ХХІ ?асыр ??ата? б?секе ?асыры. Б?гінгі та?да ?зіміз т?лім-т?рбие беріп жат?ан ?рпа? ерте?і к?ні тек білімді маман ?ана емес, Отанын жанындай с?йетін, ?лтты? тарихы мен м?дениетін ?астерлейтін, рухани кемелденген азамат болып жетіліуі ?ажет. ?азіргі елдігімізді біліп, е?семізді к?терумен бірге ?лтты? т?рбиені жа?артып-жа??ырта отырып, ?рпа? т?рбиесін халы? даналы?ымен, д?ст?рлі ???ы? нормаларын ?штастырып, дамыту?а тиіспіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Д?СТ?РЛІ ?АЗА? ?О?АМЫНДА?Ы ???Ы? НОРМАЛАРЫНЫ? ЖА?АНДАНУ ЖА?ДАЙЫНДА?Ы ЖАС ?РПА??А ТИГІЗЕТІН Т?РБИЕЛІК ?СЕРІ »
Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ- нің Экономикалық колледжі
БАЯНДАМА
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАС ҰРПАҚҚА ТИГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ӘСЕРІ
Дайындаған: Утевалиева Г.К.
тарих пәнінің оқытушысы
Жас ұрпақ ― біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы.
Жас ұрпақты елжандылық, құқықтық рухта тәрбиелеу ― жастарды ерлікке, отансүйгіштікке, ар-намысты қорғауға, өз құқын білуге, адамгершілікке баулиды.
.
Әлемдегі аса ауқымды құбылыстардың бірі ― жаhандану дәуірінің білім жүйесіне зор ықпалын тигізіп жатқан кезеңінде адамзат ұрпағының тағдырына деген алаңдаушылығы пен жауапкершілік сезімдері толастаған емес. Жер бетіндегі бақытты ғұмыр кешіп жатқан олардың бабалары мирас етіп қалдырған рухани-мәдени қазыналарын қастерлеп, өскелең ұрпақ тәрбиесіне жаратып келе жатқаны шындық .
ХХІ ғасыр ―қатаң бәсеке ғасыры. Бүгінгі таңда өзіміз тәлім-тәрбие беріп жатқан ұрпақ ертеңі күні тек білімді маман ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып жетіліуі қажет. Қазіргі елдігімізді біліп, еңсемізді көтерумен бірге ұлттық тәрбиені жаңартып-жаңғырта отырып, ұрпақ тәрбиесін халық даналығымен, дәстүрлі құқық нормаларын ұштастырып, дамытуға тиіспіз .
„Өнерлі өрге жүзеді”, „Талаптыға нұр жауар”, „Ерінбей еңбек еткен мұратына жетеді”, „Арақ пен ұйқы ― кедейліктің төте жолы”, „Арыңды жасыңнан сақта”, „Ата-анасын сыйлаған адал бала, отырады жұмақтың төрін ала” деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бере отырып, ұрпақты адамгершілік пен құқықтық тәрбиеге баулыған. Ата-бабаларымыздың үлгісін, жол-жоралғысын еске ала отырып, тарихта өткен хандардың жарлықтарын, билердің шешімдерін жастарға меңгертудің мәні зор.
Қазақ хандығы тұсындағы іргелі реформалардың бірі Тәуке хан тұсында жүргізілді. Әз-Тәукенің „Жеті жарғысы” қазақ елінің аласапыран дүниеде құйын айдап кетпей, аман қалуына басты себеп болды. Қазақ әдет-ғұрып заңдары қазіргі еуразиялық жаhандану өкілдері туғызған заңдардан анағұрлым адами, ол ― азаматтық қоғам қарым-қатынастарын реттеуге көбірек ыңғайланған жол.

Соңғы жылдары жаhанданудың бір тетігі ретіндегі батыстану ― тек Батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік реттеудің (адам құқығы, жеке адмның тұлғалық тұрпаты, діни сенімі, ұлттық төзімділік, әдептілік, т.б.) мәдени-өркениеттік қалыптар кешені де қабылдау екенін түсінген дәстүрлі қоғамды жақтаушылардың табанды қарсылығына тап болуда
Рас, Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біз үшін өте қажет, алайда, Батыс өркениетінің қоршаған ортаға тек пайда табу көзі деп қарауға үйретуі, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі бұл мәселеде бізге үлгі бола алмайды.
Сондықтан „Дала заңдарын” ешқашан естен шығармауымыз қажет
Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс
Жасөспірімдерді құқтық мәдениет пен білімге бағыттай отырып, тәрбиелей біліп, қылмыстық істерге жібермеу керек. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Халық заңындағы : « Баланың әкесіне қарсы шығуға хақылары жоқ. Егер өзінің әкесін немесе шешесін балалары балағаттаса, онда өгізге теріс мінгізіп,мойынына ескі құрым іліп, ауыл аралатады немесе қамшымен дүрелейді. Ал қызды байлап, шешесінің жазалауына береді» деп айтылса, ҚР 1998 жылы қабылданған « Неке және отбасы туралы» әр баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы бар, мемлекет отбасындағы бала мүддесіне сай қорғау қызметін жүзеге асырады, әрбір ата-ана кәмелет жасқа жеткенше балаларына қамқорлық көрсетуге міндетті» делінген.
„Бізге қажетті ― жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтақ парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу”.Н.Ә.Назарбаев