Коучинг - сессия | Талдықорған қаласы, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы N18 орта мектеп – лицейі, информатика пән мұғалімі Қалиева Әсия Әкімжанқызы | Өткізу мерзімі: 30.03.2016ж |
Коучинг тақырыбы | Критериалды бағалау – білімді нақты бағалау. |
Мақсаты | Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау ұғымымен танысады; оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды айырмашылығын түсінеді; критерий арқылы бағалауды үйренеді. |
Күтілетін нәтиже | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау туралы мұғалімдер біледі; коучинг сессиясына қатысқан мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері арттады; өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады; критериалды бағалаудың стратегияларын біледі; оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды; |
Коучинг-сессияның барысы |
Коучинг-сессияны жүргізу кезеңі | Уақыты 45 мин | Коуч пен қатысушы мұғалімдердің іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу |
5 мин.
1 мин. | Психологиялық ахуал тұғызу: «Өз жұбыңды тап» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады. Түрлі кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді. Топ ережесімен таныстыру. |
Ой шақыру әдісі | 5 мин. | Коуч әр топқа өз кәмпитін бағалауға шақырады: дәмі, қапталған қағазы, түсі, формасы, бағасы, иісі, құрамы бойынша, т.б. Эксперимент с рисом Эмото Масару-you tube «Мектептегі бағалау» коучингке қатысушылар өз беттерімен тақырыпты ашады. Өз ойларын ортаға салады. |
Теориялық ақпарат беру | 7 мин. | Коуч «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» туралы ақпарат береді. |
Кері байланыс | 5 мин. | - Бағалау дегеніміз не? - Біз не үшін бағалаймыз? - Қандай бағалау формасын қолданасыздар? - Сабақта оқушыға қойған бағаңызды қалай түсіндіресіздер? - Сіз үшін оқушыны бағалау кезінде ең бастысы не? |
Топтық жұмыс Шығармашылық тапсырма | 15 мин. | Екі топқа (күріш, кеспе, гречка) беріледі осы материалдардан киіз үйдің суретін салу, безеңдіру. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды, келесі топ жұмыстарын бағалайды. - Сіз бағалаған кезде нені бағаладыңыз? - Бағалаған кезде неге назар аудардыңыз? - Сіз неге мұңдай баға қойдыңыз? (мұғалімдердің қойған баға бойынша жауаптары). - Бір-бірініздің жұмыстарынды бағалаған қандай қиыншылық тұғызады? - Ал енді осы жұмыстырыңызды мына бағалау критериялары арқылы бағалаңыздар Критериалды бағалау: (10 ұпай – «5») Бетті толық пайдалануы | Киіз үйдің орналасуы | Киіз үйдің безендірілуі | Түстердің үйлесуі | Толық бет - 3 | Жарты бет - 2 | Беттің 1/3 бөлігі | Табиғат аясында | Тек киіз үй сұлбасы | Толық | 4-5 бөлігі | 4-5 түс | 2-3 түс | 1 түс | 3 ұпай | 2 ұпай | 1 ұпай | 2 ұпай | 1 ұпай | 2 ұпай | 1 ұпай | 3 ұпай | 2 ұпай | 1 ұпай | |
«Оқушыны қолдау, қолдамау» жағдайларын ұйымдастыру | 10 мин | Коуч коучингке қатысушы мұғалімдер арасынан екі мұғалімді кабинеттен шығуды сұрайды. Коуч қатысушы мұғалімдерге бірінші мұғалімді барынша қолдауды, ал екінші мұғалімді қолдамауды сұрайды. Мұғалімдер кабинетке қайта кіреді. Коуч екі мұғалімге гүлдің суретін салуға тапсырма береді. Мұғалімдер бірінші мұғалім салған суретін мақтап, қолдап, мадақтайды, ал екінші мұғалімнің суретін жаман, ұқсамайды, дұрыс салмадыңыз деп теріс баға береді. Мұғалімдерге сұрақ: Оқушыны қолдау, мақтау – қандай нәтиже береді? Мадақтау, қолдау, мақтау – бағалаудың қай түріне жатады? Оқыту үшін бағалау не үшін керек? Коуч: оқыту үшін бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырады, кері байланыс туғызады. Оқушылар өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалай алады. |
Рефлексия | 5 мин | Мұғалімдерге өзін-өзі бағалау парақшалары үлестіріледі, мұғалімдер бүгінгі коучингтен алған білімдерін критерий арқылы бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Критерийлер | Өзін – өзі бағалаудың маңызын түсіндім. | Бірін –бірі бағалау тиімділігін білемін. | Өз сабағымда критериалды бағалауды пайдаланамын. | Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрендім (топтық жұмыс, психологиялық ахуал, т.б.) | 1 балл | 2 балл | 3 балл | 4балл | 5 балл | 1 балл | 2 балл | 3 балл | 4 балл | 5 балл | 1 балл | 2 балл | 3 балл | 4 балл | 5 балл | 1 балл | 2 балл | 3 балл | 4 балл | 5 балл | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
|