kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Иманипедагогиканың шамшырағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғұлама ғалым Мәшкүг Жүсіптің педагогикалық ұстанымы туралы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Иманипедагогиканың шамшырағы»

Иманипедагогиканың шамшырағы

А дамтанушы әулие Машһүр Жүсіп(1858-.1931) Жүсіп Көпеев әкесі Көпейдің (шын аты - Көпжасар) 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында, Баянауыл, Қызыл-тау деген екі таудың «Ашамай тасы» деген жерінде, 1858 жылында, қазақша жыл аты «қой», арабша ай аты «ережеп» деген айда, жұма күні, түс бесін уақытында дүниеге келді. Туғанда азан шақырып кой-ылған есімі-Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса – дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен», деп лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді.1865 жылдан 7 жасар кезінен халық әдебиеті үлгілерін жинай бастағанын анықтарлық дерек жанұялық архивте сақталған. 1870 жылдары Хамеретдин хазіреттің медресесін бітіріп, мұсылманша орта білім алып шығады. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр - дастандарды жаттап өседі. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте - ақ танытады. Ақындық жолға бой ұруы, түсуі - 15 жасында басталған. Мәшһүр Жүсіп 1875 жылдан бастап біраз уақыт ауылда бала оқытып, қаражат жинайды. Білімін толықтыру мақсатымен 1886 жылы Бұхараға келіп, діни жоғары оқу орнында оқиды. Сосын оқуын Ташкентте жалғастырады. Мәшһүр Жүсіп 1887-1890 жылдары бірнеше рет Орта Азияны аралап, Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұхара қалаларында болады. Араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық әдебиетінен сусындаған. Ол осы жылдары Қазанға сапарға аттанып, түрколог ғалымы В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаумен айналысты. Кейін келе Мәшһүр қазақ фольклорының ең жүйелі жинақтаушысы болды.Мәшһүр Жүсіп Көпей-ұлының саналы ғұмырында бір сәт те қолынан қаламы түсіп көрмеген, бір жағынан жазып, екінші жағынан өнер-ғылым үйреніп, жатпай-тұрмай ізденіп жүріп, Қазан төнкерісіне дейін 1907 жылы бір жылдың ішінде үш бірдей кітабы жарық көрген алғашқы «Хал-ахуал» кітабы төрт бөлімнен тұрады: 1. «Хал-ахуал» (208 жол), 2. «Баяннама» (248 жол), 3. «Патша хақында» (144 жол), «Ғибратнама» (4 бөлімнен тұрады). 1912 жылы патша әкімшілігінің цензурасы назарына Мәшһүрдің 1907 жылы бастырылған кітаптары алынып, татар аудармашысының тәржімалауынан кейін 3 кітаптың екеуінің мазмұны Ресейдегі патша билігіне қарсы мақсатта жазылған деп танылып, 1912 жылы екінші рет басылған 3 кітап баспахананың өзінде «тұтқындалынып», 12 000 сом айып салынып, 14 кісі айыпқа тартылады. 1912 жылдан бастап қудалана бастағанда, өзінің жинаушылық жұмысын тоқтатпайды.Мәшһүр Жүсіп өмірінің соңғы жылдарында, дәлірек айтқанда, Кеңес өкіметінің тұсында өзінің жазған шығармалары мен ел аузынан жинап-терген ауыз әдебиеті үлгірлерін қағазға түсірумен шұғылданады. Ақын 1931 жылы өзінің ауылында дүниеден қайтады. Айта кететін бір жай - ол қайтыс боларынан бір жыл бұрын ө кімет саясатына қарсы оғаштау бір мінез көрсетеді. Күні бұрын бейітін тұрғызып, жаназасын шығарып, өзінің көзі тірісінде өзіне ас бергізеді. «Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін, жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын»,-деген сөзі дәл келеді. Осы бір жайлар ел арасында әңгіме аңыз боп тарап, ауыл адамдарды өлгеннен кейінгі жерде Мәшһүр Жүсіпті әулие тұтып, басына келіп тауап өтуді, түнеуді шығарады. Ал, саяси идеология үстемдік құрған кезеңде бұл жағдай көпе-көрнеу ақынға пәле болып жабысты. Оның әдеби мұрасын тексеріп, дұрыс тануға көпке дейін залалын тигізеді Алайда,сөз зергері,әдебиетші,ақын,білімді ұстаз,зерделі ғұлама еңбектері бүгінгі таңда,толық жинақталып,әр тараптан таразыға тартылып, зерделеніп, халқына қауышып,жоғары дәрежеде бағаланып отыр.Бұл жерде біз,адам танымақтағы ғұламаның көзқарасын,сондай-ақ,жеке басындағы әулиелік қасиеттеріне қысқаша тоқталмақпыз.Осы негізде жалпақ жұртты иманды-лыққа,адамшылыққа,кісілікке баулудағы атқарған шаруалары мен айтқан ой пікірлері,жасаған тұжырымдарын айқындап көрсетпекпіз. Ал М. Ж. Көпей-ұлының адамтанудағы тұжырымдары ұлттық дүниетанымға негізделген. Ақын адамды Құдай топырақтан жаратқан деген салмақты ой, түйінді сөз айтады. Ол «Алла құдіреті» атты шығармасында: «Айдай әлемді, жанды- жансыз мақұлықтарды Құдай алты күнде түгел жасап шығарған. Адам ата, Хауа ананы Құдай жаратты. «Жұма күні жаратылған адам» дегеніміз сол ғой», - [2, 127 б.] деп ойын нақтылай түседі. М. Ж. Көпейұлының адамтанудағы негізгі қайнары – Ислам діні және Құран Кәрім. Адамның жаратылуы туралы ойларын Құран аяттары мен Хадис сүрелеріне сүйене отырып баяндайды. Мұндай әрекет күллі түркі халықтарына ортақ сипат екені мәлім, алайда, ақынның басты ерекшелігі – Құран аяттары мен Хадис сүрелерін көркем шығармада орынды пайдалана білуінде. Бұл ретте ақын не айтса да құр сөзге ауыз былғамай, хадис, аяттармен нақтылап, дәлел келтіріп, ойын Құранмен түйіндеп отырады. М. Ж. Көпейұлы көзқарасының түпкі өзегі-Алла Тағала. Ұлт санасына тән өзекті мәселелерді сөз еткенде, аузына бірінші Алланы алады. «Мен Құдайды бір деп білемін, бар деп білемін, күшті деп білемін. Осы үшеуіне нанымым, сенімім күшті», - деп, Алланың барлығына, бірлігіне сенеді. М. Ж. Көпейұлы Ислам дінін мойындап, Аллаға шүбәсіз сенген адам. Ол Алланың бар екенін танытатын шығармалар мен хикметтер жаза отырып, Пайғамбарлар мен сахабалардың уағыз-насихаттарын саралай келе, халқының санасына жетерлік салмақты ой айтады. «Құдай туралы» жазбасында: «Әй, адам баласы! Құдіретті Ақыл мен Киелі рухтың Иесі - Құдайды жалғыз жаратушы да жасаушы жарылқаушымыз деп ұғайық та, бұған кәміл сенейік! Бұл-Ұлы ақиқат! Өйткені Жиһандағы ұлылы-кішілі, қарапайым-күрделі жасалыстар мен құбылыстардың бәрі Құдай барлығының айқын дәлелі», - деп, осы айтқандарының бәрі жалғыз Аллаға ғана тән екенін ескертеді. М. Ж. Көпейұлы өзінің шығармаларында имандылық жолын іздеп Аллаға иман келтіру адамзат баласының парызы екенін айтып, шын көңілмен, көркем мінезбен мұсылман болуға шақырады. Қандай ой, түйінді сөз айтса да шариғат шеңберінен аспай, «Ата-тегіміз маймыл» деп, Дарвинизмнің жетегінде кеткен ұрпағының санасын емдеуге бар күшін салады. Ақиқаттан ауытқып, надандықтың құрсауында қалған халқын адамдықтың ақ жолына жетелейді. Ақынның Ислам дінін насихаттауы, халықты Аллаға құлшылық етуге үгіттеуі – дінді ғана емес, сонымен бірге жақсы адам болудың, жалпы ұлттық болмысты сақтаудың ең пәрменді құралы болғанын аңғару қиын емес. Ақынның мақсаты – адамды жөндеу, қоғамды түзету, адамды нағыз адам қылу. Бұл мәселені көптеген туындыларына арқау етеді. «Табиғат ғибраты» деген шығармасында: «Адам қалай қылғанда адам болады? деген сұрақ қойып, оған өзі былайша жауап береді: «Ұшқан құс, жүгірген аңнан ғибрат алып, солардың мінезіменен мінезденбесе, аш арыстан жүректі болып келсе, палуан жолбарыс білекті болып келсе, досы көп болып, дұспаны жоқ адамнан осы екеуінің жүрегі, білегі табылады»,- деп, әрі қарай ақын: «Жігіт адамның қырағылығы бұркіттей болсын. Зеректігі байғыздай болсын. Жүрісі маймылдай болсын. Он екі қырлы, бір сырлы, отыз аяқты болсын. Орнына қарай мінез қылсын. Сонда адам болып, адам қатарына кіреді”, - деген ой түйеді [2, 81 б.]. Осы айтылған нәрселерден ғибрат, үлгі алуға үндейді. М. Ж. Көпейұлы адам жақсы болу үшін алдымен жаман әдеттен тыйылу керек деп білді. Сөйтіп өзі өмір сүрген дәуір шындығын ақтара зерттеп, ішкі- сыртқы сырларына, елдің әлеуметтік жайына, тұрмысына үңілді. Қоғамға сын көзбен қарап, барлық қайшылықтарды көре отырып, елдің берекесін алып, дау-жанжалды қоздырып, бүліктен пайда тауып жүрген қулардың зұлымдық бетін ашып, қатты сынға алады. Ақын: “Халықтың жақсысының өнері - зорлық, жаманының өнері - ұрлық. Бұл екеуі қолынан келмейтінінің өнері өтірік болып, қара пұл үшін жанын сатып, тірінің түгін қоймай, жұлып алып, өліктен кебін дәметіп, жақсы арын сатып, жаман жарын сатып, шешен сөзін сатып, ата-ана ұл мен қызын сатып, ишандар - Құдайға қылған құлшылығын ғауамлардың нәзіріне сатып, моллалар білген ғылымын дүниеге сатып (жүр). «Ал», «Бер» - деген екі ағайынды: «ал» - деген сөз өліп, «бер» деген сөз тірі қалып жүр. «Бар», «жоқ» - деген екі ағайынды еді. «Бар» - деген сөз өліп, «жоқ» - деген сөз тірі қалып, жыртақой мысалды хәкімдер қасқыр болып, екі даугер - шарылдаған бақа сықылды. Оны жыландай билер сорып жатыр. Бар малынан айырылып, жоқ жанынан айырылып, біреу қасқырдай жан-жағындағысын талап, біреу иттей көрінгенге көзін сүзіп, біреу түлкідей құйрығын бұлаңдатып, біреу маймылдай әркімге бір еліктеп, біреу жыландай сыртынан жылтырап, ішінен зәрін төгіп (жүр). Кейбіреу қабыршығы жоқ балықтай, қолға тұрмай желпілдеп; біреу қарғадай бір боқтан бір боққа ұшып, қонып; біреу сауысқандай шықылықтап, өсек ғылымына маһыр (әуес) болып, сау жылқының арқасын тесіп, қанатып; біреу күйкентайдай тышқанға төніп жүр (жүр). Кейбіреу тауықтың қоразындай тұмсығындағысын - «тәж» - деп мақтанып; Кейбіреу тырна сықылды: «Басқаныма жер ойылып кетеді», - деп, өзін-өзі әлдеқандай ауыр көріп», кейбіреу оқпантайдай: «Күндіз үшсам, көз тиеді», - деп, өзін-өзі түнекке жасырып жүр. Кейбіреу өгіз шағаладай: «Ішкеніме көл таусылып қалады», - деп, дүниені ішпей-жемей жинап; кейбіреу көк кептердей дән үшін көрінгенге құл болып жүр. Кейбіреу шыбындай біресе қантқа, біресе мәжасатұа қонып; кейбіреу келемеж қоңыздай тезек жинап әуре борлып; кейбіреу кекілікше өз атын өзі шақырып, ақымақ болып жүр», - деп әшкерелейді [2, 82 б]. Байқап отырсақ, ақын адам бойындағы жағымсыз әрекеттерді әшкерелеу арқылы бүкіл қоғамның шынайы келбетін, ащы шындықты танытып отыр.Тіпті оқып отырып ақынды тап қазір жаныңызда тұр ма деп те қаласыз. Бұл ақынның көрегендігін танытса керек. Ақынның ойы - адамды жаман әдеттерден арылту арқылы бүкіл қоғамды түзеу. М. Ж. Көпейұлы «Адам екі түрлі» деген өлеңінде жоғарыдағы айтқан ойларын саралай келе адам баласын істеген ісіне қарай екіге бөледі: Мысалы адамзаттың ағаштай-ды, Қу ағаш мәуесі (миуасы) жоқ, жараспайды... Терек қанша аспанмен таласқанмен, Бұлттан биік болып, бойы аспайды. ...Мәуесі басқа ағаштан көп болғаннан, Көтермес үзім ағаш жерден басын. Қайырсыз болсам бәхил, болдың терек, Басқаға бір отыннан қылмас керек..., деген жолдармен жақсы адамды мәуелі жеміс ағашына, жаман адамды отын болудан басқаға жарамайтын терекке теңеу арқылы бейнелейді. Яғни жақсы мен жаманның парқын халқына пайдасы тиетін азамат пен қоғамға зияннан басқа берері жоқ наданмен салыстыра отырып түсіндіреді. Олардың адамгершілік деңгейінің бірдей еместігін сипаттап, адамгершілікті байқататын басты ерекшелікті «кісілік» ұғымы арқылы көрсетеді: Жақсылық, қайыр, ихсан қылған кісі, Адамның қымбат баға сол жұмысы. Табылмас көзге тотия - ем дәрідей, Қолынан әр жақсылық келген кісі, - [3, 148 б.] деп «кісілік» мағынасын жақсылық жасау арқылы, яғни қолынан іс келетін, біреуге көмек беруге дайын адамды сипаттау арқылы ашады. «Пайдасы көпке тисе әне – кісі» деп, ал «Қолынан келер іске болыспаса, Болмайды одан асар жаман кісі» деп, қарабасынан басқаны ойлмайтын адамдарды суреттейді. Ал, «Қалмады ойлай-ойлай басымда ми» өлеңі ақынның өзі айтып отырған адамды кісілікке жетелейтін өсиет секілді. Мұнда ақын адамды жақсы, жайдары, жұмсақ мінезді болуға, кек сақтамай көпшіл болуға, кісілігі жоғары адамдармен дос болуға шақырады: Жүрерсің жайлы болсаң, жұртпен тату, Жұмсақ бол, жұғымды бол, болма қату. Кісілігі жоқ жанмен үйір болма, Жолдас болсаң, жолдас бол кісіменен. Мақтаулы жұрт алдына болам десең, Біреудің ауызға алма жамандығын. Дос, жолдас қылым десең, қауым көпті, Бойыңа үйір қылма өкпе, кекті. Жамандыққа жақсылық мінез қылып, Бола бер бәріне де ыңғайлы, епті [5,10 б.]. Ақын бұл жерде кісілікке жетудің негізгі жолдарын анық көрсетіп отыр. Бұл ойын әрі қарай «Бес қымбат» өлеңінде жалғастырады: «Ең әуелі керек нәрсе иман. Егер жүректе иман болмаса, «Құдай кешірер» дегенмен іс бітпейді; Екінші керек нәрсе – ғақыл. Ғақылсыз адам дінін бұзады;Үшіншісі-сабыр.Сабырлы адам мұратына жетеді; Төртінші-шүкіршілік.Бесіншісі-әдеп.Әдеп бар жерде иман бар»[6, 69 б.] деген толғамдардан халқы үшін тереңнен толғап сыр тартқан сыршыл да сыншыл ақын тұлғасын көрміз,Қарап отырсақ, М.Ж.Көпейұлы адам және оның қоғамдағы орны, олардың жақсы-жаман істері жайлы ой толғағанда, «жақсы адам деп кімді айтамыз, жаман адам деп кімді айтамыз?» деген, бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, шын мәнісінде ауыр сұраққа жауап іздейді. Жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып, адам бойындағы жағымсыз мінездерді әшкереліп, жақсы адам болудың жолдарын насихаттайды. Бұл ретте, жалпы қазақ әдебиетінде ақындардың көбісі аталмыш мәселе турасында философиялық-діни ой, жыр толғағаны белгілі. Солардың бірі - Абай Құнанбайұлы. Негізінен, ақындарды толғандырған мәселе – адамның барлық жағынан жетіліп, нағыз адам болуы. Мұны Ұлы Абай «Толық адам» десе, М. Ж. Көпейұлы «Түгел адам» деп қарастырады. Бұл сөзінің мағынасын «Төрт асыл, бес береке» өлеңінде ашып беруге тырысады: Бірі – төрт, бірі – бесеу – болсын тоғыз, Ат тезегін әуре боп жинар қоңыз, Тоғызын түгендемей ұстағанды Обалсыз, адам демей, деуге - доңыз. Бірі – тілде, біреуі – көңіл-ойда, Енді бірі теп-тегіс түгел бойда. Бұл үшеуін жүргізсе, қара жолмен, Бәйге алады жарқырап үлкен тойда. «Құдай-бір, жоқ, - деп басқа!»- айтса тілің, Шын білсе, тіліңдегін-жан-ділің. Дініңмен (денеңмен) аянбастан қылып ғамал, Пайғамбар сүннетімен өтсе күнің! Төрт асыл – анық осы бойыңдағы, Орнына келе бермес ойыңдағы. Түгендеп бұл төртеуін қыла алмасаң, Жүре бер тамағыңды тойын-дағы. Мұндағы төрт асылы – Хақты тану, көңіл, тән, тіл тазалығын сақтау. Ақын Құдайдан безген заманда адамға алдымен керегі осы деп біледі. Бұған қоса әрі қарай: Береке – өз қарақан басыңдағы, Әдетің (ғадетің) – ұзын өмір жасыңдағы. Оқылған уақытымен бес намазың - Болатын көрде жолдас қасыңдағы!.. Бұл басты әр нәрсеге бастайтын көз, Оңбаймыз көзден, тілден тыйылмай біз. Бойыңа келер мұнан бір береке, Аузыңнан шығармасаң несие сөз. ...Бұ да адамның басының берекесі, Берілсе –қайыр, ықсан, зекет –малдан!...Адамға келер мұнан мол береке, Екі аяқ арасына ие болса! ...Уағда айтқан жерден сөз табылып, Ұстаған жерден қолы тұрса кетпей!.. Береке мұнымене болады бес, Түсерсің енді сөзге, болмасаң кес! Дап-даяр бұлар ойда болмағаны, Хабары болмағаны Құраннан еш! - деп, айтқан сөз, уәдеде тұруды, көз, тіл, нәпсіге берік болуды қатаң ескертіп, бес уақыт намаз оқу мен жетімдерге қайыр-садақа беруді міндеттейді. Осыларды санамалай келе, бес берекеге жатқызады: ...Төрт асыл, бес береке, бір бойынан, Табылса түгел болып әне кісі!, - [4,157 б.] деп «Түгел адам» мәнісін осылайша түсіндіріп береді. М. Ж. Көпейұлы осыларды бойында жинаған адамды «Түгел адам» дейді.М. Ж. Көпейұлы: “Ғылым-білім немен болады? Ең алды құдайды, құдай-тағаланы танымақ. Ол құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса, сонда тәңірісін таниды. Ғылым-білімге талап қылушылар алдымен өзін тануын мақсат қылу керек”, - дейді. [2, 75 б.].. Қорыта келгенде, М. Ж. Көпейұлы мұрасының түп қазығы ақыл иесі – түзу адамды қалыптастыру. Әдебиеттің ежелден бергі нысаны адам болмысы, адамды түзету болса, ақын бұл тұрғыда қазақ қоғамының азаматын тәрбие-леудің үлгісін сомдап, жеке адамды, қоғамды түзету мәселесін қозғайды. Адам баласының өмір сүру жолында ізденіп, өзін-өзі жетілдіре білсе ғана тіршілікте үйлесімдік боларын шеберлікпен жеткізе біледі Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы-ның дара тұлға, әулие, көріпкел әулиелігімен бүкіл әлемге есімі танымал жан. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының есімі ел ішінде аңызға айналған. Ол ақындығы асқан жан ғана емес, халық ауыз әдебиетін жинау шы ретінде танылған жан емес, ол-әулиелі жан. Ол ауыз әдебиетінен халқымыздың өткен-кеткен жағдайын, тұрмысын,салт-санасын, бай дәстүрін, қилы-қилы тағдырын байқай білген зерделі жан.Мәшһүр оны жаттап өскен, хатқа түсіріп, сақтай білген.Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің «Өмірбаян» атты өлеңінде :Бес жаста бісміллә айтып жаздым хатты, Бұл дүние жастай маған тиді қатты. Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде, Мұса еді қосақтаған «Мәшһүр» атты,-десе ,43 жасында «73-ке жеткенше балталасаң да өлмеймін, 73-тен әрі қарай сүйресең де аспаймын»-деп ғұмыр жасын дәл болжаса, мүрдесінің жыл беті жабылмаса да, бүлінбегені қасиет емей немене?!

Мәшһүр – Жүсіп Көпеев бір күні Баянауылға бармақ болып, жанына баласы мен немересін ертіп, жолға шығады. Бозбайдан аса бергенде немересі:-Шөлдедім, десе керек. Сонда Мәшһүр:-Алдымызда тұрған бір үйге барайық, сонда сендерді ауқаттандырып алайын,-дейді де иесіз бір үйге алып келеді. Үйге жақындағанда немересі:-Ата, біздің тамағымыз жоқ қой, - десе керек.-Қазір ештеңе сұрамаңдар, асықпай әлденіп алып сапарымызды жалғас-тырамыз, - деп Мәшһүр бір үйге алып келеді. Өзі бірінші кіріп, жайғасып жерге отырып, соңынан балалары кіреді. Сол кезде ата бір дұғаны оқи бастайды. Кенет өзінен -өзі, алдарына дастархан жайылады. Ұстап келе жатқан тірі жан көрінбесе де ет салынған табақ, түрлі – түсті тағамдар дастарханға қойылады. Шай құйылғын кеселер келіп, босаған ыдыстар жоғары көтеріліп, ауамен қалқып есіктен шығып кете береді. Олардың қайда кетіп, қайдан келіп жатқанын балалардың түсінбегенін сезген Мәшһүр –Жүсіп:-Қорықпай, ішіп –жеп, тойып алыңдар, -дейді.Әлденгеннен кейін, Мәшекең бір дұғаны оқығанда алдарындағы дастархан жоғалып кетеді. Мәшһүр балаларын ертіп жолға шығады.Жолшыбай:-Жаңа ештеңе ұқпаған боларсыңдар, бізді тамақтан-дырған жын-перілер,-дейді.

Бір жылы Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім қажы бір дастарқанның басында кездеседі. Қысқа да болса біраз әңгімелеседі. Кетерінде әулие:-Аумалы – төкпелі заман келе жатыр, біреуіміздің ажалымыз Алладан, біреуіміздің ажалымыз адамнан болар, - депті. Сонда Шәкәрім:-Пешенемізге жазылғанды көрерміз,- десе керек. Екеуі де енді көріспестей қоштасады. Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлы ауылдан ұзап кеткен соң, «әулиеге бұл сөзді періштелері айтқызған ба екен?», деген оймен Шәкәрім де еліне қайтады. Арада біраз уақыт өткен соң Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлы сапарға шығуын тоқтатады. Ал Шәкәрім болса көп ұзамай ОГП-нің «жан алғыштарының» қолынан қаза табады.

-Шындықты айтқанда, жалғанның бет пердесін жұлып тастап айту оңай шаруа емес. «-Е, не дейсің, о несі-ей, қой одан бетін аулақ қылсын. Таласпай бастасаңдаршы.»-деп, кей уақытта Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлы көзін жұмып алып өз-өзімен сөйлеседі екен.-Молдеке, пірлеріңіз не деп кетті? Қызықтырып қойдыңыз ғой,әңгімеңізді айта отырыңыз,-деп өтінген шәкірттеріне:-Көздерің бар ғой көрерсіңдер. Өздерің көріп, естімесеңдер,сенбессіңдер,-деп жауап береді. Көшірдім ақ қағазға Рауан сөзін, Бұлдырап көрмей барад екі көзім. Дұғаға қолыңды жай жамағаттар, Мәшһүрдің енді көрмессіңдер басқан ізін,-деп көзі тірісінде елімен қоштасып, дүниеден өткен Мәшһүр –Жүсіп Көпеев – рақымды тәңіріміздің мейірбан жаны. Мәшһүр –Жүсіптің Қасенғали деген әрі жиені, әрі оқушысы, атқосшысы болыпты. Атамыз бір жерге шығар алдында, қайда баратынын айтпайды екен. Арбаны жеткізіп, үстіне жайғасып отырған соң ғана құдай жазса деп бірақ айтады екен. Бір күні Қасенғали:-Ата бүгін ешқайда бармаймыз ба, жол жүріп қалсақ, атты жақындатып қояиын,-депті. Сонда Мәшһүр – Жүсіп : -Бұл сұрағыңды егер көзіңе көріне қалса, періш-телерімнен сұра, -деп жауап беріпті.-Е, онда бүгін бір демалайыншы,-деп атасының ақ қағаздарға жазып тастаған хикметтерін парақтап жатып, Қасенғали ұйықтап кетіпті. Бір уақытта көзін ашса, бір кісілер келіпті. Орнынан тұрып, беті-қолын шайып, Қасенғали де столдың шетіне жайғасады. Шай ішіп бола бергенде Мәшһүр –Жүсіп:-Атты дайында, жол жүреміз,-дейді. Түс кезінде қоя берген атты ұстап әкеліп, жегіп:-Ата, дайынмын,-деп Қасенғали белгі береді. Қолма-қол орнынан тұрып, қонақтарынан рұқсат сұрап, атарбаға отырады.-Қай жаққа барамыз?-деп сұрайды Қасенғали.-Бас жіпті қоя бер, жүре берсін. Жануар өзі апарады,-деп жауап береді.Қасенғали аттың басын бос жіберіп шу жануар,деп жолға шығады. Аттардың бет алысы – Бөкенбай тауы. Қалың өскен шөптердің арасымен жүріп келе жатып, тауға жете бергенде атарбаның алдыңғы доңғалағы өзінен-өзі шешіліп қалады.
–Бұны түсте ғана қарап, жол жүруге дайындап қойып едім, қап, әттеген-ай,-деп Қасенғали арбадан секіріп түсіп, қайтадан орнына салуға ыңғайлана бергенде:– Болды келдік, бүгін осы жерде түнейміз,-дейді Мәшһүр-Жүсіп. Қасенғали киізден күрке құрып,біраз әңгіме – дүкен құрып, екеуі де ұйқыға кіріседі. Таң ата Мәшһүр-Жүсіп пен Қасенғали намаз оқып біраз отырады. Болған соң:-Бұл жерде қасиетті ана жатыр.соның аруағы басыма келіп,дұға оқып кет деген соң келіп едім,аманатын орындадым, енді жүрейік,- деп орнынан тұрып атарбаға отырады.

Жұмабектің Серігі Жаңажол ауылында ертеректе Бекболаттың Жұмабегі дейтін адам өмір сүрді.(ол 1970 жылы дүниеден өтті) Жұмабек үйленген соң бірер жыл балалары тұрмай, баз кешсе керек. Күндердің күнінде Жұмабек Ескелдіге қарай қайтып келе жатқан Мәшһүр – Жүсіптің жолын тосып, жолға көлденеңнен жатып алды. Бұған дейін де екі-үш рет ойда жоқта далада Мәшһүр-Жүсіппен кездесіп:-Маған да бір балаңды берсеңші,-дейтін.-Беретін артық балам жоқ,әй,бірақ сен ұрпақсыз қалмассың,- деп Мәшһүр-Жүсіп күліп өте шығатын.Ал осы жолы алдында көлденеңнен жатқан Бекболаттың Жұмабегін көріп, атқосшысын тоқтаттырады. Сәл басын көтеріп, тізерлеп отырып:-Мәшеке,мен осы елдегі жалғыз үйлі найманмын. Жігіт жасым артта қалып барады. Күннен күнге, жылдан – жылға ұрпақсыз қалам ба деген үрей жандүниемді меңдеп, ішімді отша жайлады. Үйдегі келініңізбен отасқаныма он жылдан асып барады. Жөргек исіне зармыз. Бір шикі өкпеге лепесіңізді қиыңыз,- деп жалына,мұң шағады. -Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Құдай тілегіңді берер. Шын егіліп жылап тұрғаныңды көріп тұрмын. Тұр, үйге қайт. Мен ауылға әлдебір шаруамен асығыс қайтып барамын. Кейін тағы бір соғармын. Алла жазса, серіксіз болмассыңдар,-деп жүріп кетеді.Айтқандай-ақ, бір жылдан кейін ер бала өмірге келеді. Нәрестенің есімін Серік деп қояды. Өмірінің соңына дейін Серік ағамыз:-Мәшһүр-Жүсіп атаның лепесі қабылдап, жарық дүние есігін аштым,-деп әрдайым аузынан тастамай айтып жүретін. Сол Жұмабектен қалған тұяқ Серік ағамыз 1999 жылдың ақпанында дүниеден өтеді. Әулие, дара тұлға Мәшһүр ата-қазақтың мәртебесі, мақтанышы. Бұл күнде шартарапқа мәлім болған, бойында тасқан қайрат, толған дарын-ойшыл, ақын, ағартушы Мәшһүр-Жүсіп атамыз біртуар нағыз дара тұлға.Һазақ иманипедагогикасының шамшырағы болған ерекше жан.Жалпақ жұртты имандылыққа баулудың қасиетті жолын көрсетіп,оны жүзеге асырырудың арнайы жолын айшықтаған ғүламаның бір қырын көрсетуге жасаған ұмтыылысым межеге жетсе қандай тамаша болар еді!

Павлодар облысы, Баянауыыл ауданының тумасы Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының есімі әдебиетші, философ, аудармашы, білгір шежіреші, жиһанкез, тарихшы ретінде алты алашқа ертеден мәлім болған.

-Мәшһүр – Жүсіптің білмейтіні жоқ екен, - деп тамсанып отырған ұлы Әбдрахманға Абай.-Шәкәрім мен Мәшһүр – Жүсіп – құрдас. Екеуі де дін жолына берілген жандар. Мен де ақынмын, Мәшһүр де ақын. Дегенмен, ол ақын болғанмен құдайға жақын. Сондықтан да Мәшһүр адамзаттың әулиесі ғой, - десе керек... «Жігіт күнінде жаннан кеш те іс қыл, өлсең өлерсің, өлмесен адам болып шығарсың», - деп қайсар мінезбен қажырлы талабын табанды-лықпен өзіне де, өзгеге де ұрандай ұсынып қазақ халқының маңдайына қасқайып біткен азаматтарымыздың ішінде Мәшһүр – Жүсіп Көпеев есімінің алар орны ерекше.



Дереккөз:

1.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Толық жинағы. 13 том. Павлодар 2008 2.Көпеев, М. Ж. / Екі томдық./ Алматы 1992
3. Иманипедагогика Қ арағанды 2018
4.Имандылыққа баулу қазақ ілімі Ұланбатыр 2017
5.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарастары ust.kz›word/
6. Қуандық МӘШҺҮР-ЖҮСІП. ДІН және МӘШҺҮР-ЖҮСІПabai.kz›post/2855
7.Мәшһүр Жүсіп туралы бірер сөз mazhab.kz›Мақалалар›…
8.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі...bankreferatov.kz›
9. Әзірет Барбол. Әулие Мәшһүр-Жүсіп және ұлттық рух abai.kz›post/15900 10..Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының әулиелігі туралыlibrary.psu.kz›




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Иманипедагогиканың шамшырағы

Автор: Кавдиразах Кобдабай

Дата: 12.05.2020

Номер свидетельства: 549407


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства