Просмотр содержимого документа
«Наурыз- думан мерекелік кеш»
«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» (Мектепішілік мерекелік шара 1-4 сынып)
Сахна мерекеге сай безендіріледі. «Бәйге» әнінің әуенімен қазақ қыздары кіріп, екі қатар болып тұрады. Ән «Гүлдерайым» Сисенғалиева А.Т.
1-жүргізуші: - Армысыздар салт-дәстүрін қасиет тұтқан бүгінгі мерекеге жиылған қауым! Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік думанды кешімізге қош келдіңіздер.
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.
2-жүргізуші:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, ана - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер. (Әжелер шашу шашады)Ән орындалады
1-жүргізуші:
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
2-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Құтты болсын мереке,
Болсын думан береке!
Думанды мерекемізге ақ батасы мен а тілектерін арнай келген Қыдыр ата мен Наурызгүлдерді қошеметпен қарсы алайық.
(Сахнаға Қыдыр ата мен Наурызгүлдер шығады.)
Музыка ойналып Қыдыр ата кіреді . Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мерекелерің құтты болсын! Балалар менің Наурызгүл немерем қайда? Әлі келмеген бе? Көрінбейді ғой! Осы кезде Наурызгүл кіреді. Қазақ биі биленеді
1-жүргізуші:
Тәуелсіз биік халқымның Желбіреп туы шалқысын. Әз Наурыз келіп еліме Жер – Ана бойы балқысын. Жаңғырар дәстүр - салтымның Көзелсін бұлақ жылғасы Қастерлі менің халқымның Мереке Наурыз – жыл басы!
2-жүргізуші:
-Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін. Ендеше ізгі тілекпен құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Айгүл Уразайқызына беріледі.
Ән:- «Наурыз-думан» Сейтонова Шахзода
1-жүргізуші:
Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Жалпы қазақ елінің әр күні шаттыққа толы, мерекелі де берекелі.
2-жүргізуші:
Ұлыс тойы құтты болсын бәрімізге Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізге. Әдет-ғұрпын сақтаған текті елім, Қыз баласын шығарған төрімізге
Наурыз меркесіне өз өнерлерін ала келген 1-сынып оқушыларын шақырамыз
1-жүргізуші:
«Наурыз» тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын, таппайтын тепе-теңін
2-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн-ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Наурыз меркесіне өз өнерлерін ала келген 2-сынып оқушыларын шақырамыз
1-жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз-сән-салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
2-жүргізуші:
Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!
Наурыз меркесіне өз өнерлерін ала келген 3-сынып оқушыларын шақырамыз
1-жүргізуші:
Қауышып қайта оралған Наурызға,
Ерніміз әрең тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
2-жүргізуші:
Ұлтының мерекесін ұмытқан жұрт,
Жоғалмай басымыздан кіріптарлық.
Намысын наурызында жанып алсын,
Шашуын ән думанның тыңдап алық.
Наурыз меркесіне өз өнерлерін ала келген 4-сынып оқушыларын шақырамыз
1-жүргізуші:
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
2-жүргізуші:
Ұлы күнім, Әз Наурызым ардақты,
Халқым саған бір үмітін жалғапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп жан-жақты.
«Кесемен би» 3а сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын!,-дей келе мерекелік думанды кешіміздің қорытынды сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі Ляззат Кенжеғалиқызына беріледі.
(Әжелер тілек арнайды.Бата беріледі.)
Қыз бен жігіт айтысы: Ұл: Ата-баба дәстүрін , Үйретуден қашпаймыз, «Айтыс» десе сәнденіп, Қыздар іздей бастаймыз.
Қыз: Біржан болып сен келсең, Ақын Сараң мен болам. Сәйгүлік болып сен шапсаң, Аққу құсым мен болам. Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай, Еркелеген еркем-ай. Еркелеген еркемді, Еркелетсем екен-ай. Ұл: Біздің топтың ұлдары, Шеттерінен ақылды-ақ. Жұмбақ, тақпақ бұл тойға, Айтып берер тақылдап. Қыз: Үй жабдығын бұл тойға, Біздің қыздар сәнденді. Қонақ күтіп , ән салды, Ұлдарыңнан кем бе еді. Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай, Еркелеген еркем-ай. Еркелеген еркемді, Еркелетсем екен-ай. Ұл: Түрлендіріп қамшы өрсем, Қыздарың таң қалады. Күмберлетіп күй шертсем, Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай, Еркелеген еркем-ай. Еркелеген еркемді, Еркелетсем екен-ай. Қыз: мақтандың ғой жігітім Өнеріңді көрейік. Көрсет сәнді қамшыңды, Біздер баға берейік. Ұл: Тойға барам деген соң , Домбыра ұстап жетіп ем. Шашақталған қамшыңды, Үйге тастап кетіп ем. Бәрі: (қайырмасы)
Қыз: Қалып қойса қамшыңыз, Тағы тойға келерсіз. Сол қамшыны мына бізге, Сонда сыйға берерсіз. Барлығы: Қоштасайық халықпен, Ақындарын пір тұтқан. Сөз өнерін шөлдегенде, Рахаттана бір жұтқан. Еркем,еркем, еркем-ай, Еркелеген, еркем-ай. Еркелеген еркемді, Еркелетсем-ай.