kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныпта ойын ар?ылы ауызша с?йлеу да?дыларын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптарда ?аза? тілі саба?тарында ойын ар?ылы ауызша с?йлеу да?дыларын дамыту Ж?мабекова К?місай С?лтанбек?ызы «№64 А. Байт?рсынов орта мектебі»Бастауыш сынып м??алімі    ?азіргі жа?дайда болаша? ?рпа?ымызды білімді,м?дениетті,саналы етіп  т?рбиелеуде  егеменді елімізде ?аза? тілін о?ыту ?мірлік зор ма?ыз?а ие болып отыр. ?аза? тілін ?йрету барысында о?ушыларды ?аза? еліні? салт- д?ст?рімен,?дет-??рпымен,м?дениетімен таныстыру оларды? жан-жа?ты дамуына, тілге деген к?з?арастарын ?алыптастыру?а к?п к?мегін тигізеді.?аза? тілі де бас?а ?лт ?кілдеріне шет тіл болып санал?анды?тан, шет  тілін, я?ни, ?аза? тілін о?ыту ар?ылы о?ушыларды  ?лтты? патриотизмге т?рбиелеуге жол ашады. Олар ?з ?лтын с?юге,?зге ?лттарды сыйлау?а ?йренеді.П?н бойынша ?зекті та?ырыбым «Бастауыш сыныптарда ?аза? тілі саба?ында ойын ар?ылы ауызекі с?йлеу да?дыларын дамыту» П?н бойынша басты ма?сатым ж?не міндетім – ?аза?ша с?йлей білуге ?йрету, ауызекі с?йлей білу, игерілген білімдерін ?олдана білу, белгіленген талаптарды игеру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта ойын ар?ылы ауызша с?йлеу да?дыларын дамыту »

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту

Жұмабекова Күмісай Сұлтанбекқызы

«№64 А. Байтұрсынов орта мектебі»Бастауыш сынып мұғалімі



   Қазіргі жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді,мәдениетті,саналы етіп  тәрбиелеуде  егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр. Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт- дәстүрімен,әдет-ғұрпымен,мәдениетімен таныстыру олардың жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, шет  тілін, яғни, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды  ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады. Олар өз ұлтын сүюге,өзге ұлттарды сыйлауға үйренеді.Пән бойынша өзекті тақырыбым «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» Пән бойынша басты мақсатым және міндетім – қазақша сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлей білу, игерілген білімдерін қолдана білу, белгіленген талаптарды игеру.



   Балаларды қазақша сөйлей білуге үйретуде мынадай талаптар қоямын:

1.     Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру.

2.     Сөз балаларға таныс заттарға байланысты болу керек.

3.     Әрбір сөз үнемі пайдаланылып, қайталанып отыруы тиіс.

4.     Сөздік қорды молайтып отыру.

5.     Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.

   Бұл талаптарды орындау үшін әр сабақ қызықты құрылып, сабақтың әр кезені әдістемелік талапқа сай жүргізілуі тиіс. Тіл үйрену баланың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау дағдысын жан – жақты дамытып, кеңейтіп отыру қажет. Балалардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйеніп мынадай тәсілдер қолданамын:

-         Сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау,сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, оқу т.б.)

-         Көрнекі құралдар қолдану (сурет, ойыншық)

-         Ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс, сюжетті – рольдік, логикалық, т.б.).

   Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі – сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше. Бала ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді жаттайды. Сабақ баланың ақыл – ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл – ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тез ұғып алады. Ойындар грамматикалық,фонетикалық, лексикалық,орфографиялық  болады.Олардың  барлығы тілдік дағдының қалыптасуына әсер етеді.

«Сөз жарысы» ойынын кез келген тақырыпты өткен кезде,нәтиже сабақта  ойнатуға болады.Мысалы, «Азық түлік» тақырыбын өткен кезде үш  оқушы тақтаға шығып сөздер жазады.Бір оқушы сүт тағамдарын жазады,екінші  оқушы азық түліктерді жазады,үшінші оқушы ет тағамдарын жазады, кім бірінші болып жазып бітірсе, сол оқушы жеңімпаз болады. Бұл ойын оқушыларға өте ұнайды,оқушылар белсене қатысады.«Сандарды сөйлет»  ойыны  оқушылардың сөйлеу дағдылары дамиды, оқушылар қызыға ойнайды.Бұл ойынды «Жыл мезгілдері» ,»Қазақстан  Республикасының мерекелері» тақырыптарын өткенде ойнатуға болады. Сандардыкеспе қағаздарға жазып, бір- бір оқушыдан тақтаға шығып сөйлем құрастырады.Мысалы,365, 12-Бір жылда12  ай  бар ,бір жылда 365 күн бар, 8-наурыз -Халықаралық әйелдер күні. «Кім көп біледі?» деген дидактикалық ойынды сөздер айту , сөз тіркестерін , сөйлем  құрастыру арқылы ойнатамын.

  «Дыбыстар жұмбағы» ойынын барлық сыныптарда ойнатуға болады.Бұл ойын сөздік қорларын дамытады,дыбыстарды дұрыс табуға,айтуға үйретеді.Мысалы,кез келген тақырыпты  қайталаған кезде ойнатуға болады. Оқушылар жиі қолданылатын сөздік қордан сөздер табуы тиіс.Сөздік жұмбақты өздері құрау керек.

  «Мектеп» тақырыбын қайталаған кезде ; қаламда бар,өшіргіште жоқ,қарындашта бар,сызғышта жоқ. Бұл қай әріп? Бұл әріп -Қ

  «Ойлан тап» ойынында оқушылардың кез келген білетін тақпақтарын интерактивті  тақтаға жазып,тақпақтағы қазақ тіліне тән дыбыстарды алып тастап ,дыбыстарды тақтаға шашыраңқы етіп жазып,сол дыбыстарды көп нүктенің орнына  дұрыс қойып шығу керек.«Шешуін тап» ойындарында қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын. Ойынын түрлері өте көп.Ойынын  тағы бір түрі -Тілдік ойын. Тілдік ойындарға ситуациялық, рөлдік, іскерлік ойындар жатады.Бұл ойындарды«Азық түлік», «Отбасы», «Киім»,«Тамақ»,«Дүкенде» тақырыптарын өткен кезде  ойнатуға болады. Бұл ойындар оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытады,оқушылардың қызығушылықтары арттады.  Мысалы, «Дүкенде» тақырыбын алатын болсақ,бала мен бала,сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу болады.Ойын әдісінің тиімділігі тілді үйренуде сөйлеу ,тыңдау және көру іс- әрекетінің маңызды екендігін байқатады. Тіл үйренуді  ойын түрінде жүргізу оқу мотивациясын арттырады; оқушының кейіпкер сөзін,іс- әрекетін қабілетіне қарай  қайталап (рөлдерде ойнап) қарым қатынасқа  түсу әсері жоғары болады ;оқушының түсіну және түсіндіру қабілеті дамиды.Рөлдік ойын лексикалық  материалды бекіту мен жандандыру үшін пайдалы.Ең бірінші сөйлеу іс- әрекетінің тыңдау- сөйлеу түрлері негізге алынады. Оқушының танымдық белсенділігі,ойын жүйелі жеткізу дағдысы,яғни білімге деген жан –жақты  тереңқызығушылығын,дербес белсенділігін туғызады. Айта кету  керек , ойын әдісінің өте тартымды  әрі тиімділігіне қарамастан,сезімді шектей білу керек, әйтпесе ойын оқушыларды жалықтырып жіберуі  және эмоционалды әсерді жоғалтуы  мүмкін.Сонымен қатар сергіту ойындарын  пайдаланамын.Сабақта балалар шаршады-ау деген мезетте сергіту,бой жазу жаттығуларын жүргіземін.Жалпы мектепте балалар сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан шаршамайды,тіпті уақыттың  қалай өткенін  де байқамай қалады. Ойын  оқушының  жеке  ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік  береді, мысалы, өзара көмек, бірін- бірі қолдау, жолдастық сезім,сондай- ақ бірқатар психикалық  үдерістердің:    есте сақтау,ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу,пайымдау т.б. дамуына әсер етеді. Ойын төменгі сынып оқушыларының топта жұмыс  істеу арқылы ұжымдасуына көп көмегін тигізеді.Егер ойын сабақтың басында өткізілсе, балалар қалған уақытта тамаша жұмыс істейді, нашар оқушылар жеткілікті дәрежеде белсенділік танытады, сабақтың ортасында да ,соңында дасабаққа  қызығушылығы артып, назар аударуы жоғарлайды.



ӘДЕБИЕТТЕР:



1.Комышева А.В. Игровые методы обучения иностранным языкам//Қазақ тілі әдістемесі ,2008, №1, 16-17,20-21 б.

2.Сұнғатова Г.Ж.Сабақта ойын жағдаяттарын пайдалану//.Қазақ тілі әдістемесі,2008,№2, 9-11б.

3.Сұнғатова Г.Ж. Тілдерді оқыту ойын әдісі//, 2009,№3,26-29 б.

4.ҚұдайбергеноваА.М.Ойындар-коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру құралы// Қазақ тілі әдістеме, 2009,№8. 20б,22 б.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш сыныпта ойын ар?ылы ауызша с?йлеу да?дыларын дамыту

Автор: Ж?мабекова К?місай С?лтанбек?ызы

Дата: 20.07.2015

Номер свидетельства: 223219


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства