kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дарынды ж?не талантты балаларды о?ыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Талантты ж?не дарынды балаларды о?ыту

?аза?станны? к?ркеюі ?шін талантты да ?абілетті о?ушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту ?те ма?ызды. ?азіргі уа?ытта білім беру саласында жо?ары жетістіктерді аны?тайтын ж?не ынталандыратын бір?атар ??ірлік, ?лтты?, халы?аралы? сайыстар мен ба?дарламалар ж?ргізіледі. Алайда м?ндай сайысты? ??рылымдар талант пен ?абілетті ?рістетуді?, барлы? балалар ?леуетін дамытуды? жал?ыз т?сілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылы?. Осы ба?дарлама аясында талантты ж?не дарынды балаларды о?ытуды дамыту ?шін ана??рлым инклюзивті т?сіл пайдаланыла-тын болады.Талантты ж?не дарынды о?ушылар?а білім беруді дамытуды? инклюзивті т?сілі негізінде осындай балаларды аны?тау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Атал?ан та?ырып о?ушылар-ды? ?ажеттіліктерін т?сінуге ?атысты ой-пікірлерді, барлы? о?ушыларды ке?інен о?ыту?а ы?пал

ететін о?у ба?дарламаларын ке?ейту ж?не барлы? о?ушыларды? осындай ?ажеттіліктерін ?ана?аттан-дыратын білім беру мен о?ытуды? саралан?ан стратегияларын та?дау ж?ніндегі идеяларды ?амтиды.

Талантты ж?не дарынды балалар?а білім беру

Барлы? м??алімдер балалар?а білім беруде барынша жо?ары жетістіктерге ?ол жеткізу ?шiн ?олайлы орта жасау?а тырысады. Дарынды ж?не талантты балалар?а ?атысты б?л ед?уір к?рделі м?селе ойлауды, тал?ылауды ж?не м??ият жоспарлауды талап етедi. ?рт?рлi теориялар мен стратегиялар балаларды о?ытуды? мазм?нын аны?тау ?шін тиісті ба?дарлама ше?берiнде ?олданылады. Т?жiрибеге жасал?ан талдау о?ушыларды? ?ажеттіліктерін ?ана?аттандыруда мектеп б?кіл о?ушылар ?шін мектеп стандартын к?рделендіре отырып, бастауыш буын де?гейінде  «жалпы-мектептік саясатты» ж?не орта буын де?гейінде «ке?ейтілген» мектеп т?сілін ??р?ан жа?дайда ана??рлым жо?ары н?тижелерге ?ол жеткізе алатынын к?рсетті. Талантты немесе ?абілетті ?немі ай?ындай отырып бастауыш мектептердi? м??алiмдерi ?здерін «дарынды ба?ылаушылар» ретiнде к?рсетуге тиіс». (Eyre and Lowe, 2002)

М??алiм о?ушыны? талантты немесе дарынды екенін ?алай аны?тайды?Б?л ??ымны? мазм?нды? жа?ы ?рт?рлі болуы м?мкін. Балалар бiр ?ана п?ннен емес бірнеше академиялы? п?ндерден олардан к?ткеннен жо?ары де?гей к?рсетуі м?мкін: м?селен, ?ртістік, спортты?, музыкалы? ж?не бас?а таланттарымен танылуы ы?тимал. Сонымен ?атар олар бiр салада дарынды болса, бас?а салаларда ?иынды??а тап болуы м?мкін; олар дамуды? бiр кезе?інде ?те ?абiлеттi болса, келесі кезе?дерде ?абiлеттерiн танытпауы м?мкін. Б?л дарындылы? пен ?абiлеттiлiктерді м??алiмдер, ата-аналар, топты? бас?а м?шелерi немесе балаларды? ?здері ай?ындай алады. Балаларды? ?абiлеттiлiктерiн, біліктілігін, ?леуетті м?мкіндіктерін к?рсету ?шiн олар?а жа?дай ту?ызу ?ажет ж?не де б?л оларды? ерте жасында олар ?шін ?те ?иын?а со?уы м?мкін.Британды? о?ыту ж?не білім беру академиясы талантты ж?не дарынды балаларды дамыту т?жірибесінен алын?ан жа?ымды мысалдарды к?рсететін к?птеген кейс-стади ?зірледі. Олар балаларды? осы санатымен ж?мысты? тиімді ?дістерін мойындау ж?ніндегі дебаттарды? ма?ызды аспектілерін к?рсететін мысал ретінде осы тарауда пайдаланылатын болады.Британды? о?ыту ж?не білім алу академиясыны? «Талантты ж?не дарынды балаларды

аны?тау» ж?ніндегі кейс-стадиі сыныптарды? ?р?айсысында талантты ж?не дарынды балаларды

аны?тау ж?ніндегі ?рт?рлі ?дістерді ?олданып, оларды? 1-тобыны? балаларымен (4–7 жас шама-

сында) ж?ргізілген ?ш жобаны суреттейдi:

1) бірінші зерттеуде м??алімдер есту ?абілеті нашар ж?не а?ылшын тілі ана тілі емес бала-

лар ?шін ке?ейтілген, тапсырмалары танымды? сипатта?ы, мектепішілік ба?дарлама жаса-

ды. Шектеулі вербальды ?арым-?атынасты ?олдана отырып, осы тапсырмалар ?абілетті?

жо?ар?ы де?гейін к?рсетті. Бір тапсырмада ?арапайым вербальды ?арым-?атынас пен дене

?имылын ?олдана отырып, олар суды? а?ысын к?рсетті, ал екіншісінде ?здеріне ж?не аю?а

жеткілікті ке? ?йді жасау ?шін суретті н?с?ауларды пайдаланды; ал ?шінші тапсырмада

олар ?нді ты?да?ан со? жауабын жазу ?шін ?ртістік ?асиеттерін пайдаланды. Сонымен олар

жылдам с?йлей алмаса да, жо?ары де?гейдегі сенімділіктерін, зейінмен ты?дай алатынын

ж?не т?ра?ты ?ызы?ушылы?тары ?за??а созылатынын к?рсеткен дарынды ж?не талантты

балалар екендігі аны?талды.

2) екінші жобада балаларды? ?уанышын ж?не сыныпты? сауалнамасына ?атысу?а дайын екендігін ба?алау ?шін «бірегей» ж?не «?лгерімі нашар» дарынды ж?не талантты о?ушыларды? т?рмысты? ахуалын ба?алайтын тест пайдаланылды. Ал?ан деректер бойынша бір ?лгермей ?ал?ан талантты о?ушыны? табыстылы?ы мен ?ызы?ушылы?ыны? т?мен бол?анды?ын, біра? сонымен ?атар оны? на?ты іс-?рекеттерді? т?рлеріне ?абілетті ж?не о? к?з?араспен ?арайтынды?ын к?рсетті. М??алімдер осы а?паратты оны? білімділік м?мкіндігін ?згерту ?шін пайдаланды ж?не б?л оны? сыныпта?ы п?ндерге ?ызы?ушылы?ын, ?з ортасына ??штарлы?ын жо?арылатып ж?не сонымен ?атар идеяларыны? дербестігін арттырды.

3) ?шінші жобада м??алімдер дарынды ж?не талантты балаларды ай?ындау?а ата-аналарды тарту м?мкіндіктерін аны?тау міндетін ?ойды. Олар ?андай ?дістерді? к?мегімен балаларды? ерекше таланты мен жеке ?ызы?ушылы?тарын аны?та?анын т?сіндірді. Олар ата-аналармен а?ыл-ой ?абілет-тері туралы ??гімелесіп, ата-аналарды? ?арапайым сауалнама толтыруларын ?тінді. Ата-аналар мен м??алімні? кездесуінде б?л сауалнама оларды? балаларыны? мінез-??л?ынан келтірілген мысалдарды, ?йде ж?не мектепте ойналатын ойындарды талдау?а негіз болды, б?л ересектерге бала ?зін «а?ылды» етіп к?рсеткен жа?дайларды аны?тау?а, сондай-а? дамуды? келесі кезе?іне ?туге шешім ?абылдау?а к?мектеседі.М??алімдер ж?зеге асыр?ан б?л жобалар «Дарынды ж?не талантты балаларды бірінші негізгі кезе?де т?рбиелеу» деген ж?мыста жарияланды (Koshy et al, 2006).Баланы? ал?а басуын академиялы? ?лгерімні? ?орытындысы бойынша, сондай-а? оларды? дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша ресми т?рде белгілеуге болады. Біра? зияткерлік т?р?ыдан дарынды балалар-ды? кейде ?здерін к?рсете алмайтынына немесе ?здеріні? ойларын жина?тау ?шін ?деттегі уа?ыттан к?бірек уа?ытты ?ажет ететіне мысалдар да бар. Кейбір балаларды? ?деттегі білім алу ортасында к?рсете алмайтын ерекше ?леуметтік да?дылары мен к?шбасшылы? ?асиеттері бар. М??алімдерді? естеріне дарынны? сан?ырлылы?ын т?сіру ?шін «т?ра?ты сезімдер мен пікірлерді» немесе «т?сініксіз ?зілдік сезімін» к?рсететін мінез-??лы?тар сипатын ай?ындайтын сауалнама ??растырылды.Орта мектепті? о?ушысы бір на?ты п?н бойынша айры?ша дарындылы? к?рсетіп, бас?а п?ндер бойынша к?зге т?спеуі м?мкін. Арнайы п?ндер бойынша бір?атар к?рнекті ?абілеттері аса ке? болу м?мкін. Британияны? география ?ауымдасты?ы «к?рделі ?дерістерді т?сіну, физикалы? ж?не адамды? ортаны? арасында?ы ?зара байланыс» сия?ты мамандандырыл?ан ерекше п?ндік салаларды да, сондай-а? сенімді ?арым-?атынас?а т?су, шы?армашылы? ж?не ойлауда?ы бірегейлік, бас?а адамдар-мен ?арым-?атынас орната білу сия?ты ?асиеттерді ?амтитын ба?ылау пара?ын ??растырды. Толы? ба?ылау пара?ын web-сайттан к?руге болады.Фриман (1998) тексеру пара?тары м??алімдерді шатастырып, дарынды, талантты балаларды аны?тау барысында ?ате ба?ыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Біра? тексеру пара?ында зерттеулерге негізделген ж?не е? ?здік о?ушыларды аны?тайтын сенімді ?лшемдерді тиімді ?олдану?а болады, олар т?менде к?рсетілген (Montgomery, 1996; Freeman, 1991).

•  есте са?тау ж?не білім: оларды? есте са?тау ?абілеттері ?те жо?ары; олар а?паратты біліп ?ана ?оймай, оны пайдалана алады;

•  ?з білімін жетілдіру: олар білім беру ?дерісіні? ?алай ж?ретінін бас?алардан г?рі жа?сы біліп, ?здеріні? о?уын реттей алады.

•  ойлау ?абілетіні? жылдамды?ы: олар жоспарлау?а к?п уа?ыт ж?мсауы м?мкін, біра? жоспарды? ж?зеге асуына тез жетеді;

•  м?селені шешу: олар а?паратты толы?тырып, оларды? ?айшылы?тарын аны?тап, м?ніне тезірек жетеді;

•  икемділік: бас?алар?а ?ара?анда оларды? ойлау ?абілеттері жа?сы ?йымдастырыл?ан, дегенмен олар о?уда ж?не пробламаларды шешуде балама шешімдерді к?ріп, ?абылдай алады.

•  к?рделілікке деген с?йіспеншілік: ?ызы?ушылы?ын арттыру ?шін олар к?рделі ойын мен

тапсырмалар?а ?мтылады;

•  шо?ырлану: ерте жасынан бастап ерекше ?абілеттерін ?за? уа?ыт?а шо?ырлау ?абілеттері бар;

•  ерте символды? белсенділік: олар ерте жасынан с?йлей, о?и ж?не жаза бастайды (Freeman 1998).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дарынды ж?не талантты балаларды о?ыту »

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Қазақстанның көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланыла-тын болады.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып оқушылар-дың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал

ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттан-дыратын білім беру мен оқытудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды.

Талантты және дарынды балаларға білім беру

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы-мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс». (Eyre and Lowe, 2002)

Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.Британдық оқыту және білім беру академиясы талантты және дарынды балаларды дамыту тәжірибесінен алынған жағымды мысалдарды көрсететін көптеген кейс-стади әзірледі. Олар балалардың осы санатымен жұмыстың тиімді әдістерін мойындау жөніндегі дебаттардың маңызды аспектілерін көрсететін мысал ретінде осы тарауда пайдаланылатын болады.Британдық оқыту және білім алу академиясының «Талантты және дарынды балаларды

анықтау» жөніндегі кейс-стадиі сыныптардың әрқайсысында талантты және дарынды балаларды

анықтау жөніндегі әртүрлі әдістерді қолданып, олардың 1-тобының балаларымен (4–7 жас шама-

сында) жүргізілген үш жобаны суреттейдi:

1) бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес бала-

лар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы, мектепішілік бағдарлама жаса-

ды. Шектеулі вербальды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар қабілеттің

жоғарғы деңгейін көрсетті. Бір тапсырмада қарапайым вербальды қарым-қатынас пен дене

қимылын қолдана отырып, олар судың ағысын көрсетті, ал екіншісінде өздеріне және аюға

жеткілікті кең үйді жасау үшін суретті нұсқауларды пайдаланды; ал үшінші тапсырмада

олар әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін пайдаланды. Сонымен олар

жылдам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын

және тұрақты қызығушылықтары ұзаққа созылатынын көрсеткен дарынды және талантты

балалар екендігі анықталды.

2) екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға дайын екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер бойынша бір үлгермей қалған талантты оқушының табыстылығы мен қызығушылығының төмен болғандығын, бірақ сонымен қатар оның нақты іс-әрекеттердің түрлеріне қабілетті және оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімділік мүмкіндігін өзгерту үшін пайдаланды және бұл оның сыныптағы пәндерге қызығушылығын, өз ортасына құштарлығын жоғарылатып және сонымен қатар идеяларының дербестігін арттырды.

3) үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата-аналарды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Олар ата-аналармен ақыл-ой қабілет-тері туралы әңгімелесіп, ата-аналардың қарапайым сауалнама толтыруларын өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл сауалнама олардың балаларының мінез-құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және мектепте ойналатын ойындарды талдауға негіз болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды» етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қабылдауға көмектеседі.Мұғалімдер жүзеге асырған бұл жобалар «Дарынды және талантты балаларды бірінші негізгі кезеңде тәрбиелеу» деген жұмыста жарияланды (Koshy et al, 2006).Баланың алға басуын академиялық үлгерімнің қорытындысы бойынша, сондай-ақ олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша ресми түрде белгілеуге болады. Бірақ зияткерлік тұрғыдан дарынды балалар-дың кейде өздерін көрсете алмайтынына немесе өздерінің ойларын жинақтау үшін әдеттегі уақыттан көбірек уақытты қажет ететіне мысалдар да бар. Кейбір балалардың әдеттегі білім алу ортасында көрсете алмайтын ерекше әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар. Мұғалімдердің естеріне дарынның санқырлылығын түсіру үшін «тұрақты сезімдер мен пікірлерді» немесе «түсініксіз әзілдік сезімін» көрсететін мінез-құлықтар сипатын айқындайтын сауалнама құрастырылды.Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Арнайы пәндер бойынша бірқатар көрнекті қабілеттері аса кең болу мүмкін. Британияның география қауымдастығы «күрделі үдерістерді түсіну, физикалық және адамдық ортаның арасындағы өзара байланыс» сияқты мамандандырылған ерекше пәндік салаларды да, сондай-ақ сенімді қарым-қатынасқа түсу, шығармашылық және ойлаудағы бірегейлік, басқа адамдар-мен қарым-қатынас орната білу сияқты қасиеттерді қамтитын бақылау парағын құрастырды. Толық бақылау парағын web-сайттан көруге болады.Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты балаларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman, 1991).

есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

өз білімін жетілдіру: олар білім беру үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.

ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;

мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады.

күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен

тапсырмаларға ұмтылады;

шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;

• ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Freeman 1998).

Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді және олар жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты.Өзінің білім алуында осы қасиеттерді пайдаланатын балалар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмаларды қажет етеді. Бұл «ынталандыратын» немесе «күрделі» тапсырмалардың болуын көздейді. Эйр Выготский және Катцтың еңбектерінен дәйексөздер келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Міндет қоя отырып жұмыс істеу оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді. Ол, Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлел-дейтін «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейле-рін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр ойлаудың, білікті дамыту және міндеттерді шешудің аса жоғары деңгейін ұсына отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізутжөнін-дегі ұсынымдарда теорияның осы бөлігін пайдаланады.

Осындай балаларға мұғалім не ұсына алады?

Тапсырмаларды күрделендіру

Бұл килігу стратегиясының мысалдары, олардың сипаттамаларының бірі оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс оқытудың күрделендірілген бағдарламасын ұсыну болып табылады.Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін. IGGY жобасы соған үлгі бола алады, бұл орта мектеп оқушылары үшін онлайн режимінде оқу жоспарын кеңейтуді ұсынатын жоба, ол туралы http://www2.warwick.ac.uk/study/iggy/information/members/ сайтында толық сипаттама берілген.

Балаларға сайтқа кіру ұсынылады, бұл сайтта мұғалімдер тапсырмаларды күрделендіруге және міндеттерді қоюға көмектеседі.

«Ерекше әлеует» таныта білген 11 жастағы әртүрлі мектеп балалары археология бойынша тапсырма-дан тұратын күрделендіру жөніндегі жобаға шақырылды, ол «Солтүстік Сомерсеттегі Хилл Форттағы темір ғасыры» тақырыбында дарынды және талантты балалармен жұмыс» мақаласында сипатталған. (Dauban. and Crossland, 2009). Оларға құрбыларымен қарым-қатынас жасауға және құрбылары қойып отырған мейлінше кеңейтілген тапсырмаларды шешуге мүмкіндік берілді, соның көмегімен олар өздерінің білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтере алар еді. Олар кәсіби археологпен жұмыс істеді, оларға қиял, шығармашылық, міндетті шешу, дедукция, дедуктивті және логикалық ойлау, сонымен қатар әлеуметтік, вербальды және тұсаукесерлік дағды сияқты жоғары зияткерлік қабілеттердің толық тізімін дамыту қажет болды.

Орта мектепте өткізілген тағы бір ситуациялық зерттеуге 11–18 жас аралығындағы 430 оқушы қатысты. Олар жергілікті университеттерде, жергілікті ғылыми орталықтарда және университеттің оқу курстарында болды, ұлттық ғылыми жарыстарға қатысты, мектептер мен ғылыми клубтарда ғылыми дәрістер алды. Олардан алынған сауалнамалар мен сұхбаттардан келтірілген үзінділер олардың күрде-лі есептерді шығарудан, белсенді оқуға мүмкіндік алғаннан, нағыз ғалымдармен кездесіп, олармен бір-лесе жұмыс істеуден және болашақтағы мұрат-мансабы жайлы хабардарлығы артқандығынан ләззат алып, қанағаттанғандықтарын көрсетеді.

Акселерация

Оқушылардың оқу бағдарламасына сай тез дамуының тағы бір түрін «акселерация» деп атайды. «8–9 жас аралығындағы талантты да дарынды оқушыларға арналған жеделдете оқыту жоспары» атты арнайы зерттеудің нәтижесінде, ағылшын тілі мен математикадан бір жыл бұрын емтихан тапсыру мектепте талантты да дарынды оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және дамытуда тиімді әдіс болғандығын дәлелдеді. Бағдарламаны бағалауда оқушылар мен мұғалімдердің пікірлері ескерілді. Әдетте, оқушылар тапсырмалардың күрделенуін, табанды және жылдам жұмыс істеуді қаласа, ал ағылшын тілі мұғалімдері оқушылардың кейбір мәтіндермен жұмыс істеуге қабілеттері сай келетініне күмән тудырды.Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және акселерация модельдерін қолдана алатындығын айтады. Ол үш тармақты пайдалану арқылы Меркер және Нильсонның оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады:

мазмұнына өзгерістер енгізу (үдеріс пен нәтижені қоса есептегенде);

әдісті өзгерту;

білім берудегі өзгерістер.

Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жоспарларын өзгертуге болатындығына бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды. Бұл стратегияның сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екендігін айтады.«Өзгертілген оқу жоспары» әдістемесінің көмегімен сыныпта ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады, бірақ топ құру кезінде барлық оқушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру икемділікті талап етеді. Сондай-ақ, топтық жұмыс жекелеп саралау мақсатында да қолданылады. Бұл амалдың тиімділігі егжей-тегжейлі қарастырылуда.«Топтағы жұмысты құрылымдау» атты кейс-стадидің соңғы мысалы орта буында математика пәнін оқыту жұмысын зерделейді. Зерттеудің алғашқы кезеңінде мұғалім сабақ жүргізген, ал оның екі көмекшісі оқушыларды бақылап, сабақ барысында оқушылар арасында жүргізілген талқылауды бейнетаспаға түсіріп отырған. Сонымен бірге оқушылар сауалнама толтырады. Талдау қорытындылары келесі сабақтарда қолданылды. Топ құрамын өзгерту арқылы топ мүшелерінің жынысына және мүмкіндіктеріне қарай басқалармен жұмыс істеуінен пікірталас арқылы шешуді талап ететін күрделендірілген есепті шығаруға дейін стандартты емес жұмыстың арқасында бұндай сабақтардың сапасы артып отыр. Зерттеу оқушылардың математикалық есептерді шығаруда өзін сенімді сезінген және үздік бірлескен жұмыс пен сындарлы әңгіме жүргізген белгілі бір топтарда

жақсы жұмыс істегендері анықталды (Seal, 2006).


Пайдаланылған әдебиеттер

Dauban. J & Crossland. J., (2009). ‘Working with Gifted and Talented Children at an Iron Age

Hill Fort in North Somerset’. [«Солтүстік Сомерсеттегі Хилл Форттағы Темір ғасыры». Бастауыш

сыныптардағы тарих. Талантты да дарынды балалармен жұмыс істеу.] in Primary History 51. Spring,

2009 (Historical Association, UK).

Eyre. D and Lowe. H., (2002). Curriculum Provision for the Gifted and Talented in the Secondary

School. [Орта мектептегі дарынды және талантты оқушыларды оқыту.] David Fulton.

Eyre. D and McClure. L., (2001). Curriculum Provision for the Gifted and Talented in the Primary

School. [Бастауыш мектепте дарынды және талантты оқушыларға арналған оқу жоспарын құру.]

David Fulton.

Freeman. J., (1998). Educating the Very Able. [Ерекше қабілеттілерді оқыту.] The Stationery Offce,

London.

Freeman, J., (1991). Gifted Children Growing Up. London: Cassell.

GTIP Think Piece – Gifted & Talented. [Дарындылар мен таланттылар.] (2007). Online at http://

www.geography.org.uk/gtip/thinkpieces/giftedtalented/ (accessed on February 19, 2012).

International Gateway for Gifted Youth. [Дарынды жастарға арналған халықаралық шешім.]

(2010). Online at http://www2.warwick.ac.uk/study/iggy/information/members/ (accessed February

19, 2012).

Koshy, V., Mitchell, C., & Williams, M., (2006). Nurturing gifted and talented children at Key

Stage 1. A report of 14 action research projects. [Бастауыш мектепте дарынды және талантты ба-

лаларды тәрбиелеу.] DfES Research Report 741 online at https://www.education.gov.uk/publications/

eOrderingDownload/RB741.pdf (accessed on February 19, 2012).

Montgomery, D., (1996). Able Underachievers. [«Қабілетсіз» қабілеттілер.] London: Whurr.

Seal, C., (2006). How can we encourage pupil dialogue in collaborative group work? [Оқушыларды

біріккен топтық жұмыста диалогке қалай итермелеу керек?]. National Teacher Research Panel

Conference summary online at http://www.gtce.org.uk/tla/rft/curriculum0809/casestudies/casestudy3/

(accessed on February 19, 2012).

Teaching and Learning Academy (n.d.) Online at http://www.tla.ac.uk/Pages/Hello.aspx (accessed on

February 19, 2012).Faculty of Education

78

Center

of Excellence






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дарынды ж?не талантты балаларды о?ыту

Автор: Абумаликов Ерлан Канатбаевич

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174704


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства