Просмотр содержимого документа
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш
кеш мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. 1-Жүргізуші: Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Ақыл кенін арқалаған аталар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар Армысыз ауылымның асылдары Жайнасын көңілдердің жасыл бағы Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би Сіздер үшін мереке шашулары 2-жүргізуші: Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні - мәні бар. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты
1-жүргізуші: Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! 2-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз. Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған, Зейнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Сагидуллин Алиби Сайынұлына береміз.
2-жүргізуші: Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар. Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын, Бара жатыр сарқылып дариялар, дей келе ендігі сөз кезегін Қызылсу округінің әкімі Кульбаев Нуран Мухтарұлына береміз.
1-жүргізуші: Ардагерлер ардақты асыл жандар Шәкіртімен мерейі тасығандар Білімнің сәулесі мол нұр көшінде Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар деп сөз кезегін ауылымыздың қарттар кеңесінің мүшесі Биржанов Қансұлтан атаға сөз береміз.
2-жүргізуші: Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат Ешкімге жасамайтын қиянат Жайлап қана ақылменен түзейсің Болып қалса ұғына алмай бір сағат Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз Жібек апай мен Салия апайға сөз береміз. 1-жүргізуші: Жадыраймын жадырайын, Көңілденіп күлемін. Жанар ма деп талабым, Ата ақылын тыңдаймын. Ән: Нүрия мен Назеркенің орындауында «Ата әжем» әні
1-Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік. Тақпақтар: 1-Гафур: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар! Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Елің жұртың ұл мен қызың бағалар Ана мейір күн көзімен пара – пар. Тұла бойға қуат болып таралар Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар аталар мен аналар!
2-Мереке: Ата күні - әже күні әлем күні Әлемде теберінділер ақылды үні Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде Ұғып ал бөбектерім сендер мұны Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын Жанұяңызға тек қана шаттық толсын Немерелеріңіздің өнерін тамашалап Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын. 2-Жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама, Аспанымдай мәңгі жаса, құлама Ер жетсем де еркелігім қалмайды, Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Би: «Қара жорға» бишілер тобы
1-жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады. Той деп бүгін әлем сырын ашады. Қарттар күні мейрамына арналған Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» бір топ бишілер Томирис пен Айнұр
2-жүргізуші: Егеменді ел болып қалыптастық, Өркениетке нақты анық бастық. Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Ана әке» Елтоқтың орындауында
1-жүргізуші: Нағыз әке ақылгөй де асқар жан Барлық ұрпақ әкелерден басталған Ал әкелер өздеріңе арналмақ Бұл айтатын асқақ ән. Ән:«Қазақ қызға үйленем» Елтоқ 1-жүргізуші: Көкке өрмелеп көңілің Нұрға толсын өмірің Бақытты бол жан әке Ұзақ болсын өмірің би: «Үнді» биі 2-жүргізуші: Арайлы ақ тілекпен Ән жолдаймын өзіңе Сағыныш сазы жүрекпен Сыр арнаймын өзіңе Ән:Жаңылған
1-жүргізуші: Арманым едің аңсаған Әке сен бақыт мен саған Ұрпағым болып жалғадым Қуаныш әке сен маған
би: «Ақ тілек» 2-жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін Бақ дәулет қызығымен қатар берсін. Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп, Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін. Тыныштық елімізге бере берсін. Молшылық жерімізге ене берсін. Соғыстан ел жұртымыз аман болып Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Би: «Сәукелем» бишілер тобы 1-жүргізуші: Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін Тап-таза абыройлы болғаныңды Қазіргі ел билеген жастар көрсін - деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.