"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты көркемсөз байқауы
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты көркемсөз байқауы
Бұл байқаудың тақырыбы: " Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы ".Бұл.көркемсөз байқауы 5-7 сыныптар арасында Мұғағали Мақатаев пен Абай Құнанбаевтың жаттаған өлеңдері бойынша өтілді.Байқаудың соңында жеңімпаз оқушылар марапатталады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты көркемсөз байқауы»
Куанышбаева
№151 Ж ББ мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Алматы қаласы
Мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілдігін арттыру,ана тілін қастерлеуге баулу, мемлекеттік тілдің өркендеп, дамуына , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Көрнекіліктер:бүктемелер,кітаптар,плакаттар,қанатты сөздер,мақал –мәтелдер. Мұғалім: Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір, Қазақ осы « Өнер алды- тіл дейтін», Қазақ осы қарасыңба, ақсыңба, Қоңырсыңба жатырқауды білмейтін
,- деп, ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және - оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну. керек. I жүргізуші:
Қайырлы күн!
Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Қазақстан Республикасының гимні орындалады.(Әнұран)
II жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Құрметті, ұстаздар мен оқушылар бүгінгі « Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!. І жүргізуші: Әділқазы алқасы армысыздар!
1.Сансызбаевна Н. С 2.Карайганова А.А. 3.Баймуратова Б.А.
ІІ жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның өлшемінің. Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын, Енді міне жетеді көпке үнім - дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 5-7 - сыныптар арасында өтеді. Ортаға сайысқа қатысатын оқушыларды қошеметтеп ортаға шақырайық! Олар:............... 5 « Д» сынып оқушысы:
Шаяхмет Айтолқын
6 «Д» сынып оқушылары:
Қызайбай Анель
Сейтнұр Асем
Мүсір Аружан
7 «Г» сынып оқушылары:
Қадырбай Аружан
Пердебаева Жадыра
Жалғасбекова Бибігү.л
І жүргізуші:: Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады
І кезең
«Сәлем –сөздің анасы» дейді халқым,
Өмір бойы сыйлап өскен ата салтын.
Сәлем бердім баршаңа, оқырмандар,
Деніңіз сау, жүзіңіз болсын жарқын!
-дей келе, таныстыру кезеңін бастатайық. Әр сынып оқушылары өздерін таныстыру керек.
ІІ жүргізуші
ІІ кезең.
« Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы. Оқушылар Абай Құнанбаев пен Мұқағали Мақатаевтің « Тіл», «Отан» т.б туралы өлеңдерін жатқа айтуы керек.
Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұраны қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді..
"Мақал - сөздің мәйегі " мақал сайысы мақалдың жалғасын тауып, жалғастырып айтады.
Тіл байлығы - .................... 2. Ат жүйрігі асқа, ....................................... 3. Тіл тас жарады, ............................ 4. Тіл жүйрік емес ............................ 5. Шебердің қолы ортақ, ......................... 6. Ең ащы да - тіл, .............................................. 7. Ұлт қасиеті –тілінде,
Құс қасиеті-
Әділ-қазы өз шешімдерін шығарғанша, ән орындайды.
Хор « Менің Қазақстаным» әні. Әділ-қазылар сөз сөйлейді,мадақтамалар береді.
Мұғалім:: «Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні». Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер!. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!
Назарларыңызға рахмет!
Алматы қаласы
Алатау ауданы
№ 151 Ж.Б.Б.М
Көркем сөз байқауы
Тақырыбы:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу байқауы.