Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?.Денсаулык- зор байлы? »
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 8 “А”
Күні: 26.11.2014 ж.
Мұғалімнің аты-жөні: Альмишева Ляззат Шайзаевна
Жезқазған қаласы
№ 3 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық-зор байлық.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі, өткен тақырыппен байланыстыру, жеке оқушымен жұмыс, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиялары, интерактив әдісі
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өткізілу түрі: сұрақ-жауап, жеке және тақтамен жұмыс
Сабақтың әдісі: интерактивтік оқыту әдістері – ізденіс, ой қорыту, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Техникалық оқу құралдары, көрнекілігі: интерактивтік тақта, мультимедиялық презентация, таратпа материалдар.
Білімділік: денсаулық туралы білімді тереңдету, пән бойынша білік, дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: күнделікті өмірде қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру.
Лексикалық минимум:
қария – старец, почтенный человек
денсаулығы –здоровье
бағалау – оценить
дүние жүзі-весь мир
ешқашан – никогда
қоғам-общество
емші –лекарь
ең басты мәселесі-самая главная проблема
үйлесімі-гармония
тоқшылық –сытость
ынтымақты-солидарность
көңіл- настроение
спортпен шұғылдану-заниматься спортом
ұйқы – сон
дұрыс тамақтану-правильно питаться
күзет – охрана
өріс – здесь: сфера, (пастбище, выгон)
кепіл – гарант
Сұрақтарға жауап алу.
Қос сөз деген не?
Біріккен сөз деген не?
Қысқарған сөз деген не?
Зат есімнің қандай жалғаулары бар?
Көптік жалғауларды атаңыз.
Тәуелдік жалғауларды атаңыз.
Жіктік жалғауларды атаңыз.
Кестемен жұмыс.
Септік жалғауын еске түсірейік.
Септік жалғауларды атаңыз.
А.с
І.с
дәрігер
Б.с
денсаулық
дәрігердің
денсаулықтың
Т.с
дәрігерге
Ж.с
дәрігерді
денсаулыққа
Ш.с
дәрігерде
денсаулықты
денсаулықта
дәрігерден
К.с
денсаулықтан
дәргермен
денсаулықпен
«Халықтың денсаулығы – ел дамуының
аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі».
Н.Ә.Назарбаев
Мәтінді оқып, өз отбасыларың туралы әңгімелеңдер.
Денсаулық-зор байлық.
Адам денсаулығы – барлық дүние жүзі бойынша, әр қоғамның ең басты мәселесі. Денсаулық - әр бір жеке адамның, қоғамның, адам психологиясының үйлесімі, адамдардың өздерімен, туыстарымен, табиғатпен ынтымақты, қарым- қатынасы. Адам, ең бастысы, денсаулықты сақтау керек. Ол үшін өзін күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, саламатты өмір сүру салтын дамытып отыру керек.
Денсаулықтың басты кілті – дене шынықтыру, дұрыс тамақтану болып табылады. Күнделікті тіршілікте денсаулықтан асқан бақыт жоқ. Адам ауырып емделсе, ол бәрібір денеде із қалдырады. Созылмалы аурулардың ошағы кейде сақталып қалады. Кейіннен қайталануы да мүмкін. Ауырмас үшін витаминдер, шөп тұнбаларын пайдаланып, алдын – ала сақтанып жүргендердің іс – әрекеті өте дұрыс. Ол да өз жемісін береді.
Мәтін бойынша сұрақ-жауап:
Мәтін қандай стильде жазылған?
Мәтіннен негізгі сөздерді, сөз тіркестерін табыңыздар.
Сен білесің бе?
Бір жас жігіт қариядан: «Денсаулықты не жетілдіреді?» - деп сұрапты.
Қария: «Денсаулықты жетілдіретін жеті емші бар,» - деп жауап беріпті.
Тоқшылық – денсаулықтың кепілі.
Ұйқы – денсаулықтың дәрігері.
Күлкі денсаулықты арттырады.
Жақсы жар көңілді өсіреді.
Ақылды дос ақылыңа ақыл қосады.
Еңбек – денсаулықтың күзетшісі.
Өнер еңбегінді өсіріп, өрісіңді кеңейтеді, - депті қария.
қария – старик
тоқшылық – сытость
ұйқы – сон
күлкі – смех
жақсы жар – хороший супруг, супруга
еңбек – труд
өнер – искусство
Сызбамен жұмыс: «Кластер» стратегиясы .
Денсаулық
Өздік жұмыстар:
1 тапсырма. Зат есімнің тәуелдік жалғаулы түрін септеу. Тақтамен жұмыс.
А.с
І жақ
дәрім
І.с
ІІ жақ
ІІІ жақ
жүрегі
Б.с
көзі
Т.с
Ж.с
Ш.с
К.с
Мына сөздердің мағынасын біліп алып, көшіріп жазындар.
Көз – адамның, жан-жануардың көру мүшесі.
Көз – күннің сәулесі, нұры.
Көз – біреудің ескерткіш заты, бұйымы, сыйға тартқан заты.
Дәрумендер — ерекше органикалык заттар. Адам ағзасы дәруменсіз қалыпты жұмыс істей алмайды. Адамдар тамақтанғанда дәрумендерді азық – түлік, көкөніс, жеміс – жидек, шырындардан алады. Дәрумендердің түрлері өте көп. Олар латын алфавиті А, В, С, Д және т. б. әріптермен белгіленеді.
А дәрумені ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз алабүғасында, сары майда, сәбізде, қызанда кездеседі.
В дәруменінің түрлері өте көп, В 1 , В 2 , В 6 , В 12 , В 15 . Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде әсіресе ашытқыда болады. В дәрумендерінің тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бүл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі тозады және ашуланшақтық байқалады.
С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістердің мықтылығын жақсартады. Бұл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған орамжапырақты тағамға көбірек пайдаланған жөн.
Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен келеді. Д дәрумені жетіспесе бала мешелге ұшырайды. Д дәрумені тресканың, басқа да балықтардың бауыр майында мол. Сары майда, жұмыртқаның сары уызында аздау. Өсімдік тағамдарында жоқ, мал өнімдерінде өте аз.
жемістерде
В дәрумені.
треска, алабұға балықтар
сары май, сәбіз, қызан
А дәрумені
нанда, ашытқыда
С дәрумені.
көкөністер, жемістер
ашыған орамжыпырақ
С дәрумені.
күн сәлесінде бар
треска, балықтардың бауыр майында мол
мал өнімдерінде, сары май, жұмыртқада өте аз
өсімдік тамақтарында жоқ
Сабақты қорытындылау:
Дәрумен – дененіміз не?
Адам дәрумендерді қайдан алады?
Дәруменнің қандай түрлері бар?
А дәрумені не үшін қажет, ол қандай тағамдарда болады?
В дәруменінің қандай түрлері бар?
Ол қандай тағамдарда болады?
В дәрумені жетіспегенде адамда қандай белгілер байқалады?
С дәрумені не үшін қажет, ол қандай тағамдарда болады?
Д дәрумені адам ағзасына қайдан келеді?
Ол қандай тағамдарда болады?
Қорытынды жаттығу. (Жазбаша)
Қай азық-түліктің құрамында қандай дәрумен бар? Жауап беріңдер.
Ү л г і: С дәрумені лимонда, пиязда, сәбізде т.б. болады.
А дәрумені _____________________________________
В дәрумені _____________________________________
Д дәрумені _____________________________________
Тақпақ: «Дәрумендер».
Дәрумендер тұрағы,
Түрлі тағам құрамы.
А- болады асқабақ,
өрік, қызан, салатта.
Б- балық, картоп, асбұршақ,
Сиыр еті, жаңғақта.
С- қарақат, алмұртқа,
Кивиге тән табылар.
Д- балық майында,
Е- қарақатта табылар.
Өлеңді жаттап алыңдар
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі – жиі жуын сен.
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз – түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
Бағалау:
Нені үйрендік?
Нәтиже
Медицина саласының ұлы ғалымдары туралы мәлімет алдық па?
Жай септеу мен тәуелді септеудің арасындағы айырмашылықты анықтадық па?
Денсаулықты сақтаудың басты кілті не деп ойлайсыздар?