Просмотр содержимого документа
««Терроризм және оның зардаптары»»
Сынып: 5 «А»
Тақырыбы: «Терроризм және оның зардаптары»
Тәрбие сағатын өткізу формасы: аралас
Тәрбие сағатында қолданылған тәрбие әдістері: Сұрақ – жауап ,жағдаяттар туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар, презентация, бейнебаян,
Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3. Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатын өткізу барысы
Жоспар:
І. Ұйымдастыру
1.Экстремизм, терроризм дегеніміз не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
"Діннен адастырар теріс ағым" атты видеоролик көру.
Бұл роликтен не көрдіңіздер?
Дұрыс,бүгінгі сабағымыз осы тақырып төңірегінде.
Оқушылар видеороликтен экстремистік, террорлық әрекеттерді, жарылыс, мешіттерді қиратушылар туралы, имам мен мәсхабты мойындамаушылар , қазақ халқының салт -дәстүрін , әдет- ғұрпына қарсы шығушылар туралы көргендерін айттып, бүгінгі сабағымыз экстремизм мен терроризм жайлы екендігін айтады.
Дін – миллиондаған адамдардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай — ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі тоғысып қалады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.Соңғы кездері экстремисттер бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себептерінен бе, секталарға кіру себебі, неде? І. Ой қозғау.
- Оқушылар, «Экстремизм,терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
- Террорлық іс - әрекеттерден зардап шегетін кім?
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.
Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады. Олай болса ең алдымен ұғымдарына түсініктеме берейік.
Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай? Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс.Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды. Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз? Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз? Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Алайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім – соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.Терроризм – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту» Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.
Қандай адамдар сектаға енуі мүмкін?
• Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;
• Өзінің зақымдалған мендігін қорғауға ашулы дайындық және өзін-өзі төмен бағалау;
• Әлеуметтік әділетсіздікті уайымдай отырып, өзінің өмірлік сәтсіздіктерін жақындарынан және жалпы қоғамнан көру;
• Әлеуметтік оқшаулық және жатырқаушылық салдарынан, жаңа қоғам табу мен өмірлік құндылықтарды жоғалту (шиеленіс);
Тренинг
Екі оқушы тақтаға шығады. Оларға көрсетпей екі қағаз беріледі. Бірінші оқушыға қыс тақырыбына , екінші оқушыға жаз тақырыбына әңгіме құрастыр деп тапсырма беріледі. Бірінші қағазда «Мені мұқият тыңдаңдар!», екінші қағазда «Маған қарамаңдар, көңіл аудармаңдар!» деген сөздер жазылып тұрады. Оқушылар бұл сөздерді оқып, қағазда жазылғанды орындайды. Екі оқушының ойы сұралады. Мақсаты: «мені мұқият тыңдаңдар!» деген сөзді ұстаған оқушыға сөйлеу оңай. Ал екінші оқушы керісінше.
- Сонда қандай адам сектаға кіруі мүмкін?
- Тыңдалмаған адамдар, қасында сөйлесетін досы жоқ адамдар.
Тартымға қалай қарсы тұру керек?
• Өзіңізге бақылау сұрақтарын қойыңыз:
«Ал мен осы адамға ұқсап, күнімен көшеде жүріп, адамдарды тартуға тырысқанды қалар ма, едім?»
«Ал осы адамдарға менің жетістіктерімнен қандай пайда?»
«Олар маған қандай мақсатпен көмектесуде?» тегін ірімшік, тек қақпанда ғана болады.
Сіздің қауіпсіздігіңіздің ең тиімді құралы – бастапқыдан беріктік және өз позицияңыздың ұстанымдылығынан ауытқымау. Бұл үшін, заңды білу және діни ағымдарды, философияны оқу қажет.
Ығыр қылатын адамнан әдебиет алудың және кездесуге келісудің қажеті жоқ. Сонымен қатар тартушыға мекен - жайың мен телефоныңды қалдыруға болмайды.
Жағдаяттық сұрақтар:
1) Мектеп асханасына кетіп бара жатқан тұста оралып жатқан пакет көрдің. Сенің сондағы іс-әрекетің?
2) Сыныпқа жаңадан оқушы келді, онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс дәни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Сондағы сенің пікірің?
3) Лаңкестер құрамында қазақ жастарының саны арта түсуде. Соларды тоқтатудың жолы қандай? Сенің пікірің.
4) Сенің ең жақын құрбың соңғы кездері тұйық, ешкіммен араласпайтын мінез көрсете бастады. Бұрын көңілді, сенен сыр жасырмайтын құрбыңның басқа діни ағымдағы адамдармен байланысып жүргенін байқадың.
Сенің әрекетің қандай?
Мұны білу өте маңызды!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Мемлекет алдында көптеген кезек күттірмейтін мәселелерді шешу міндеті тұр. Қазақстанда терроршылдыққа негіз жоқ дейтін пікірлер жай қарапайым халықтың терроризм мен діни экстремизмге қырағылығын төмендетеді. Экстремистердің қатарына сауаты төмен, нанғыш жастардың да тартылатынын еске алатын болсақ, ата — аналарды, бүкіл халықты экстремизм қаупінен сақтандырған жөн. Осыған орай, біріншіден, түрлі діни секталардың ел ішіндегі тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған іс — әрекеттеріне заң жүзінде тыйым салу керек, екіншіден, діни фундаментализм идеяларын әшкерелейтін діни ағарту жұмыстарын жандандыру, үшіншіден, оқу орындарында жастарды зайырлылық рухында тәрбиелеуді күшейту, төртіншіден, ең бастысы, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға арнайы көмек шараларын іске асыру, бесіншіден, жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік тәрбие беру. Сонымен қатар, миссионерлердің уағыздарын насихаттайтын мемлекеттік қауіпсіздікке зиян келтіретін рухани, мәдени, діни, идеологиялық, ақпараттық каналдарға тосқауыл қою маңызды.
Елімізде, жалпы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық үстем болсын. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр адам оған ат салысуы керек. Әр білім алушы сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге тырысуы арқылы өз отанына зор үлес қосады екен. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!