Просмотр содержимого документа
«Д.Исабеков "Әпке"»
БӨЛІМ: МАХАББАТ ПЕН АБЫРОЙ
Сабақтың тақырыбы:
Дулат Исабеков «Әпке». Бауырмалдық.
Сабақтың мақсаты
Т/Ж. 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Шығармадағы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз тұстарын анықтай алады.
• Шығармадағы кейіпкерлердің шығармадағы маңыздылығына баға бере алады.
• Көркем шығармадағы кейіпкерлерге тура және жанама мінездеме бере алады.
МІНЕЗДЕУ
Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін – мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.
Тура мінездеу
Тура мінездеу - кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндайды .
Жанама мінездеу
Жанама мінездеу.
Оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу – осының бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі
"Сатамын және сатып аламын" тренингі.
(Оқушылар өз бойындағы кемшіліктерін сатып, көршісінің бойындағы жақсы қасиеттерін атап алады)
"Кездейсоқ сандар" әдісі
Кесте құру
Кейіпкер
Шығармадан кейіпкер сөзін табу
Менің ойымша...
Дескриптор:
Түгел топ қамтылады.
Уақыт үнемділігі ескеріледі.
Бұл кім?
(Кейіпкер сөзіне байланысты кім екендігін анықтау)
Дескриптор:
Үзінділердің қай кейіпкерге тиесілі екендігін таба алады.
Топтық жұмыс. "Ассоциативтік қатар"
"Ассоциативтік қатар" стратегиясы бойынша жанама мінездеу арқылы ортақ пікір қалыптастыру.
Дескриптор:
- әр оқушы кейіпкер туралы өз пікірін жазады;
-жанама мінездеуді табады;
- пікірлерді саралап, топ ортақ идеяға келеді;
- жұмысты қорғайды.
"Ішкі және сыртқы шеңбер" әдісі
Дескриптор:
-ішкі шеңберге жағымды қасиеттерін жазады;
- сыртқы шеңберге жағымсыз қасиеттерін жазады;
«Қадам» рефлексиясы
Үй тапсырмасы
"Әулет жүгін арқалаған аруға хат".
Әр оқушы бас кейіпкер Қамажайға хат жазады.
Дескриптор:
Стильдік ерекшеліктерге сүйене отырып хат жаза алады.