kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе "ХХІ ?асыр м??алімі ?андай болуы керек?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

ХХІ ?асырды? м??алімі ?андай болуы керек?

 

 

«?стаз ... жаратылысынан ?зіне айтыл?анны? б?рін жете т?сінген, к?рген, естіген ж?не а??ар?ан н?рселерді? б?рін жадында жа?сы са?тайтын, б?ларды? ешн?рсені ?мытпайтын ... ал?ыр да а??арымпаз а?ыл иесі ..., мейлінше шешен, ?нер-білімге ??штар, аса ?ана?атшыл жаны ас?а? ж?не ар-намысын арда?тайтын, жа?ындарына да, жат адамдарына да ?діл .., ж?ртты? б?ріне ... жа?сылы? пен ізгілік к?рсетіп ... ?ор?ыныш пен жас?ану дегенді білмейтін батыл, ерж?рек болуы керек»-деген екен ?л-Фараби бабамыз.

Мемлекет м?дениетіні? айнасы-мектеп. «Уа?ытты? жал?ыз ?лшемі бар ол-адам ??мыры. Адам ??мырыны? жал?ыз ?лшемі бар, ол – артта?ы халы?ты? ?амы ?шін бітіретін іс» -деген с?зін еске алса?, осындай ?лкен іс ат?арар бір сала – мектеп ж?не оны? м??алімі.

?азіргі ?лемде болып жат?ан ?ар?ынды ?згерістер ?лемдік білім беру ж?йесін ?айта ?арау ?ажет екендігін паш етті. ?ар?ынды ?згеріп жат?ан ?лемде білім саласында?ы, ма?ызды м?селе болып отыр?аны: «ХХІ ?асырда нені о?ыту керек?» ж?не де «ХХІ ?асыр о?ушысы ?андай болу керек?» «ХХІ ?асыр о?ушысыны? м??алімі ?андай болу керек?» деген ?ш м?селе алдыда т?р. ?лемдік ?ркениетке сай сапалы білім беру ж?не а?паратты? интеллектуалды? ресурстарды ?з бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ?немі даму ?стінде болатын, жауапты шешімдер ?абылдау?а ?абілетті жеке т?л?а ?алыптастыру болып отыр. ?азіргі та?да заман талабына сай п?н м??алімі ?ана болу аз, м??алім - ?стаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. М??алім ?зі иннотехник д?режесіне к?терілу ?шін инновациялы? технологияларды ме?геру керек. Саба? ?стазды? к?п ізденуінен, к?п е?бек етуінен туатын педагогикалы? шы?арма.Саба? ?стінде небір к?рделі ?иынды?тар, ?р т?рлі ситуациялар кездеседі. Шебер ?стаз соны? б?ріне т?теп беріп, еш?андай ?рекетке жол бермей, саба? ?рдісін т?рлендіріп отыруы керек. ?азіргі ?о?амда?ы м??алім – жеке к?з?арасы бар, со?ан ?арай жігерлі т?л?а, зерттеушілік, ойшылды?, шы?армашылы? ?асиеті бар, ?рі о?ушысын осы ?асиеттері ар?ылы ?з бетінше о?ып, ізденіп ке?ейтілген білім алу?а ?йрете алатын маман болуы керек.

ХХІ ?асыр-?ата? б?секе ?асыры. Б?л ?асыр – мар?аулы?ты к?термейтін ?асыр. Демек, ?лемдік б?секелестікті? жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тап?ыр дара т?л?аны? та?дыры бізді? ?олымыз?а аманат ретінде тапсырылып отыр.

?азіргі білім беру саласында?ы басты міндет - білім мазм?нына жа?алы? енгізуді? тиімді жа?а ?дістерін іздестіру мен оларды ж?зеге асыра алатын жа?ашыл м??алімдерді даярлау. «Жа?ашыл м??алімдер «педагогикалы? ?ызметті? барлы? т?рлерін зерттеп, кез-келген педагогикалы? жа?дайда ?зіні? білімділігі, парасаттылы?ы, а?ылдылы?ы, м?дениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі ар?асында шеше алатын, педагогикалы? ?дерісті? н?тижесін жа?сарту?а ?мтылатын жа?ашыл ?рі шы?армашылы?пен ж?мыс істей алатын жеке т?л?а болуы керек».

?лы а?ылшын а?артушысы Уильям Уорд: Жай м??алім хабарлайды, Жа?сы м??алім т?сіндіреді, Керемет м??алім к?рсетеді, ?лы м??алім шабыттандырады,- дейді. Білім беру ж?йесі мамандардан к?сіби икемділік пен ?т?ырлы?ты, сан ?ырлы шы?армашылы? ?ызмет пен ?зін-?зі бас?ару, ?зін-?зі ?йымдастыру жа?дайында?ы біліктілікті ?ажет етеді. ?йткені ?азіргі жас буын - елімізді? келер к?нгі келбеті. Б?л ж?нінде Елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев: «?асырлар ма?саты – саяси-экономикалы? ж?не рухани да?дарыстарды же?іп шы?а алатын, ізгіленген                            ХХІ ?асырды ??рушы іскер, ?мірге икемделген, жан-жа?ты жеке т?л?аны т?рбиелеп ?алыптастыру»,- деген т?жырым жасады. Ол ?шін б?гінгі о?у ?рдісіне сай педагогикалы? шеберлік ?ажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, ?йрену, ізденуді? н?тижесі.

Б?гінгі ?стаз ш?кіртіне м?лімет беріп ?ана ?оймай, оны д?ниеж?зілік білім, а?парат, экономика ке?істігіне шы?у?а, я?ни ?ата? б?секе жа?дайында ?мір с?руге т?рбиелеу керек. Ол на?ыз ?стазды?, я?ни жа?ашыл м??алімні? ?олынан келеді дегім келеді. Ол – ?з к?сібін, ?з п?нін, барлы? ш?кіртін, мектебін шексіз с?йетін адам.Осы іске деген ?ызы?ушылы? пен с?йіспеншілік ?ана оны небір ?иын ?рекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Н?тижесінде бір емес, бірнеше жас ж?рекке м??гі ?стаз болып ?алады. Біздер, м??алімдер, к?нделікті ?мірді? жай ?ана адамы емес, болаша?ты ??рушыларды, адамзатты? с?улетті болаша?ын жасаушыларды т?рбиелеп отыр?анымызды ойласа?, м??алім м?ратыны? ?андай болатыны ?зінен-?зі ай?ын. Осы?ан байланысты ?стаз?а т?н мынадай сипаттарды даралап к?рсетуге болады: - Д?ниетанымды? к?з?арасы, сенімі – ?ызметке бейімділігі – К?сіптік білімі мен біліктілігі – ?ам?орлы? к?з?арас, с?йіспеншілік сезім – ?йымдастырушылы? ?абілет – Заман?а сай жа?ашылды? Осындай даралы? ?асиеттер ?стазды? ба?ыт?а жеткізеді. Ба?ытты? ?лкені – ?зі?ді-?зі? тану. ?стаз ?зін-?зі ?ай уа?ытта таниды? Ол алдында?ы ш?кіртіні? ?ия?а ?анат ?а?ып, еліні? азаматы бол?ан с?тінен таниды. Білім беруде к?сіби ??зырлы маман иесіне жеткен деп маманды?ы бойынша ?з п?нін жетік білетін, о?ушыны? шы?армашылы?ы мен дарындылы?ына жа?дай жасай алатын, т?л?алы?-ізгілік ба?ыттылы?ы жо?ары, педагогикалы? шеберлік пен ?зіні? іс-?имылын ж?йелілікпен ат?ару?а ?абілетті, о?ытуды? жа?а технологияларын толы? ме?герген, отанды?, шетелдік т?жірибелерді шы?армашылы?пен ?олдана білетін к?сіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, б?гінгі білім мен білік б?секелес заманда ?ландарымызды? биіктен к?рінуіне к?нделікті ісіміздегі жа?ашылды?ымыз ар?ылы, жан-жа?ты берген т?рбиеміз ар?ылы ?ол жеткіземіз.  ХХІ ?асыр – білімділер ?асыры. Ендеше бізге ой ?рісі жо?ары дамы?ан, зерделі, жан-жа?ты дамы?ан, парасатты ?рпа? керек екенін бір с?тте естен шы?арма?анымыз ж?н.  

 

 ?стаз жолы ?иыныра? бас?адан,

 Сырлары к?п сырт?а ?лі шы?па?ан.

 Шаршаса да осы жолды? бойында,

 ?андай ра?ат, шын ба?ытын тапса адам.

                             

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе "ХХІ ?асыр м??алімі ?андай болуы керек?" »

ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?



«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»-деген екен Әл-Фараби бабамыз.

Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мәселе алдыда тұр. Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім - ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.

ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.

Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді дегім келеді. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі – Қызметке бейімділігі – Кәсіптік білімі мен біліктілігі – Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім – Ұйымдастырушылық қабілет – Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.



















«Үстірт орта мектебі» мемлекеттік мекемесі















ЭССЕ

Тақырыбы: ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?


Үстірт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жақсыбаева Шолпан















2014-2015 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Эссе "ХХІ ?асыр м??алімі ?андай болуы керек?"

Автор: Жаксыбаева Шолпан Оразбаевна

Дата: 19.11.2014

Номер свидетельства: 132703


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства