Сабақ тақырыбы: | Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге. |
Білімділік: | Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушылардың ұлттық теңге жайлы ақпараттық ұғымын қалыптастыру. |
Дамытушылық: | Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру. |
Тәрбиелік: | Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы патриоттық тәрбие беру. |
Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
Жетістік крирерийлері: | ОТЖ: ұлттық теңге жайлы ақпарат береді. ООЖ: ұлттық теңге жайлы айтады, сипаттайды, өойылған сұрақтарға жауап береді. ОЖЖ: тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, ұлттық теңгеге байланысты шағын мәтін құрайды. |
Жаңа сөздер: | Шыққан жылы, бейнесі, төл теңге, өңір, мерейтой, арнайы, ерекше. |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді. | Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. |
Өткен сабақты тексеру | 28 бет, 7-тапсырма. жазбаша жұмыстарын тексеремін. Сонымен қоса жаңа сөздерді сұраймын. (А4 парағына жазып отырады) | Жаңа сөздерді жазады. |
І.Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында «Ұлттық теңге» деректі бейнежазбаны көрсету. | Бейнежазбаны тамашалайды. |
ІІ.Мағынаны тану | 1.Сөздікпен жұмыс. А) жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту. Оларды оқып, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Жазылым. Сөздік дәптерлеріне жазып алады. |
| 2.Мәтіналды жұмыс. А.Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. 1.Баланың қолында не бар? 2.Ол ақшаны не үшін қолданады? | Жазылым. Сұрақтарға жауап жазады. |
Сергіту сәті | 3.Мәтінмен жұмыс. А)Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындату. Аталған елдердің ұлттық валюта атауларын жазу. Ресей – рубль Қытай – юань Қызғызстан - сом Өзбекстан – сум Үндістан – рупия Германия – евро Египет – фунт Англия – фунт стерлинг АҚШ – доллар Түркия - лира (8-тап) | Тыңдалым. Оқылым. |
| Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тап.орындату. Менің ақшам. Сенің ақшаң Сіздің ақшаңыз Оның ақшасы. Біздің ақшамыз. Сендердің ақшаларың. Сіздердің ақшаларының. Олардың ақшалары. | Сөздерге қосымша жалғап жазады. |
IV.Бекіту. | «Кім көп біледі?» ойынын ұйымдастыру. | Екі топқа бөлінеді. Жеребе тастау арқылы елтаңба мен ту туралы айтып береді. |
V.Үйге тапсырма. | 32 бет, 9-тапсырма. Жаңа сөздерді жаттап келу. | Үй тапсырмасын жазып алады. |
VII.Рефлексия. | | Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарын жапсырады. |