“Дидактикалық қуыршақ балалардың өз-өздерін тану және әлемді тану үрдісінде эмоционалдық мотивацияны жоғарлату факторы болып табылады”
“Дидактикалық қуыршақ балалардың өз-өздерін тану және әлемді тану үрдісінде эмоционалдық мотивацияны жоғарлату факторы болып табылады”
Дидактикалық қуыршақ- бала өміріндегі адам бейнесі, Дидактикалық қуыршақ арқылы бала танымдық процестерді дамытады, өзі-өзіне қызмт коөрсетуге үйренеді.ҰҚО- да қолдануға болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Дидактикалық қуыршақ балалардың өз-өздерін тану және әлемді тану үрдісінде эмоционалдық мотивацияны жоғарлату факторы болып табылады”»
Дидактикалық қуыршақ
Дидактикалық қуыршақпен ойнап
Ойын «Сен не кидің?» Мақсаты: Киім атауларын дұрыс айту. Сөйлем құрастыру. Сөз ішінде қазақ тілінде тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Мысалы: Мынау етік. Мен етік кидім. Мен коңыр етік кидім.
Қуыршақты шомылдыру
Мақсаты: Балаларды қуыршақты жуындыру арқылы, жуына білуге дағдыландыру, тазалық құралдарын пайдалана білуге үйрету.Ойлау, қабылдау қабілетін дамыту, сөздік қорларын дамыту.Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қуыршақты тамақтандыру
Мақсаты: Балаларды қуыршақты тамақтандыру арқылы, төкпей тамақ іше білуге дағдыландыру, қасықты дұрыс пайдалана білуге үйрету.Өзін мәдениетті,таза, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Баян қуыршақ ояндыМақсаты: Балалардың қуыршақ киімдерінің атаулар жайлы мағлұматтарын бекіту. киінудің реттілігі; киіну әрекетіне жаттықтыру; балалардың сөйлеу қабілетін қарқындату. Ойын барысындағы серігі – қуыршаққа деген мейірімді қатынасқа тәрбиелеу.
Қуыршақты ұйықтату
Мақсаты: киімдерді ретімен шешуді, дұрыстап қоюға, киімдердің атын атай білуге үйрету. Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.
Қуыршақ серуенде
Мақсаты: Дидактикалық қуыршақтың қай мезгілге сәйкес киінгенін, жыл мезгілдерін айыруға үйретеді.Ыстық,суык түсінігін біледі.
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда» Ойынның мақсаты: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, көмектесуді ұсыну. Аяқ киімі, шашындағы бантигі бойынша көйлектің түсін дұрыс табу, әдемілікке үйрету.
«Қуыршақтарға өз ойыншықтарын табуға көмектес» ойыны Дидактикалық тапсырма: бір түске ие заттарды топтастыру және әр түсті заттарды түсі бойынша салыстыру. Материал: сегіз түрлі көйлектерді киген сегіз қуыршақ, сегіз түске боялған саңырауқұлақтар мен таяқшалар.