kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақтың бауырмалдық педагогикасындағы Қ.Абайдың орны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отбасылық педагогикны дамытудағы Абайдың ролі анықталған сақала

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақтың бауырмалдық педагогикасындағы Қ.Абайдың орны»


Қазақтың бауырмалдық педагогикасындағы Қ.Абайдың орны

Қазақтың отбасылық педагогикасы бауырмалдылық педагогика деп аталып жүр.
Отбасы педагогикасы әлемнің барлық жұртында бар: (Семейная педагогика, family pedagogy, Familien-Pädagogik, La pédagogie de la famille).Советтік дәуірде отбасылық тәрбие деген ұғымға сиғызып,оны зерделеп келдік.Кейінгі шақта зерттеушілер (С.Айнұр, Х.Орик,Қ.Гүлнұр) оны әулет педагогикасы десіп жүр.Ал,отбасы қазақ педагогикасының «Ана мектебінен» бастау алып,әулетте бала тәрбиелеудің тәжірибелерін жинақтау негізінде дамып,оған қазақтың ғұлама ойшылдар-ының,абыз әулиелерінің ұстаз білгірлердің ой санасы,дарынды да,данқты ата-аналар мен әже-аталардың ұлағатты өсиеттері қосылып телегей теңіз білім қоры жинақталды.Оны педагогикалық-психологиялық заманауи сүзгіден өткізіп,жіктеп жүйелеп,екшелеп електеп зерделеген жастардың әулеттік педагогика деп атағанында ешқандай әбестік жоқ.Қайта орынды пікір.
Тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.Қазақ отбасында әлмисақтан бері бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады.Соның бірі,қазақтар ұрпақ тәрбиесін ұрық тазалығынан бастаған.Бұл тұрғыда Дана Аталарысыз бен Аяулы әжелеріміздің,асыл аналарымыз бен ардақты апаларымыздың,аға-жеңгелеріміздің,әпеке-жезделеріміздің жинақтаған тәжірибесі өте мол.Қазақтың Арғы ататегі жұмыр Жерге келіп,ғұмыр кешкен сол бір көне дәуірден бері ұрпаққа өнер білім үйрету,өсиет өнеге көрсету,өмірге дайындап баулу іс-әрекеті осы отбасы аумағында жүзеге асқан. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамда тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет.
Қазақтың отбасылық тәрбиесінің айқын ізі,амалы,жолы Ұлы Дала төсінде,хатқа жазылып, аңыз әңгіме,өлең жырға өзек болып,ән-күй болып төгіліп тұр,сайрап жатыр,тарих–шежіре болып шертіліп келеді.Ежелгі түріктер -Көкке,Күнге және Жер-суға табынумен бірге үйдегі отбасы мен бала шағағаны жаман рухтардан қорғайтын әйел тәңірісі-Ұмай анаға да табынған. «Төныкөк» жырында: «Тәңірі Ұмай, қасиетті.Жер Су.Бізді қорғайды,ойлану керек»-деген жолдар бар.Үйдегі бала-шағаны,жалпы отбасын жаман рухтардан сақтап,үйге құт-береке келтіріп отыратын Анаға тағзым ету оның үлгі-өнегесімен ұрпақты өмірге дайындау дәстүрі «Көк түріктер» дәуірінде ғана емес,тіпті одан мыңдаған жылдар бұрын да болғанын дәлелдейтін аңыз-әфсаналар көп.Әулет мектебінің бас ұстазы Ана болған.Сондықтан қазақ мектебінің басы Ана мектебі еді.Әрине Дана Аталар мен ақылғой ұстаздар,абыздар.ақсақалдар бұл мектептердің ұйымдастырушысы, басқар-ушысы болғаны анық. Нақтылы мысал келтірелік.
Қорқыт ата тәрбиенің мәнді болуы отбасынан басталатынын, ал отбасының құты әйел адам екенін: «... тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.Самай шашы ағарған баба көрікті.Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті. Өнегелі бала көрікті.»-деп айта келіп, отбасының мәдениетін ұстанатын әйелдерді төрт түрге бөледі: 1. Әйелдің бірі үйдің тіреуі “Ол алыс қырдан, жапан түзден” үйге бір жолаушы келсе, ері болмаса да, ішкізіп жегізіп, сыйлы жандарын үйден шығарып салар. 2.Әйелдің бірі кепкен ағаш секілді. “Таңертең жатқан жерінен тұрып, беті қолын жумастан тоғыз тоқашты бірден ауызға салып, толтыра тыққыштап, тойғанынша асап жейді”. Бір көнек айранды ішіп, жалап-жұқтап, екі бүйірін таянып алып, әлгі әйел былай дейді: “Қараң қалғыр осы үйдің қожасына келгеннен бері қарным бір тоймады, аяғымнан жыртық шәркей түспеді, жүзіме рең кірмеді. Ерім өлсе, басқа біреуге тисем қандай жақсы болар еді” 3.Әйелдің бірі үрген қарын секілді. Ол “жұлқылап оятқанша орнынан тұрмайды, беті қолын жумайды”. Үйінің ол жағынан бұл жағына бір, бұл жағынан ол жағына бір шығып бұрқыратып жатады. Өсек айтып есік тесіктен сығалай тыңдап, түске дейін ауыл қыдырады. Түстен кейін үйіне оралады. Келсе, үйге ит кіргенін, тайынша – бұзау жүргенін көреді. Тауық пен сиыр қораның да ұйқы тұйқысы шыққан. Сонда да көршілеріне келіп былайша айқайлайды:

— “Ау, Зылиха, Зүбайда, Ұрубейде, Чанқыз, Чанпаша, Айна, Мелек, Құтты Мелек, қайдасыңдар? Мен-ақ өлейін, көзімді құртайын да кетейін. Төсек орнымның да быт-шыты шығып жатыр…Көрші хақы, Тәңір хақына менің үйімді қарай салсаңдар нелерің кетер еді?! – деп көпіреді.
4.Қанша айтсаң да бәз баяғысындай мелшиген қырсық әйел. “Алыс қырдан, жапан түзден” бір сыйлы қонақ келсе, қожасы үйде болса, былай дейді:Бұл қараң қалғыр үйде ұн жоқ, елек жоқ, түйе диірменнен келмеді. Не әкелсе де, берерім жоқ, — деп, теріс айналып қожасына қос саусағын көрсе-теді”, деп кейбір әйелдердің мәдениетсіздігін қатты сынайды. “Тәкаппарлықты Тәңірі сүймейді”, “Көңілі пасық елде дәулет болмас”т.б. мақалдары арқылы Қорқыт ата жеке тұлғаның мәдениеттілігі оның мінезінен көрінетіндігін дәлелдейді
Жүсіп Баласағұн от басы, бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оның ішінде қыз баланың сырт көзден таса күтімін қадай айтқан. Бұл дәстүрлі қазақи тәрбиеде: «Қыз бала өзіне-өзі үкідей кызғануы керек. Үкі түскен түгін де қызғанып көміп тастайды», - деген ұғым-түсінікпен үндеседі.Жүсіп Баласағұн әйел баласын төрт түрге бөледі. Олар: сұлу әйел, атақты әйел, бай әйел, адал жар. Сұлуды алған ер-күйеу емес, күзетшіге айналмақ. - «Сұлу алған жолдасынан айрылады» деген мақалмен сәйкес келеді. Атақты әйелді алған атағына телінеді. Бай әйел күйеуін де меншігім деп қарайды. Ал, адал, ақылды жарды алған ер қолына байлықты да, бақытты да қондырады. Оның «Өміртану» оқулығы атанған дастаны оқырманына құт - берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар-ата-ананың, тәрбиелеуші-ұстаздардың абзал борышы, өмірдің бұлтартпас заңдылығы.Ұрпақ алдындағы борышын абыроймен атқару саналылығы. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: "Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалын қайратпен кеше білетін, адалдық жолда кұрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қылу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек.»Ұрпақ тәрбиелеу: ел алдындағы,Аллаһ алдындағы өлшеусіз қарыз, мойындалған парыз.Атам қазақ ұлым өсіп ер жетсе,есігім жабылмайды, әулетім жалғасады.Қызым бой жетсе , өрісім кеңейеді, достығым, тірегім нығаяды» дейді. Ал,А.Байтұрсынов:«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала да шықпайды». «Өсетін ел ұрпағын ойлайды.», «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,жақсы –жаман болса да,бала-солардан»,«Ата–ана ақылы сайрап жатқан жолмен тең.»Ал,ұлы педагогтар былай дейді. «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар»(.К.Ушинский)«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.» «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» ( А.С. Макаренко)Ал,Абай атамыз,осының бәрін тереңнен толғап,жіліктеп береді.Ең әуелі Абай атамыз толық адам тәрбиелеу үшін белгілі шарт орындалуын талап еткен,олар: жақсы тән саулығы, жақсы туыс, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз.(Кәзіргі жағдайда мұның бірі де орындалмаса да,күшпен тәрбиелеп жатырмыз ғой!)
Абай жастарды еңбекке баулуда күнделікті отбасы тәрбиесіне, ата-ананың жауапкершілігіне ерекше мән берді. Баланың болашағына жауапкершілік алдымен әкеге жүктелетінін ескертіп, әкенің ақылы мен ықпалы болмай адал еңбекке, мағыналы өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес екенін атап көрсетті. Сондықтан, баланы ұлағатты азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеу үшін, ата-аналарының өздерінің сол дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі болуын талап етті. «Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табылмаса ой саларлық. Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?» - деп, ойын-сауықты қызықтап, өмірді белгілі бір мақсатсыз, бойкүйездікке салынып босқа өткізудің соңы өкінішке алып келетінін, қалайда ата-ананың ақылына көңіл бөліп, басшылыққа алуы керектігін еске салады. Ойшыл ақын әкенің ізгі қасиеттері - оның адамгершілігі, еңбексүйгіштігі, отбасы, жарына адал болуы деп есептеді. Әкенің отбасына, жарына деген сүйіспеншілік сезімі үй-ішін нұрландырып тұрса, Ері ақылды, қатыны мінезді боп, тату болса, үстіндегі үй ұжмаққа айналып, бала жақсы мінезге, асыл қасиетке тәрбиелене алатынын атап өтті. Керісінше, ақын өз отбасынан суынып, ел көзіп, қыдырымпаздыққа салынған, өз үйінің шырқын бұзған, бала тәрбиесіне мән бермейтін әкелерді сынға алады. Дүйім қазақ жұртына танымал «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңінде әкесі мен шешесі баланы андыр Ол да өзіңдей ит болсын, азғыр, азғыр, - деген жолдар бар. Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы сынға алды.Әке мен шеше қандай болса, ертең бала да сол соқпақпен жүретінін айтады, немесе:Әкесі ұрысса балаға, ол да- достық,Баласы ұрысса әкеге жараса ма? - дейді. Тәрбие - үздіксіз процесс. Ол баланың жас ерекшелігіне қарай тиянақты, тұрақты жүргізілу керек. Осы ойын Абай «Жақсы әке-баланың өмірлік ақылы мен азығы, жаман әке- қайғысы» - деген педагогикалық көзқарасымен қолдайды. Ата-ананың тәрбиесі айғаймен, ұрып-соғумен емес, баланың жеке психологиясын, қабілетін, ерекшелігін ескере отырып, үздіксіз әрі жүйелі жүргізіліп, ақылмен ғана берілетін әрекет екенін баса айтады. Нәтижелі тәрбиеден тәрбиелі бала өседі.Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ұл, - деген жолдарда үлкен педагогикалық ұғым бар. Ұлы Абай бала тәрбиесіне бірден бір жауапты – ата-ана екендігін айтып, ағартушылық насихат қалдырған. Абай қарасөздерінің пәлсапалық ойы – тереңде жатыр, ол – өркениет дәуіріндегі жеке тұлғаның моральдық тұрғыдағы иманды, бәсекеге қабілетті, дарынды, ізденгіш, білімді Адамы.

Абай бала келешегіне қамқоршы ұстазы - әке деп білумен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше бағалады. Өз анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің құшағында болып, қос мейірім бұлағынан сусындап өсуі оның ана қасиетін биік тұғырдан тануына игі әсер етті. Аналық мейірім арқылы берілетін нәзік те пәк адамгершілік асыл қасиетті ерекше қастерледі. Ананы өз баласының алғашқы, ең аяулы тәрбиешісі деп білді. Қыз баланың тәрбиесіндегі ана тәлімінің ықпалына Абай педагогикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, өрелі тұжырымдар айтты. Ол қыз балаларды жұбайлық өмірге балғын шақтан әзірлеу керектігіне назар аударады. Қыз күнінде ұқыпты, жинақы болып жүріп, тұрмыс құрған соң берекесі кетіп, салақ әйел атануы, әсіресе қаракетсіз өскен бай қыздарының жастайынан еңбекке етене баулынбағанынан деп білді. Сондықтан аналарға қыз бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрді басшылыққа алуды ұсынды. Ұлт тәрбиесінде абзал аналар ес біле бастаған қыз балаларына іс тіктіріп, үй шаруасына үйреткен. Осындай аналарды Абай қатты құрметтеп, қалыңдық іздеген жігіттерге тәрбиелі ананың қызына көз салуды ескертті. «Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар Ата-ананың қызынан ғапыл қалма», - деп, жар таңдағанда тәрбиелі, жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағалай біл, өмірлік жолдас ет деген аса құнды пікір айтты. Бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін жинақтаған қыз балаларды болашақ көтерілер шаңырақтың берік қазығы деп есептеді. Болашақ отау құру мәселесінде қыз балалардың ақылды, білімді болуына ерекше мән берді. Ол өз қызы Күлбаданды қала мектебінде оқытумен қатар, қазақ қыздарының сауатты болуын қолдады. Ең болмағанда хат танып, оқу-жазуды игеруі керектігін ескертті, маңайындағы адамдардың қыз балаларының сауатын аштыртып, өлең-жыр көшіртіп, ән мен музыкаға баулыды. «Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!», - деп тұрмыс құрар жастарға қалындықты көркі мен сымбатына ғана қарап бағаламай, оның адамгершілік қасиетіне, ішкі жан дүниесіне, ақыл- парасатына, көргенділігі мен тәрбиелілігіне көңіл бөлу керектігін ерекше атап көрсетті. Абай болашақ отау құрушы жастарға жұбайлық өмірдің елеулі қиындықтары да болатынын, ол қиындықты жеңуге алдын ала әзірлеу керектігін ескертті. Некелескен жастардың бір-бірімен, отбасының басқа мүшелерімен, жора-жолдас, туған- туысқандарымен сыпайы қарым-қатынаста болуы, олардың елге қүрметті, саналы азамат дәреже-сіне жетуі өздерінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты екенін ашып көрсетті. Ақын некелік өмірдің табиғи тірегі мен құқықтық негізі - жастардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі деп білді. Абайдың түсінігінде тең құқылық - махаббат бостандығы. Сол бостандықтың жүзеге асуы – олардың некелесуі деп қарады. Сондықтан ол өзінің көптеген өлендерінде осы тұжырымын жария етті.
Қазақтың отбасылық тәрбиесінің түп қазығы-бауырмалдылық.Бауырмалдылық - кең мағыналы үғым. Мөселен, отбасындағы үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге ізеті, баланың ата-анаға, өке-шешенің бала-шағасына мейір-шапағаты, үл мен қыздың ер жеткен соң еліне қызмет етуі –бауырмалдылықтың түрлі көріністері мен қайнар көздері. Халқымыз өз үрпағына осы қастерлі қасиетті ес біліп, етек жаба бастаған кезден үйретіп, мұны тұрмыстық салтқа, адамгершілік дәстүрге айналдырып отырған. Халық "бір үйлі жансың, бір-біріңе меймансың", "бір-бірінді сыйласаң - жан семіреді" -деп, бауырмалдық қасиетті үрпағына мирас етіп, ерекше кадір түтып, қастерлеп келген. Сүйіспеншілік аталатын нәзік сөзімнен көптеген адами сапалар туындап,махаббат алақанында әлпештеніп, жайсаң мінездер қалыптасады.Перзенттік борыш,ата-аналық махаббат,туысқандық мейірім, достық мейірім, ұлтжандылық, отансүйгіштік , елжандылық,бауырмалдылық- осы асыл қасиеттің тарамдалып жетілуі,көгеріп көркеюі. Қайырымдылық-айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Абай дана педагогико-психологиялық көзқарастарымен жас буынға ақыл-ой, адамгершілік, еңбек-кәсіптік тәрбие берумен қоса, бас тәрбиешілер- ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі, отбасылық тәрбие, болашақ жанұялық өмірге тәрбиелеудің негіздерін ашып көрсетіп берді.Абай атамыз осы бауырмалдылықты түп тамырымен төңкеріп тұрып көрсетеді. Ұлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» дей келе, «Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді.Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» — деп, ғибрат тас-тайды. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың» дейді Абай. «Құдай жолы - жанашыр харекет, көпке пайдаңды тигізу», - деп ұқтырады. Асыл қағиданы Абай өлеңінде былайша өрнектейді: «... Мазлұмға (бейшора араб.) жаның ашып, ішің күйсін, Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.Көптің қамын әуелден Тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп Иең сүйсін». Халық қамын ойлаған Абай алдымен бірлікке шақырып, бауырмалдылықты дәріптейді.\:«Біріңді қазақ, бірің дос,Көрмесең, істің бәрі бос.» «...Кемді күн, қызық дәурен, тату өткіз Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз Бір жерде бірің жүрсең, басың қосып,Біріңнің бірің сөйле, сөзің тосып, — дейді. Кейбір құрбылардың достығын былай деп сынайды.Кей құрбы бүгін тату, ертең бату Тілегі, жақындығы, бәрі сату, — деп, жолдастықтың қадіріне жете алмай жүрген жастарды айтады да,Аямай жанын дос берер, Жолдастықты ақтаса,» — деп, адал достыққа шақырады Бала-шаға – ата-ананың мойнына жүктелген үлкен аманат. Балалардың ата-анасынан алуға тиіс бірнеше ақылар бар. Сол ақылардың ең үлкені, әрі ең маңыздысы – дұрыс, имани тәрбие. Перзентті ішкізіп-жегізу, киіндіру, бағып-қағу, ауырса дәрі-дәрмегін әперу де міндет. Бірақ бұлар тәрбиенің өзегі емес. Имани тәрбие бұлармен ғана шектелмейді. Бұл аталғандарды иманды болсын, иманды болмасын, жақсысы болсын, жаманы болсын, кез келген қауым атқарады. Тіпті хайуан екеш хайуанның өзі өз төлін асырап, оларға қамқорлық жасайды. Мысалы, қарлығаштың балапанының аузына тамақты қалай әкеп салатыны баршамызға мәлім. Қыран қалай балапанын ұшуға баптайды. Бұл да тәрбие. Алайда ислами, адами тәрбиенің жөні, әрине, бөлек. Өйткені адамның жаратылу мақсаты басқа. Оның жоқтан бар болуындағы мақсат – Жаратқан иесін танып біліп, оның алдында бас иіп, құлшылық ету. Оның алдында жанды жадырататын жұмақ немесе күйзелтуші азап орны күтіп тұр. Олай болса, ата-ананың ең үлкен уайымы бауыр еті баласын мәңгілік жұмаққа қарай жетелеу. Ол үшін ең алдымен оған Аллаға иман етіп, ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жолымен жүріп, ел-жұртына, халқына, пайда келтіріп, аяулы ата-анасын құрмет етіп, мұсылманша өмір сүру үлгісін үйрету керек.Міне осы абзал қасиеттер Абай атамыздың пікірінше қазақ отбасында қалыптасуы тиіс. Сондықтан да, Абай халықтың болашағы жастарды адамгершіліктің игі қасиеттеріне тәрбиелеуші үлкендерден ұстаздық шеберлікке лайық қабілет болуын талап етті. Бұл ойын ақын: «Ұстаз-дық қылған жалықпас Үйретуден балаға...» - деп тұжырымдады.Осы дәуірде оны біз тас ұмыттық. Тіптен маман тәрбиеші педагогтарымыздың көбісінің бойынан мұндай қабылет табылмай жүр.











Қобдабай Қабдыразақұлы 17.03.2020




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақтың бауырмалдық педагогикасындағы Қ.Абайдың орны

Автор: Кавдиразах Кобдабай

Дата: 20.03.2020

Номер свидетельства: 543621


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства