Просмотр содержимого документа
«?анипа Бітібаеваны? Ой тастау, ойланту, ойлау" технологиясы »
Қ.Бітібаеваның
«Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы
әдеби айтыс,
пікірлесу,
диологиялық әңгіме,
проблема шешу,
өз бетімен іздену,
зерттеу жұмысына негізделеді.
1
Ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі:
жобалау,
модель жасау,
оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім
жасауға бағыттау
2
«Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады»
А.Құнанбаев
3
Ұстаздың басты ұстанымы —
көзбе-көз әңгіме ;
ойлы сұхбат;
пікір еркіндігі;
білімді оқушының өз еңбегімен алуына жағдай жасау;
оқу жүйесін тереңдете ұсыну;
оны игертудің тиімді жолдарын іздеу.
4
Ой салу — ұстаз тарапынан,
Ойлану — шәкірт тарапынан,
Ойланту — ұстаз тарапынан,
Бір шешімге келу — оқушы тарапынан
5
« Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру: сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы (білімді өз еңбегіне қарай алушы ) дәрежесінде қатыстыру.
Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа қатысушылар, көркем шығармаға деген өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып келе жатқан азаматтар . Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды мақсат етемін»
Қ.Бітібаева
6
Қ.Бітібаеваның
оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулубағытындағы сабақтары
7
Сабақ түрлері
Қолданылуы
БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Тіл дамыту, қатемен жұмыста, білімді жинақтау, қорытындылау сабақтарында
МЕН-ЗЕРТТЕУШІМІН
Оқушыларды ғылыми ізденіс жұмыстарына баулуда
ПІКІР ҚОРҒАУ САБАҒЫ
Миға шабуыл әдісі арқылы проблемаларды шешуде
КІШІ ЗЕРТХАНАДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС
Оқушылардың ғылыми жоба қорғауында,
авторефераттарын талқылағанда
8
ҮНДЕСТІК САБАҒЫ (ҰЛЫЛАР ҮНДЕСТІГІ)
Шығармашылық жұмыстарда
ЖОБАЛАР САЙЫСЫ
Модельдеу, конструкциялар, сценарий жазу
ШЕШЕНДІК ТУРНИРІ
Тіл мәдениетін дамыту, тіл ұстартуда.
КОНСИЛИУМ САБАҒЫ
Жазба жұмыстарын талдау, коррекция
ӨНЕР ЖАРЫСЫ САБАҒЫ
Оқушылардың қабілеті, дарынын дамыту, теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде
9
Қ.Бітібаева ұсынған
ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу бағытындағы сабақтардың
түрлері, технологиясы мен әдістемесі
10
МЕН- ЗЕРТТЕУШІМІН сабағы
- Әр оқушы өзі таңдаған, не ғылыми жетекшісі ұсынған
тақырыптарына хабарлама жасайды.
1. Жұмыс жоспарын, зерттеу мақсаттары мен міндеттерін
ортаға салады;
2. Пайдаланып жүрген әдебиеттер тізімімен таныстырылады.
3. Ақыл кеңестер алады.
- Ізденуші оқушылар өздерінің зерттеу жұмысының орындалуы барысымен таныстырады.
- Пікір алмасу, сұрақ-жауап, талдау жұмыстары жүреді.
- Ғылыми жетекшінің хабарламасы тыңдалады.
11
ҒЫЛЫМИ ЕСЕП сабағы
Ғылыми есепті әр сабақта да, арнайы сабақта да ұйымдастыруға болады. Оқушылардың ізденісін, жұмыстарын кезек-кезек тыңдап отырған тиімді болып келеді.
12
КІШІ ЗЕРТХАНАДАҒЫ КІШІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС сабағы.
-Интерактивті әдістерге негізделген ғылыми бағыттағы дидактикалық ойындар басшылыққа алынады.
-Зертхана мүшелері сайланады, сабақты оның президенті жүргізеді.
-Ауқымды, өзекті проблемалар талқыланады.
-Эксперттік сарапшылар оқушылардың жобаларын, ғылыми баяндамаларын бағалайды, қорытындылайды.
- Кеңес жұмысына ғалымдар, басқа да шақырылған қонақтар қатысады, сұрақтар қойып, талқылауға қатыса алады.
13
ІЗДЕНДІРУ сабағы
-Іздендіру сабағының сабақтың басқа түрінен ерекшелігі оқушылардың өз бетімен бір өнімге қол жеткізуін, дербес еңбектері арқылы білімді меңгеруіне жағдай туғызады. Ең бастысы, оқушыларды іздендіре отырып, ғылыми жұмыстарға баулиды.
-Өзін-өзі дамыту, оқыту үрдерісі жүреді.
-Сынып алдына проблемалық сұрақтар қойылады, оқушылар проблемалық ситуацияны шешуге жұмылады.
-Проблемалық сұрақтарды үйге беріп, оқушыларды оны шешуге дайындауда тиімді болып келеді.
14
ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУШЫ ОҚУШЫ -
Зерттеуші
Ғылымды меңгеруші
Ғылымды қайта жасаушы
15
ДӘСТҮРЛІ БІЛІМ ПАРАДИГМАСЫ
БІЛГІР АДАМ ПАРАДИГМАСЫ
16
ЖАҢА БІЛІМ ПАРАДИГМАСЫ
ҚАТЫСЫМДЫ
ТҰЛҒА
БІЛІКТІ
ТҰЛҒА
ҚҰЗЫРЕТТІ
ТҰЛҒА
17
Танымдық
Нақтылық
Саналылық
Ғылымилық
Қаты
сым
дық
Оқушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын игертудің ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ
Оқушылардың тұлғалық ерекшелігін ескеру
Теорияны практикамен байланыстыру
Алдын-ала болжау
18
19
«ҚҰЗЫРЕТТІЛІК–
әрекеттің әмбебаб тәсілдерін
оқушы игеруі арқылы көрінетін
білім беру нәтижесі»
Қазақстан Республикасының12 жылдық жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартының жобасы
20
Қазақ тілі мен әдебиетін ғылыми тұрғыдан терең меңгеріп,
рухани құндылыққа айналдыру оқу үрдісінің басты мәні мен мақсатына айналған кезде
оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігіне қол жеткізіледі.
21
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жүйелі түрде шұғылданған оқушының төмендегі мүмкіндіктері қамтамсыз етіледі:
Оқушының меңгерген білімін кез-келген өмірлік жағдаятта, қарым-қатынаста қолдана білуі;
Өз бетімен зерттеу жұмысын жүргізуде ақпараттық коммуникациялық технологиялар мен БАҚ материалдарын қолдана білу сауаттылығы;
Оқушылардың әлемді ізгілік тұрғысынан көре алуы;
Оқушылардың «ақпаратты - білімге, білімді – даналыққа» айналдыра алуы.
22
« Біздің бүгінгі күні алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілді қадірлеп, мәдениетті дамыта білетін, біздің жолымызды ары қарай жалғастырып, жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау. Ол үшін біз тілімізді - ұлттық қазына, ал әдебиетімізді – өнер деп оқытуымыз қажет »