі сана
Эмоционалды деңгей
Бес сезім мүшесі
Тәндік деңгей
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар және
адам тұлғасының құрылымы
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:
Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз),
Тыныштық – эмоциялық деңгей (сезім),
Дұрыс әрекет – физикалық деңгей.
Мінез – адамның басты байлығы.
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
16
10/17/16
Интуиция жеке «Меннің» аясынан тыс Жоғарғы санадан туындайды (интуиция ретінде көрінетін Ақиқат)
Жоғарғы «Мен» бүкіл сананы қамтып өтеді.
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Сезім тәнді басқарады.
Ақыл сезімді басқарады.
Таза парасат (ажырату күші) ақылдан жоғары тұрады.
Егер парасатты (интеллект) дұрыс қолдана білсек, мазасыздықтан, үрейден, агрессиядан арылуға болады. Парасаттың дауысын есту үшін өз ойымызды тыныштық күйіне түсіруіміз керек.
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Ізгілік – білім үшін;
Білім – өмір үшін;
Өмір – сүйіспеншілік үшін;
Өмір – сүйіспеншілік үшін;
Сүйіспеншілік – адам үшін;
Адам – руханилық үшін;
Руханилық – тыныштық үшін;
Тыныштық – бейбіт өмір үшін.
Сондықтан да ізгіліктен тыныштыққа бет алу керек.
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар –
бір адамдықтың қыры.
Дұрыс әрекет – әрекеттегі Сүйіспеншілік.
Жан тыныштығы бар жерде, ішкі тартыстар болмаған жерде Сүйіспеншілік гүлденеді.
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Дұрыс әрекет – іс-әрекеттегі Сүйіспеншілік.
Тыныштық – сезімдегі Сүйіспеншілік.
Ақиқат – ойдағы, сөздегі Сүйіспеншілік.
Қиянат жасамау – түсінісудегі Сүйіспеншілік.
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар
Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді.
Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:
Қиянат жасамау – рухани аспект.
Ақиқат – интеллектуалды аспект,
Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект,
Тыныштық – эмоциялық аспект,
Дұрыс әрекет – физикалық аспект,
Мінез – адамның басты байлығы.
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
“Дүние-керуен” ӘНІ
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
АҚИҚАТ – ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МАҚСАТЫ
Жоспар:
Барлық болмыстың бастапқы болмысы туралы білім;
Шындықтың мәні туралы;
Абсолюттік және салыстырмалы Ақиқат;
Нағыз шындық – ол Ар-ұждан.
10/17/16
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
10/17/16
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға итермелейді:
Мен кіммін?
Менің өмірдегі мақсатым не?
Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?
16
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
16
Өлсе, өлер табиғат адам өлмес
Абай
Ақыл мен жан - мен өзім, тән – менікі. «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.
Өлсе, өлер табиғат адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын,
Өлді де деп ат қойыпты өңшең білмес .
16
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Бұл – адам құтыла алмайтын адамгершілік аксиома. Тірі ағзаның дәні, оның өлмес Рухы басқа қоректі талап етеді, және де оны таба алмастан ашығып қажиды…
К.Д. Ушинский
16
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Жан менен дене, һәм көңілШәкәрім
Дене менен жан – анау, көңіл – мынау
Басында жан мен дене екі басқа,
Қайсысына билеттің байғұсым-ау?
Ең түбінде өзің – кім, сенікі – кім,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Досың қайсы, өзіңе қайсысы жау?
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оны да күту керек бұзылмасқа...
Анық қара: жан – өзің, дене – киім,
Мақтан, бояу – денеге берген сыйың.
Кейде жақсы іздейміз, кейде жаман,
Жанға мұндай алдауың азық емес,
Көңіл неге қызықса – соған таман.
Оған пайда не қылдың жалғыз тиын.
Дене жеңсе, түпсізге қызығамыз,
Жан билесе, жаманнан қылмақ аман.
Сауық-қызық көрем деп, күнде жиын,
Жан талпынар талайды көрмек үшін,
Жан құтқарып алуың болар қиын.
Әр сырын дүниенің білмек үшін.
Түптіге ұмтыл, тұрақты істерді қыл,
Дене байғұс салмақ боп баса берер,
Тәуекел деп өзіңе сүйтіп сыйын.
Жаралған ғой түбінде өлмек үшін.
10/17/16
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Дене – бір қараңғы үй. Жан – сол үйдегі жарық қылып тұрған бір сәуле. Әркімнің жаны бір қалыпта, бір түрде болмайды. Сондай болғаны үшін айтылады: «Арық пен семіздің басы бір ме, жақсы мен жаманның жаны бір ме?» – дейді... Алайда жан бар, дене бар. Екеуі бірінен-бірі жасырын емес, бірақ жан деген нәрсені ешкім көрген емес. Барлық белгісі – адамда бір нәрсені ойына салып ойлау бар, сезу бар. Ойланып сезген нәрсесін орындап, орнына келтіру бар. Жылынады, тынығады, бір нәрсені жақсы көреді, бір нәрсені жек көреді. Міне, осындайлар – жанның барлық белгісі...
Мәшһүр Жүсіп.
16
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар:
Біріншісі – біздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз.
Екіншісі – басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс. Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті, көңіл қойып, сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да, өздерін де сендіруге тырысады .
Бұлардың екеуі де – нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани нұрдың төңірегінде құрылған болмыс.
10/17/16
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс.
Біз қазір және әрқашанда сәулелі нұр болып табыламыз. Өзін-өзі жүзеге асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу.
Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі жасайтын соқырлыққа жатады.
10/17/16
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты – баланың шынайы болмысын іздеуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені – Ақиқат адам шынайы болмысы.
Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады.
16
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Ақиқат –өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып, материалдық әлем ретінде көрініс береді.
Эйнштейн бұл үдерісті өзінің ғажап E=mc2 өрнегінде көрсетті, онда материя – тығыздалған энергия екенін анықтады.
Ақиқат – көпқырлылықтың біртұтастығын түсіну, өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау.
10/17/16
16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана абсолюттік ақиқат бар.
Сен оны тапқан кезде ғана, сенің әрекеттерің онымен үйлесім табады.
16
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Адам үшін шындықты айту өте маңызды. Жалған сөйлеу адамға күйретуші, кері әсер етеді. (Профессор П.П. Гаряевтің толқынды генетика бойынша еңбегінде үдерістің молекулалық-жасушалық деңгейде қалай өтетіні жан-жақты сипатталған). Әрқашан шындықты айту керек. Шындықты өте жұмсақ жеткізу керек. Егер шындық адамның жүрегін жаралайтын болса, онда үндемеген дұрыс. Телегония
Адам баласы тумысынан дұрыс пен бұрыстың айырмашылығын ажырата білу интеллектісіне ие. Баланың бойында келесі деңгейді, яғни сенімді ақпаратты алу – интуицияны дамыту үшін алғышарттар жасай отырып, ажырата білу қабілетін дамыту маңызды.
16
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Салыстырмалы ақиқат
Абсолюттік ақиқат
Жеке
Әмбебап
Өзгермелі
Өзгермейтін
Сезім деңгейінде табылады (логика)
Сезімнен жоғары (уақыт пен кеңістіктен тыс)
Алуан түрлі
Біртұтастықты білдіреді
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Тапсырма
Көзі байланған бес адам затты сипап табады.
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол – жалғыз.
Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Материалдық тұрғыда, Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу деп саналады.
Бірақ нағыз шындық – ол Ар-ұждан.
Мысал: Бір үйге ұры түседі. Полиция екінші күні ол адамды ұстап алады, әрине ол мойындамайды. Алайда оның Ар-ұжданы үнемі оның есіне салып тұрады.
Сөзде жалғандық көп, бірақ Ар-ұждан әрқашан шын.
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады.
Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды.
Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ мезгілі келген кезде сіз ауыр сынаққа кезігесіз.
Дұрыс әрекет – Ақиқат жолын ұстау болып табылады. (Бұғы туралы аңыз).
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Экхарт Толле, неміс жазушысы, философ.
Жоғалған сақина, онымен бәрібір бір кезде айырылысуға тура келеді.
Кейде сен өзіңнің бір нәрсеге байланып қалғаныңды оны жоғалтқанға дейін білмейсің. Түсінген сәтте бұл теңдестіру толық болудан қалады. «Мен байланудың бар екенін түсіне білетін, саналы түрде түсінемін». Бұл сана трансформациясының басталуы.
Тәнмен теңдестіруден аулақ болу оны елемеу емес. Егер сен өзіңді тәнмін деп санасаң, онда ол сұлулығы, күші, мүмкіндіктерінен айырылып қалғанда, өзіңді-өзің бағалауың немесе тұлғаңа ешбір ықпал ете алмайды. Шын мәнінде, тән әлсірей бастағанда, сана сәулесіне оның солған формасы арқылы ену оңай.
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Гүлдердің әсемдігіне сырттай қарау, мүмкін адамдарды аз да болса өзіндік сырлы мәнісінің негізі болатын сұлулықты көріп, түсіне алуға, өзінің шынайы табиғатын көре білуге оятар. (114 млн. жыл бұрын).
Гүлдер, кристаллдар, асыл тастар және құстар бағзы заманнан бері адам рухы үшін ерекше маңызға ие болды.
Өмірдің басқа формаларының жағдайына қарағанда, өзіндегі жердікіне тән емес табиғатының арқасында олардың формасы өзіндегі бар рухты көлегейлеуі азайып келеді.
Бұған тек өмірдің жаңа туған формалары – балалар, күшіктер, мысықтар, қозылар және тағы басқалары ғана қосылмайды.
Олардағы бұл пәниге тән келмейтін, пәктік, тәттілік және сұлулық әлі де болса жарқырап жарып шығуда. Тіпті олар біршама жүрегі қатты адамдарды да масаттандырады.
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Егер, мүмкін болғанша жиірек өз тыныс алуыңды ұғатын болсаң, әркез ол туралы есіңе алсаң, осылайша жыл бойы істесең, сонда бұл осы курстан өткеннен гөрі неғұрлым қайта құрушы (түрлендіруші) болар еді. Әрі ақысыз.
Тыныс алудың ешбір формасы болмайтындықтан, ол ежелгі уақыттан бері бірыңғай формасыз Өмір рухына теңестіріліп келеді.
Тыныс алуды ұғуың сені осы сәтке итермелейді, ал бұл барлық ішкі трансформация үшін кілт. Тыныс алуды ұғыну арқылы сен абсолютті қатысасың. Сен сондай-ақ бір мезетте ойланып және тыныс алуды ұға алмайтыныңды ескересің. Тыныс алуды ұғыну ақылға тоқтау салады.
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Фильмнен үзінді «Мирный воин»
10/17/16
"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Желсіз түнде жарық айАбай
Тихой ночью при луне Луч в воде дрожит слегка, За аулом в тишине По камням гремит река. Листья дремлющих лесов Меж собою говорят. Темной зелени покров Землю всю одел до пят .
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың, жаны — терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі. Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.