kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?деп, ?дептілік ??ымдары.Адамдармен ?арым-?атынаста?ы ?дептілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:    ?деп, ?дептілік ??ымдары. Адамдармен ?арым-?атынаста?ы ?дептілік

Саба?ты? ма?саты:

            Білімділігі: Студенттерге ?деп, ?дептілік ??ымдары,  адамдармен ?арым-?атынаста?ы ?дептілікті? р?лі ж?нінде тере? ма??лмат бере отырып, имандылы?, адамгершілік ??ымдарын ке?ейту.

Т?рбиелігі:  Хал?ымызды? ?рпа? т?рбиесінде ?асырлар бойы ?олданып келе жат?ан ырым-тыйым, ?дет-??рпын, ?о?ам к?рінісін, видео роликтер ар?ылы к?рсете отырып,адам бойында?ы ?намды-?намсыз ?ылы?тарды ажырата білуге ?йрету ж?не студенттерді?  рухани к?з?арасын байыту.

Дамытушылы?ы:?дептілікке, сыпайылы??а  т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?

Саба?ты? ?дісі:   с?ра?-жауап,презентациямен ?ор?ау, ой ?оз?ау, пікірталас, жа?а саба? т?сіндіру, пысы?тау с?ра?тары,  м?тінмен ж?мыс, с?йкестендіру, видео к?рініс ар?ылы ми?а шабуыл, венн диаграммасы, баламалы тест, ойтол?ау, ?орытынды.

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, к?рініс, к?рме,  тірек сызба. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?деп, ?дептілік ??ымдары.Адамдармен ?арым-?атынаста?ы ?дептілік»

Атырау энергетика және құрылыс колледжі





«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_______ А. Ж. Рахышева

«____» __________2015/16 о.ж.






Ашық сабақ жоспары




Қазақ тілі пәнінен

мамандығы №6 топ «Электрмен қамтамасыз ету»




Тақырыбы: «Әдеп, әдептілік ұғымдары . Адамдармен қарым-қатынастағы әдептілік»







Қазақ тілі пәні мұғалімі:

Разиева М.С.













Сабақтың тақырыбы: Әдеп, әдептілік ұғымдары . Адамдармен қарым-қатынастағы әдептілік

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Студенттерге әдеп, әдептілік ұғымдары, адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі жөнінде терең мағұлмат бере отырып, имандылық, адамгершілік ұғымдарын кеңейту.

Тәрбиелігі: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Халқымыздың ұрпақ тәрбиесінде ғасырлар бойы қолданып келе жатқан ырым-тыйым, әдет-ғұрпын, қоғам көрінісін, видео роликтер арқылы көрсете отырып,адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажырата білуге үйрету және студенттердің рухани көзқарасын байыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,презентациямен қорғау, ой қозғау, пікірталас, жаңа сабақ түсіндіру, пысықтау сұрақтары, мәтінмен жұмыс, сәйкестендіру, видео көрініс арқылы миға шабуыл, венн диаграммасы, баламалы тест, ойтолғау, қорытынды.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, көрініс, көрме, тірек сызба.

Сабактың барысы:

I. Ұйымдастыру : (3 минут)

А) Амандасу

Ә) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

Б) Сабаққа назар аударту


II. Үй тапсырмасын сұрау: ( 7минут )

Үй тапсырмасының тақырыбы: Іскерлік қарым-қатынастағы сөз әдебі. Іскерлік қарым-қатынас туралы презентация қорғау ( оқушы)


  1. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Тілдік қарым-қатынаста сөз мәдениетін неше түрге бөліп қарастыруға болады?

  3. Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастағы сөздерді қолдану аясына қарай қанша түрге бөліп қарастыруға болады?

  5. Ресми іскерлік қарым-қатынас дегеніміз не?

  6. Мәдениетті адам дегеніміз кім?


III. Жаңа сабақ


Тақырыбымыз : Әдеп, әдептілік ұғымдары. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептілік.

Ой қозғау.(Жаңа тақырыпқа көшпестен бұрын, студенттердің өзіндік ізденістерін қорғай отырып, пікір алмасады. Журналистік зерттеу). Қоғамдық пікір ( 10 минут)


Сұрақ:

Жалпы қазіргі кездегі жастардың бойындағы адамгершілік, әдептілік қасиеттерге көңіліңіз толама? (Екі студент пікірлерін қорғайды).


Жаңа сабақ (15 минут)

Ия, балалар адам баласы пенде болып жаратылғаннан кейін, жаман, жағымсыз, келеңсіз, қайырымсыз қылықтар жасамай тұрмайды. Бірақ әдепке бой алдырған жан бұл жаман қасиеттерді жеңуге тиіс.

Ендеше балалар өздеріңіз айтқандай жаман қасиеттерден аулақ болып, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, батыр елдің ұрпағымыз деп мақтана алатын әдепті, иманды азамат болу үшін әдепті болудың маңызы зор.

Әдептілік –адам бойындағы жағымды қасиет,үлкенді сыйлау, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Яғни Әдептілік дегеніміз –әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық, кешірім деген сөздерді білдіріп, басқадан сыйласым күтпей-ақ, алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай білетін, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсететін адам.

Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-күлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларынкалыптастыра алуы кажет. Әлбетте, әдептілік-инабаттылык үрдістерін бойға жақсылап сіңірген адам нағыз адам болмак, Әдептілік атадан балаға кан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес. Яғни адам атасына тартканы үшін өздігінен әдепті кісі болып шыға келмейді. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп-өнеді және жетіледі. Яғни, ата-бабаларымыз баланы бесікте жатқаннан бастап жақсы әдеттерге баулыған.

Әдепті, сыпайы, мәдениетті болу үшін, қазақ халқындағы әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің маңызы зор. Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер соған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай , ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Мысалы дәстүр алып қарайық

Ат тергеу-ол адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынадай: Еркежан, би аға, ақ әже, сырғалым. Осы бір ғана дәстүрімізде Сыйластық, бауырмалдық қасиеттер жатыр.

Ақ құйып шығару-«Халқымызда үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген дәстүр бар.Қазақтың ақ дегені: сүт, айран, қымыз, шұбат. Қалың өрт келіп қалғанда да ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенде де басына ақ құйып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.

Әдептілікті қайдан үйренеміз?

Тәрбие арқылы ғана әдептілікке кол жеткізуге болады. Мұны әрбір адам мақұлдауға тиіс және дереу өзінің жеке басын әдептілік үрдістерімен тәрбиелеуге бейімдеуі қажет. Ол бұл істе батыл болып, жеке басында әдептілік қағидаларын орнықтыра алса, қоғам үшін нағыз керекті адам болып шыға келеді. Ал өзімшілдікке салынып, әдептілік қағидаларына мойынсұнбаған адам жеке басына опық жегізеді.

Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, кандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-күлык тәртібіне сай ұстауымен катар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны канағаттандыра алуы. Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қазасына қаймығу, кайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мүның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді.

Жеке бастағы әдептілік көп ретте оның карапайымдылығын танытады. Өйткені әдептілік адамның істеген істері мен сөйлеген сөздерінде анық байкалады. Ал, карапайымдылык іс пен сөзде ерекшеленеді. Ол ешқандай жанға ыңғайсыздық тудырмайды, әдепсіздік жағдайды болдырмайды, адам атаулының көңілін қалдырмайды.




Әдепсіздік қылықтары

Адамның қандай да болмасын жасаған іс-әрекеті ылғи нәтижелі аяқтала бермесі анық. Ол ісін жақсы ойлап, жаман тәмамдауы да мүмкін. Не болмаса байкамай қателік жіберіп алып, ісін жаманшылықпен бітіруі де ғажап емес. Олай болса, ең әуелі адамның ниеті маңызды. Ниеті түзу адам қиындыққа еш мойымайды. Ниеті дұрыс болғандықтан, бұдан кейінгі істерін де түзу көңілмен жалғастырады.

Ендеше, "Мен не іс істесем жаманшылық шығады",- деп, жаманшылықка үйір болмау керек. Керісінше, оған қарсы тұру қажет. Яғни жаманшылықты әдетке айналдырмау — басты міндет.

Адам өсек айту, біреуді сыртынан жамандау, балағаттау, жек көру, көре алмау, қызғану немесе біреуге жала жабу, кек сақтау, жалған сөйлеу, өтірік айту не болмаса екіжүзділік таныту, менменсу, өзімшіл болу және сол сияқты қылықтар арқылы өзін әдепсіздікке бейімдеп алады. Жазықсыз адамның сыртынан жалалы сөз тарату, біреудіңиненің жасуындай да артықшылығын көре алмау,елдің бәрін өзінің бақталасы деп білу — бұлар еңжаман пасық әдеттер.

Кісі өзінің өсекке таңылып, жамандалуын қаламайды, өзін біреудің қызғанғанын, көре алмағанын ұнатпайды. Сондықтан бұл айтылған барлық жаман қылықтарды ешбір адам өз бойына дарытпағаны дұрыс. Өйткені, "Өзің үшін тілемегеніңді өзгеге де тілеме" қағидасы бойынша әрбір адам өз басына да, басқаға да еш қиянат жасамауы керек.

Біреу дана адамнансұрағанекен: "Аспаннанкең не? Мұздансуық не? Оттаныстык не? Темірденқатты не? Жетімненқор не?" Сонда данышпанадамбылайдепжауапқайырыпты: "Аспаннанкең — адаліс, жерденауыр — кінәсіздібалағаттау, мұздансуық — айналағакексақтау, оттанқызу — досқақаскөйлік, темірденқатты — жаманныңкөңілі, жетімненқор - өсекші". Байқалғандай,адамғажәнеқоғамғазиянынтигізетін, тынышөмірдіңберекесінкетіретін, тек кайғы-қасіретқанаәкелетінбұлжаманқасиеттерадамдыешұшпаққаапармақемес. Демек, адамбұлардансактануғатиіс.

Жалғансөйлеу, жалған ант ішужәнеөтірікайту–бүларекіжүзділіктіңнәтижесі. Адамныңбұлқылығыжексұрындық, сұмпайылықболыптабылады. Мүндай келеңсіз жайттарға тап болмас үшін осындай кеселді қылықтардан аулақ болып, Қоғамда абыройлы, беделді, қадірлі және сыйлы болу үшін, мейірімді, иманды, әдепті болуымыз қажет екен.


IV. Пысықтау сұрақтары

Ұжымға сұрақ(5 минут)

Тірек сызба.

  1. Әдептілік дегеніміз не?

  2. Әдепті болу үшін, қандай жаман қасиеттерден аулақ болуымыз керек?

  3. Әдептілікті кімнен үйренеміз?


V. Мәтінмен жұмыс (6 минут) (Оқу, сұраққа –жауап)


1 мәтін. Ітоптың тапсырмасы
« Әдептілік»
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.

Пікірлесу үшін қойылатын сұрақтар:
1. Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді

2. Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?


2 мәтін. ІІ топ тапсырмасы


« Әдепті бол, балам»
Бесін кезі еді. Ас бөлмедегі үстел басында Асан ағай, Есей атаймен әңгімелесіп отырған. Оқушы бала Оспантай есіктен ентіге кіріп сөйлей келді. «Көке, сіз май мылжың әңгіменің майын ішеді»,- деп Есен атама күлуші едіңіз ғой, енді өзіңіз...
- Не айтайын деп едің, балам?
- Мен сабаққа дайындалам, өгізіңді өзің суғар.
Асан ағай әңгімеге нүкте қойып, Есен атайға уәж айтты да өз тірлігіне кірісті. Кешінде төргі бөлмеде отырған баласына былай деді.
- Балам, бағана кісінің көзінше мінез көрсеттің - ау.
- Ой, қойыңызшы, мен сонша не істедім?
- Үлкен кісінің алдында әдеп сақта, балам. Адамға әкіреңдемей, ақырын сөйле. Ата - анаға дауыс көтеріп сөйлеген бала жақсы емес.
- Әдептіліктен жұмыр басым жұрдай емес шығар сонша.
-«Әдептілік - әдемілік» деп бекер айтпаған.
- Сөзіңіз құлағыма қонды, көке! Әдепті болу - борышым.
- Кінәңді мойындағаның дұрыс. Әдепті бол, балам!

Пікірлесу үшін қойылатын сұрақтар:
1. Оспантайдың жасаған қылығы дұрыс па?
2. Әкесі қандай ақыл айтты? Оспантай қандай уәде берді?


VI. Сәйкестендіру 5минут

Ерулік беру-ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, көрші –көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді

Жол беру- қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғызады.

Жылу жинау-бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанда ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек береді.

Ат тергеу- ол адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынадай: Еркежан, би аға, ақ әже, сырғалым.

Араша түсу-дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру

Асар жасау-үй салу, қой қорқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен , көмегімен, тез атқару үшін бірлесе қимылдау

Аяғына жығылу-кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы адамдарды ертіп, тиісті адамның үйіне барып кешірім сұрайды.


VII. Видео көрініс 10 минут Қоғамдағы шындық.

Қазақ халқында қызды соқпақ түгілі ренжітуге болмайды. Ал мына көріністе қыз баланы соғып жатса да, еш адамның қайрылып, көмекке келмегіні не деген сұмдық? Өз ойларыңды жеткізсеңдер.


VIII. Шығармашылық жұмыс   (5 минут)

Дәптерлеріңізге адам бойындағы жаман қасиеттерді, және адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар

Венн диаграммасы.

IX. Баламалы тесті ИЯ. ЖОҚ (7 минут)

1. Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) ия

2. Қыз баланы........................(ренжітуге болады) жоқ

3. Үлкеннің тілін...................(алу керек..) ия

4. Кішілерді..............................(қамқорламау керек.) жоқ
5. Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) ия

6. Ата-ананы -құрметтеу керек ия

7. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұз. жоқ

8. Үйге қарай жүгірме жоқ

9. Әркімді бір кекетіп, мұқатпа Ия

10. Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма ия.

X. Ойтолғау (7 минут)

Қалай әдепті, отанға лайық адам болуға болады?

XI. Қорытындылау (10 минут)

Өзіңнен баста 3 минут (видео клип)
Ия, балалар, видео көрініске қарасақ, бәрі де өз қолымыздан келетін жақсылықтар. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы да осы, саналы өмір сүрумен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.

Олай болса бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен мәдениетті сөйлеуді үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.Ендеше адамдық қалыптан арылмайық. Жақсылық жасауды, әдепті болуды өзімізден бастайық.

Қыздарға кеңес, ұлдарға өсиет

Бағалау

Үйге тапсырма: Әдептілік туралы қазақ ақын жазушыларының шығармаларын баяндау.





































Қай кезде де түзу болсын сәлемің,

Қадір тұтар сонда сені бар елің.

Білімді бол ісмерлікке бейімді,

Өміріңе керек болар кейінгі.

Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,

Үлкен жолын кесіп өтпе көлденең.

Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба.

Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.

Ұятты бол сақта арыңды жасыңнан

Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан.

Қума босқа мақтан менен желекті,

Қыз дегенің қылығымен көрікті.

Ісің бітпей, әңгіме айтпа көпіріп,

Содан шығар өсек пенен өтірік

Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін

Ата-анаңды сыйлап өту борышың

Биязылық сенен тапсын жарасым,

Сақта есіңе, сен болашақ анасың.

Жастан үйрен ұлттық әдет-ғұрыпқа,

Қазақ қызы екеніңді ұмытпа.



Ұлдарға өсиет

Үлкен болсын, құрбы –замандас,

Барлығымен қазақшалап амандас.

Тек ізгілік тұрсын ойға ұялап,

Қайта соғар біреуге еткен қиянат.

Болғың келсе елге сыйлы бір ұлан,

Ұстазх сыйлап, өнеге үйрен, білім ал.

Дүниеге тым құмартып, құнықпа,

Ондайда заң ілер бір күн құрыққа.

Әлсіздерге бостан-босқа соқтықпа,

Толтырма ауыз балағат пен боқтыққа.

Жігіт болсаң, болсын ірі тірлігің,

Ел жұртыңның ойла қамын, бірлігін.

Бар байлықты табасың тек еңбектен,

Қор болмайды іспен маңдай терлеткен.

Жұрт қызықсын сенің әрбір ісіңе,

Үлкенге сый, көрсет ізет кішіге.

Жау табалап теппеу үшін ел шетке,

Ата-анаңа әдепсіздік көрсетпе.

Жастайыңнан сақта дәстүр –салтыңды,

Жігіт болсаң, қадір тұтқын халқыңды.

Бағдаршам арқылы бағалау



Әдептілік –адам бойындағы жағымды қасиет,үлкенді сыйлау, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Яғни Әдептілік дегеніміз –әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық, кешірім деген сөздерді білдіреді. Ал әдепті адам - басқадан сыйласым күтпей-ақ, алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай білетін, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсететін адам.

Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-күлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларынкалыптастыра алуы кажет. Әдептілік атадан балаға кан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес. Яғни адам атасына тартканы үшін өздігінен әдепті кісі болып шыға келмейді. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп-өнеді және жетіледі.



Яғни, ата-бабаларымыз баланы бесікте жатқаннан бастап жақсы әдеттерге баулыған.

Әдепті, сыпайы, мәдениетті болу үшін, қазақ халқындағыәдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің маңызы зор. Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер соған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай , ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Мысалы дәстүр алып қарайық

Ат тергеу-ол адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынадай: Еркежан, би аға, ақ әже, сырғалым. Осы бір ғана дәстүрімізде Сыйластық, бауырмалдық қасиеттер жатыр.

Ақ құйып шығару-«Халқымызда үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген дәстүр бар.Қазақтың ақ дегені: сүт, айран, қымыз, шұбат. Қалың өрт келіп қалғанда да ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенде де басына ақ құйып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.

Әдептілікті қайдан үйренеміз. –

Тәрбие арқылы ғана әдептілікке кол жеткізуге болады. Мұны әрбір адам мақұлдауға тиіс және дереу өзінің жеке басын әдептілік үрдістерімен тәрбиелеуге бейімдеуі қажет. Ол бұл істе батыл болып, жеке басында әдептілік қағидаларын орнықтыра алса, қоғам үшін нағыз керекті адам болып шыға келеді. Ал өзімшілдікке салынып, әдептілік қағидаларына мойынсұнбаған адам жеке басына опық жегізеді.

Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, кандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-күлык тәртібіне сай ұстауымен катар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны канағаттандыра алуы. Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қазасына қаймығу, кайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мүның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді.

Жеке бастағы әдептілік көп ретте оның карапайымдылығын танытады. Өйткені әдептілік адамның істеген істері мен сөйлеген сөздерінде анық байкалады. Ал, карапайымдылык іс пен сөзде ерекшеленеді. Ол ешқандай жанға ыңғайсыздық тудырмайды, әдепсіздік жағдайды болдырмайды, адам атаулының көңілін қалдырмайды.

Әдеп — адамды адам ететін қасиетті нәрсе. Ол болмаса адам атаулының жануар тақылеттес болары хақ. Адамдарды бір-біріне бауыр етіп, араларында ыстық ынтымақтастық орнататын да әдеп қой! Адамның сыртқы бағытымен қатар ішкі дүние-сезіміне де бағдар беріп, оған жөн сілтейтін де осы әдеп емес пе?!

г) Әдепсіздік қылықтары

Адамның қандай да болмасын жасаған іс-әрекеті ылғи нәтижелі аяқтала бермесі анық. Ол ісін жақсы ойлап, жаман тәмамдауы да мүмкін. Не болмаса байкамай қателік жіберіп алып, ісін жаманшылықпен бітіруі де ғажап емес. Олай болса, ең әуелі адамның ниеті маңызды. Ниеті түзу адам қиындыққа еш мойымайды. Ниеті дұрыс болғандықтан, бұдан кейінгі істерін де түзу көңілмен жалғастырады.

Ендеше, "Мен не іс істесем жаманшылық шығады",- деп, жаманшылықка үйір болмау керек. Керісінше, оған қарсы тұру қажет. Яғни жаманшылықты әдетке айналдырмау — басты міндет.

Адам өсек айту, біреуді сыртынан жамандау, балағаттау, жек көру, көре алмау, қызғану немесе біреуге жала жабу, кек сақтау, жалған сөйлеу, өтірік айту не болмаса екіжүзділік таныту, менменсу, өзімшіл болу және сол сияқты қылықтар арқылы өзін әдепсіздікке бейімдеп алады. Жазықсыз адамның сыртынан жалалы сөз тарату, біреудіңиненің жасуындай да артықшылығын көре алмау,елдің бәрін өзінің бақталасы деп білу — бұлар еңжаман пасық әдеттер.

Кісі өзінің өсекке таңылып, жамандалуын қаламайды, өзін біреудің қызғанғанын, көре алмағанын ұнатпайды. Сондықтан бұл айтылған барлық жаман қылықтарды ешбір адам өз бойына дарытпағаны дұрыс. Өйткені, "Өзің үшін тілемегеніңді өзгеге де тілеме" қағидасы бойынша әрбір адам өз басына да, басқаға да еш қиянат жасамауы керек.

Біреу дана адамнансұрағанекен: "Аспаннанкең не? Мұздансуық не? Оттаныстык не? Темірденқатты не? Жетімненқор не?" Сонда данышпанадамбылайдепжауапқайырыпты: "Аспаннанкең — адаліс, жерденауыр — кінәсіздібалағаттау, мұздансуық — айналағакексақтау, оттанқызу — досқақаскөйлік, темірденқатты — жаманныңкөңілі, жетімненқор - өсекші". Байқалғандай,адамғажәнеқоғамғазиянынтигізетін, тынышөмірдіңберекесінкетіретін, тек кайғы-қасіретқанаәкелетінбұлжаманқасиеттерадамдыешұшпаққаапармақемес. Демек, адамбұлардансактануғатиіс.

Жалғансөйлеу, жалған ант ішужәнеөтірікайту–бүларекіжүзділіктіңнәтижесі. Адамныңбұлқылығыжексұрындық, сұмпайылықболыптабылады. Мүндай келеңсіз жайттарға тап болмас үшін осындай кеселді қылықтардан аулақ болып, Қоғамда абыройлы, беделді, қадірлі және сыйлы болу үшін, мейірімді, иманды, әдепті болуымыз қажет екен.













































Әдептілік


Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.


Пікірлесу үшін қойылатын сұрақтар:
• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?


Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?









« Әдепті бол, балам» атты диалог әңгіме


Бесін кезі еді. Ас бөлмедегі үстел басында Асан ағай, Есей атаймен әңгімелесіп отырған. Оқушы бала Оспантай есіктен ентіге кіріп сөйлей келді. «Көке, сіз мылжың әңгіменің майын ішеді»,- деп Есен атама күлуші едіңіз ғой, енді өзіңіз...
- Не айтайын деп едің, балам?
- Мен сабаққа дайындалам, өгізіңді өзің суғар.
Асан ағай әңгімеге нүкте қойып, Есен атайға уәж айтты да өз тірлігіне кірісті. Кешінде төргі бөлмеде отырған баласына былай деді.
- Балам, бағана кісінің көзінше мінез көрсеттің - ау.
- Ой, қойыңызшы, мен сонша не істедім?
- Үлкен кісінің алдында әдеп сақта, балам. Адамға әкіреңдемей, ақырын сөйле. Ата - анаға дауыс көтеріп сөйлеген бала жақсы емес.
- Әдептіліктен жұмыр басым жұрдай емес шығар сонша.
-«Әдептілік - әдемілік» деп бекер айтпаған.
- Сөзіңіз құлағыма қонды, көке! Әдепті болу - борышым.
- Кінәңді мойындағаның дұрыс. Әдепті бол, балам!


Пікірлесу үшін қойылатын сұрақтар:
1. Оспантайдың жасаған қылығы дұрыс па?
2. Әкесі қандай ақыл айтты? Оспантай қандай уәде берді?





















  1. Адамдардың қарым-қатынас жасайтын, түсінісетін негізгі құралы – тіл. Дұрыс қарым-қатынас жасау үшін әр адамның сөйлесе білуі керек. Сөз,сөйлеумәдениетінмеңгеріп, оны өзбойындақалыптастыруытиіс.

Қарым-қатынас – адамныңотбасымен, өскен, араласқанортасымен, елімен, жерімен, дәстүрлеріменжәнемәдениетқазынасыменетенеәріжандыбайланысы.

  1. Тілдікқарым-қатынастасөзмәдениетін 2 түргебөліпқарауғаболады.

  1. Ауызекісөйлеумәдениеті.

  2. Жазбатілмәдентеті.

3Ауызекісөйлеутілінденақыштысөзөрнектерінеқосаым-ишара, мәнерліқимыл-қозғалыстарадамныңжандүниесінеәсеретеді.

Жазбатілдеойдыоқырманғадәлжеткізуүшінәрбірсөз, әрбіртынысбелгісіөзорнындакеліп, ой мен сезімгебірдей ,яғниойдыасықпай, ойланып-толғанып, жоспарлап, жүйелепжеткізу.

4Адамдарарасындағытілдікқарым-қатынастағысөздердіқолданылуаясынақарай 2 түргебөліпқарауғаболады.

  1. Әлеуметтіктұрмыстыққарым-қатынас.

  2. Ресми – іскерлікбағыттағықарым-қатынас.

5) Әлеуметтік тұрмыстағы қарым-қатынастағы, яғни тұрмыстық сөздер – адамдар күнделікті өмірлік қарым-қатынаста, ауызекі сөйлеу тілінде қолданатын сөздер.

6) Іскерлік қарым-қатынас –мекеме, кәсіпорын, өндіріс,өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы адамдармен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісім шарт жасауы, қажетті құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.









«Құпия хаттарға» жауап беру 7 минут
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хаттардың мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
4-хат.Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді. Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды. Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманда кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп кішіриетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды. Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алуы керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.

5-хат .Жанар қандай да бір жарыссөзге түсер кезде, оның ойында қайткенде де қарсыласын сөзден ұту мақсаты ғана тұратын. Қанша ұтымды ойлар айтқанмен, ол жеңіске ұшырап қалатын. Себебі неде деп ойлайсыңдар?яяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяяя

6-хатЖоқ. Ещқашан көңілім толған емес. Жастар әдептіліктің не екенін мүлдем білмейді. Олар үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, мәдениетті сөйлеу дегенді мүлдем ұмытты. Қайда барсаңда оңды-солды сөйлеген, ашық-шашық киінген, сенің бір нәрсеңді жымқырып не болмаса өзіңді қағып кетуге даяр тұратын ұл-қыздарымыз көбейді.

Ия. Көңілім толады. Себебі көпке топырақ шашуға болмайды. Мәдениетті, әдепті, иманды азаматтарымыз аллаға шүкір бар. Барлық ата-ана баласын жақсы, елге сыйлы адам болсын деп тәрбиелейді. Әдептілікті барымызша санасына іспен де сөзбен де сіңіруге тырысудамыз. Егер қоғамда әдепті адамдар жоқ болса, біздің Қазақстан деген еліміз озық 30 елдің қатарына кірмес еді.

Жоқ. Толмайды. Адамның әдептілігі сөйлеген сөзі мен жүрген жүрісінен де айыруға болады. Қарапайым өмірде әдепсіз, бір-бірімен былапыт сөздер арқылы байланыс жасаған адамдарды көргенде іштей қынжыламын. Бұның бәрін түрлі қатыгездікті көрсетіп адамдардың санасын улап жатқан ғаламтордан, және жұмыс-жұмыс деп баласын тәрбиелеуге көңіл бөлмейтін ата-анадан көремін. Соның нәтижесінде әдепсіз балдар пайда болады.

Ия. Әдепті жандар бар. Өзім талай жақсылыққа куә болдым. Қаншама үлгі тұтарлық азаматтарымыз бар.

2 жақты қарастырылған пікір.

Мінекей студенттер қоғамдағы ой –пікірді білдік. Яғни адамдар кейбірі ия әдепті жастар өте көп десе, ал кейбірі мүлдем әдепті адамдар жоқ деп жауап берген екен.

Өз пікірімізді қоссақ. (2студент)












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
?деп, ?дептілік ??ымдары.Адамдармен ?арым-?атынаста?ы ?дептілік

Автор: Разиева Майра Серикгалиевна

Дата: 15.01.2016

Номер свидетельства: 277054


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства