Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мектебіміздегі коучинг сессиямызға келгендеріңізге өте қуаныштымыз.
Сергіту сәті
Көңіл күйлерін көтеру,топқа бөлу
Коучингімізді көтеріңкі көңілмен бастап, жақсы көңіл күймен аяқтайық. Ол үшін мен сіздермен «Капитан және матростар» ойынын ойнағым келіп тұр. Ойын шарты: орнымыздан тұрып, шеңбер құрамыз, мен ортада капитан, ал сіздер менің матростарым боласыздар. «Капитан» сөзін естігенде араласып жүресіздер, еден жуамыз» дегенде жұппен еден жуасыздар, «құтқарамыз» дегенде екі адам бір адамды ортаға алады, «түскі ас» дегенде төрт адамнан жұптасасыздар. Осы топпен орындарыңызға отырсаңыздар.(5 мин)
Негізгі бөлім.
1 слайд сабақ тақырыбы, мақсаты
1 қадам «Мюнстерберг» әдісі оқушылардың зейін талғамдылығын анықтауға бағытталған әдіс. Оны топтық жұмыста да, жеке жұмыста да қолдана аламыз. Бұл жұмыста белгіленген сөздер саны мен қате сөздер саны бағаланады. Берілген әріптік мәтін арасынан жылдам сөздер тауып, астын сызасыздар. ( 3 мин)
Сөйлем:
1топ жұптық жұмыс вадаоыоаллмирмағанаапрсчыжлжақсыиимссчжямұғалімпапролтбәріненлрчсдпдетсоқымбат,тапрсыарөйткеніиапрльолдрапмұғалімтитбддотмвамектептіңболдгонгжүрегімапоолргг
Сонымен, қандай сөздер таптыңыздар, оқып шығайық. Нақыл сөздер «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі», «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін». Осы сөздерді қалай түсінесіздер? Яғни, біз мектептің жүрегіне, ұлағатты атауға лайықты болғымыз келсе, дәстүрлі оқудан заманауи, жетілген интербелсенді оқуға көшуге тиіспіз. (2 мин)
2 слайд Сындарлы сыныптағы қарым-қатынас
2 қадам«Миға шабуыл» әдісі.
а) берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңыздар.
ә) Осы арқылы мәтін тақырыбын анықтаңыздар. (5 мин)
1 топ
қателесіп күйеуіме бүгін жазып «Мен сені жақсы көремін» әкеме деп хат, хатымды жіберіппін.
соң бірнеше минуттан хабарлама «Әкең. Мен де сені жақсы көремін» деген келді.
толқыдым қатты.
сирек ол хабарласамыз екеуміз.
айтады екенбіз мұндай сөздерді ыстық бір-бірімізге аз.
бақытты өзімді сондай сезіндім.
2 топ
кіргенін інімнің бөлмеге сездім.
«шық, бар менің бөлмемнен» оған қарамастан деп зекідім.
Бүгін күйеуіме «Мен сені жақсы көремін» деп хат жазып, қателесіп хатымды әкеме жіберіппін. Бірнеше минуттан соң «Мен де сені жақсы көремін. Әкең» деген хабарлама келді. Қатты толқыдым. Ол екеуміз сирек хабарласамыз. Мұндай ыстық сөздерді бір-бірімізге аз айтады екенбіз. Өзімді сондай бақытты сезіндім.
2 топ
Інім бөлмеге кіргенін сездім. Оған қарамастан «шық, бар менің бөлмемнен» деп зекідім. Үндемей тұрғанын сезіп, артыма бұрылып қарасам, анам әкелген шиені жуып, ыдысқа салып, маған әкеліп тұр екен. Қатты ұялдым. Дөрекі сөйлеймін деп жасытып алады екенбіз. Енді олай істемеймін деп іштей уәде бердім.
Бағалау парағы
Жұмысты критериалды бағалау (1мин)
3 слайд Сындарлы сыныптағы ынталандыру
Сергіту сәті
«Менде пум-пум бар ма?» ойыны (5 мин)
3 қадам. Иллюстрациямен жұмыс.
Қазір біз сіздермен қадам бойынша жұмыс жасаймыз. Слайдқа назар аударыңыздар.
а) Құрастырған мәтінге жоғары және төмен деңгейлі сұрақтарды құрайсыздар.
ә) Осы әдісті өз сабақтарыңызда қалай қолдана аласыздар? Басқа қандай стратегияларды қолданасыз?
Ең алдымен ұжыммен талқылап алайық. Жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар қандай болады? Алдарыңызда Блум таксономиясы жатыр. Сабақта осы әдісті қолданасыз ба? Неше сатыдан тұрады? (5 мин)
Постерге өз жұмыстарыңызды түсіресіздер.
Қорғайсыздар. Әр топ бір-біріне 2 жұлдыз, 1 ұсыныс білдіреді. (20 мин)
4 слайд СТО әдістерін қолданудың артықшылығы
III. Қорытынды
Рефлексия
«Баспалдақ» әдісін қолдана отырып, коучингке қатысты өз ойларыңызды жинақтап, баспалдақтың қай сатысына жайғасқандықтарыңызды стикер жапсыру арқылы кері байланыс берсеңіздер. (5 мин)