kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіздікке арнал?ан о?ушылар шы?армашылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіздік –азатты?ты? а? та?ы.

Ы.Алтынсарин атында?ы ЖОББМ о?ушыларыны? шы?армашылы? ж?мыстары

К?ркем шы?армалар, газет-журналдар о?у баланы? ой-т?йсігін биіктетіп, с?йлеу, жазу тілін байытады.Ал а?ыл-ойы мен тілі бай адамны? идеясы, ?мірді тануы, кез келген ортамен тіл табысуы-?зіні? де, ?згені? де ба?ыты. Сонды?тан мектепте «Жас тілші» ?йірмесін ?йымдастырып,о?ушыларды? шы?армашылын шы?дауды ?зіме ма?сат т?ттым.Балалы?ты? бал исі а??ы?ан тырна?алды жау?азын жырларын к?пшілік ?ауымны? ж?регінен жол тап?ан шы?армашылы? ж?мыстарын  жіберуді ма??л к?рдім.

Жантемирова Ляззат Кенже?али?ызы

«Жас тілші» ?йірмесіні? жетекшісі

Т?уелсіздік ел мерейі.

1986. ?ыс айы, аты ?андай ыз?арлы,

Сол бір жылы жастар ?шін ?анды ереуіл басталды.

Б?гінгі к?н арда?таймыз, ерлігіне бас ?рып,

Елі ?шін, жері ?шін ?анын т?ккен жастарды.

16-желтосан. ?анды ереуіл, ?асіретті  к?н еді,

?анша жасты? ?ыршын кетті жалында?ан ж?регі.

Ар-намыспен  шы?ты олар ереуілге ел ?шін,

?анша азап к?рсе да?ы шыдап ба?ты жер ?шін.

Б?гінгі к?н ?ол жеткізіп, егеменді ел болды?,

Т?уелсіздік ел ба?ыты, армандар?а ?ол созды?.

?аза?стан-айбыны ас?а?, к?к туымыз желбіреп,

Иы? тіреп ?зге елмен, терезесі те? болды?.

Еш?ашанда ?мытылмас т?гілген ?ан ел ?шін,

Осы к?нге жету ?шін т?ккен е?бек тер ?шін.

Тарихымда та?балан?ан алтын зерлі ?ріппен,

Батырларды? ?лы ерлігі зор ма?таныш біз ?шін.

?уантаева Малика

«Жас тілші» ?йірмесіні? м?шесі

Т?уелсіздік- ел тірегім.

Т?уелсіздік елімні? арманы еді,

Сан ?асыр а?сап ?ткен ?аза? елі.

?аншама жас сор?алап, ?ан т?гілді,

Са?тау ?шін киелі ту?ан жерді.

Жа?сылы? келеді деп ж?зі н?рлы,

Талай жыл к?тті хал?ым осы к?нді.

Ата-бабам а?са?ан еркіндікті,

Б?гінгі к?н егемен ел, ас?а? ?нді.

Бейбітшілік, жар?ын ел, айбыны ас?а?,

К?з к?рді,ел ба?ыт?а б?ленгенін.

Ма?тан т?тар ??рметтеп, м??гі елі

?айрат, Л?ззат, Сабирадай ?рендерін.

Уракова Альмара

«Жас тілші» ?йірмесіні? м?шесі

Т?уелсіздік ?лы к?н ма?танатын.

Т?уелсіздік ?лы к?н ма?танатын,

Жыр жазып, жыр ?аламын ?ол?а алатын.

Тоз-тоз боп бытыра?ан к?ні? ?тті,

Бірігетін кез келді, сомданатын.

?ырандай ?ыра?ы ел,?анат ?а?ты,

А? иы?тай ?ия?а ?омданатын.

?адірін ен байлы?ты? ??ын елім,

К?зден ?шып кетпесін ?олда?ы алтын.

М?ртебелі ел болды? егеменді,

Ба?ытына ?зге ел ?ызы?атын.

К?шбастар Елбасы бар ма?саты ай?ын,

?лемге танытатын  ?аза? атын.

Алпысова А?к??іл

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздікке арнал?ан о?ушылар шы?армашылы?ы»







Тәуелсіздік –азаттықтың ақ таңы...

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ оқушыларының шығармашылық жұмыстары

Көркем шығармалар, газет-журналдар оқу баланың ой-түйсігін биіктетіп, сөйлеу, жазу тілін байытады.Ал ақыл-ойы мен тілі бай адамның идеясы, өмірді тануы, кез келген ортамен тіл табысуы-өзінің де, өзгенің де бақыты. Сондықтан мектепте «Жас тілші» үйірмесін ұйымдастырып,оқушылардың шығармашылын шыңдауды өзіме мақсат тұттым.Балалықтың бал исі аңқыған тырнақалды жауқазын жырларын көпшілік қауымның жүрегінен жол тапқан шығармашылық жұмыстарын жіберуді мақұл көрдім.




Жантемирова Ляззат Кенжеғалиқызы

«Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі



















Тәуелсіздік ел мерейі.

1986... қыс айы, аты қандай ызғарлы,

Сол бір жылы жастар үшін қанды ереуіл басталды.

Бүгінгі күн ардақтаймыз, ерлігіне бас ұрып,

Елі үшін , жері үшін қанын төккен жастарды.

16-желтосан... қанды ереуіл, қасіретті күн еді,

Қанша жастың қыршын кетті жалындаған жүрегі.

Ар-намыспен шықты олар ереуілге ел үшін,

Қанша азап көрсе дағы шыдап бақты жер үшін.

Бүгінгі күн қол жеткізіп, егеменді ел болдық,

Тәуелсіздік ел бақыты, армандарға қол создық.

Қазақстан-айбыны асқақ, көк туымыз желбіреп,

Иық тіреп өзге елмен, терезесі тең болдық.

Ешқашанда ұмытылмас төгілген қан ел үшін,

Осы күнге жету үшін төккен еңбек тер үшін.

Тарихымда таңбаланған алтын зерлі әріппен,

Батырлардың ұлы ерлігі зор мақтаныш біз үшін.

Қуантаева Малика

«Жас тілші» үйірмесінің мүшесі

















Тәуелсіздік- ел тірегім.

Тәуелсіздік елімнің арманы еді,

Сан ғасыр аңсап өткен қазақ елі.

Қаншама жас сорғалап, қан төгілді,

Сақтау үшін киелі туған жерді.

Жақсылық келеді деп жүзі нұрлы,

Талай жыл күтті халқым осы күнді.

Ата-бабам аңсаған еркіндікті,

Бүгінгі күн егемен ел, асқақ үнді.

Бейбітшілік, жарқын ел, айбыны асқақ,

Көз көрді,ел бақытқа бөленгенін.

Мақтан тұтар құрметтеп, мәңгі елі

Қайрат, Ләззат, Сабирадай өрендерін.


Уракова Альмара

«Жас тілші» үйірмесінің мүшесі



















Тәуелсіздік ұлы күн мақтанатын...

Тәуелсіздік ұлы күн мақтанатын,

Жыр жазып, жыр қаламын қолға алатын.

Тоз-тоз боп бытыраған күнің өтті,

Бірігетін кез келді, сомданатын.

Қырандай қырағы ел,қанат қақты,

Ақ иықтай қияға қомданатын.

Қадірін ен байлықтың ұғын елім,

Көзден ұшып кетпесін қолдағы алтын.

Мәртебелі ел болдық егеменді,

Бақытына өзге ел қызығатын.

Көшбастар Елбасы бар мақсаты айқын,

Әлемге танытатын қазақ атын.

Алпысова Ақкөңіл


















































Сенде елім - бостандық та, теңдік те!


Қазақ халқы тыныш жатқан момын халық болғанымен, бір-екі шалыс басқан қадамыңды кешірер-ау, бірақ тағы қайталап шамына тиер болсаң қылыштай шауып түсірер айбаты да жетерлік. Сонау сақ заманынан қанына сіңген осы қасиеті халқымыздың тәуелсіздікке деген қадамына жол ашты. Осы кезден бастап ата-бабаларымыз егеменді ел болуды аңсап, ұрпақтары ешкімге тәуелді болмай,тәуелсіз мемлекетте туып, бейбіт өмір кешсе екен деп армандап кеткен.

Міне, Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына қаншама жылдар өтті. Қазақстан-бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде.Татулық пен бірлікті алға тартқан Елбасымыз көш бастап, Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы дамушы елдерден алда келеді. Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүниежүзіне аты әйгілі, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде. Тәуелсіздігін алған күннен бастап, Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды.

1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері бұрынғы қиыншылықты артқа тастап, бейбіт күннің де ақ таңы арайлап атты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.

Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек еліміздің жеткен жетістігі аз емес.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Қазақ халқының ынтымақ бірлігінің жарасым табуы қасиетінде деп ойлаймын. Қазақтың қасиетіне шежіресін тарқатып отыратын тектілігі, қолөнерге деген ептілігі, қазақ жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғайтын батылдығы, суырыпсалма ақындығы, соңғы тайын сойып беретін дархандығы, дұшпанға да сеніп қалатын аңғалдығы, жүрегін жұлып беруге даяр тұратын бауырмалдығы жатады. Сонымен қатар жауға найза түйреген, ешқашанда ешкімге өзі барып тимеген, домбырасын күйлеген, «Қаражорғасын» билеген халық екендігі де тарихтан мәлім.

Жарқын болашаққа  қадам басып келе жатқан халқымыз үшін «Тәуелсіздік» деген ұғым аса қымбат, әрі киелі ұғым екендігі сөзсіз. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің басты бағытымыз.

Осындай қасиетті халқымның егемендігі мен елдігін, еркіндігі мен ерлігін әрдайым ынтымақ бірлікте, асқақтата берер Нұрсұлтандай нар тұлғалы көшбасшысы барда қазақ елі мәңгі жасай бермек!


Жантемирова Ляззат Кенжеғалиқызы

«Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Т?уелсіздікке арнал?ан о?ушылар шы?армашылы?ы

Автор: Жантемирова Ляззат Кенжегалиевна

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295527


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства