kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?арттарын ?адірлеген ел арда?ты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 сынып?а арнал?ан "?арттарын ?адірлеген ел арда?ты" атты сыныптан тыс саба?.Ма?саты: о?ушы бойына хал?ымызды? асыл ?асиеттерін сі?іру, ?лкенді сыйлау, ?з ата – бабасын ?мытпай са?тау ?шін ж?не салт – д?ст?рден н?р алып ?суіне, инабаттылы??а, жа?сы мен жаманды ажырата білуге аталы с?зден ?ибрат алу?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?арттарын ?адірлеген ел арда?ты" »

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»



Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді орындауындағы «Туған жер» әнімен ашамыз. Орындайтындар Қаракөз және Теңел
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз Мақсат ағайға сөз береміз.
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
Ән: «Қарттар азайып бара жатыр» орындайтын Бақнұр

Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
Тақпақтар:
1-Жансая:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.

2-Айбек:
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

3-Бекнұр:
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.

4-Расул:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.

5-Фариза:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

6-Жадыра:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
Көркем сөз: М. Мақатаев «Әкеге арнау» орындайтын Қожахмет Малика.

Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер Мұратова Набиға апай келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың

Анамызға арнап 10 сынып оқушысы Нағыметова Қаракөздің орындауында «Анама хат» әнін қабыл алыңыздар.
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»
Көркем сөз: М. Мұқатаев «Реніш» орындайтын 10 сынып оқушысы Сүйеуова Жібек

Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» бір топ бишілер

Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Әкелер» орындайтын Ғарифулла

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.
Ән: «Ауылым сенің іргелі» орындайтын Аида

Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке
Ұзақ болсын өмірің
Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын Дархан

Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе

Ән: «Неге сені сүйдім-ай» орындайтын Дәуірхан

Арманым едің аңсаған
Әке сен бақыт мен саған
Ұрпағым болып жалғадым
Қуаныш әке сен маған
Ән: «Ақерке жайық» орындайтын Нұртуған

Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел»

Мақсаты:  1.Даналық ұғымдар,мақал-мәтелдер,нақыл сөз,салт-дәстүрлерді дәріптеуге,тәрбиеленушілердің  өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәлім-тәрбие беру.   

Міндеті: Атаның  қасиетті  сөздерінен бастау алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән- мағынасын тәрбиеленушілерге ұғындыру.

    Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, буфер.

     Қазақстан  Республикасының -  әнұраны  орындалады.

   Тәрбиеші  сөзі:

         Құрметті   қонақтар, көрермендер, ақ  жаулықты  аналар  мен  ақылгөй дана  қариялар!

     Бүгінгі  балауса шағын  балалар  орталығының  «Қарты  бар  ел- қазыналы  ел»  атты  ашық  тәрбие  сағатына  қош  келдіңіздер!

   «Ауылыңның  маңында  төбе болса,  ерттеулі   тұрған  атпен тең. Ауылыңда  ақылгөй  қария  болса , жазып  қойған  хатпен  тең»  деген  екен  біздің  бабаларымыз. Иә, өткенімізді  осы  үлкендерсіз  елестету  мүмкін  емес.Біздің  бүгінгі  нұрлы  өміріміздің, алаңсыз  күлкі,  тәтті  ұйқымыздың  да  бейбіт   сақшысы  бола  білген,  самайларын  қырау  шалып,  жүздерін  уақыт  әжімі  торлаған  данагөй  қарияларымыз  бен ақ  жаулықты  әдемі  әжелеріміз  емес  пе?

             Тақпақ;

Бекзат;

1. Әжем  менің  әлі  де,

     Ұқсамайды  кәріге.

     Шай қайнатып  береді,

     Қажет  болса  бәріне.

2.Іңкәр;

   Әжем  менің ақ  әжем,

Көп  жасаған,  жан  әжем,

Ауырғанда  мен  үшін,

Бір  сүйгені  дәрі әжем.

3.Айсұлтан;

  Аппақ  күміс сақалды,

 Жақсы  көрем  атамды.

4.Жасмин;

   Менің  әжем  бал  әжем,

   Айтқан  сөзі  дәл  әжем.

Ән. «Қошақаным».

1.Жазда  апамның  ауылына,

   Барып едім  қыдырып.

   Бір  қошақан  алдымнан,

Шыға келді  жүгіріп.

  Қайырмасы;

Ақ  маңдайы  Ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен.

Кеттім  оны  сағынып,

Қошақаным  қайда екен.                                                                                                               

2.Анаң  кетті жайлауға,

   Оны іздеп қайғырма.

  Анаң  бізге  келеді,

  Ақ сүтінен  береді.

  Қайырмасы;

Ақ маңдайы  Ай  ма екен,

  Шекер ме екен, бал ма екен.

  Кеттім  оны сағынып,

  Қошақаным қайда екен.

«Ата көрген  оқ  жонар».

IV. Сайыскер  қарттар   немерелерімен  бірге  келіп  мұндағы  мақал- мәтелдің бірінші  жолы  айтылады,  оны  сайыскер  қарт пен  немересі  жалғастыруы  керек.

1.Атадан  жақсы  ұл  туса,

   Есіктегі басын  төрге  сүйрер.

   Атадан  жаман  ұл  туса,

   Төрдегі  басын  көрге  сүйрер.

2.Туған  жердей  жер  болмас,

    Туған елдей   ел болмас.

3.Өзге  елде сұлтан  болғанша,

    Өз  еліңде  ұлтан бол.

4.Білімдіден  шыққан сөз,

    Талаптыға болсын  кез.

5.Заманың  түлкі боп қашса,

    Сен тазы боп  шал.

 V.Би. «Чунга- чанга».

VI.Әр  ұлттың  өзіндік  ерекшеліктері,  салт- дәстүрі,  тілі,  ұлттық   мәдениеті  болатыны  белгілі.  Біздің  тәрбиеміз  де  ананың  ақ  сүтінен,   ана   әлдиінен  және  атаның  қасиетті, баталы  сөздерінен   бастау  алады. Халқымыздың  әдет- ғұрпын,  дәстүрін,  тарихын  біліп, оны  қастерлеп,  бүгініміз  бен  келешегіміздің  нәрлі  қайнарына  айналдыру – әрқайсымыздың  азаматтық  борышымыз.

        Шарты  «Білім  мен  парасат».

Сұрақтарға  жауап  алынады,  тапсырма  үш   тапсырмадан  тұрады.  Құрметті  ұстаздар,  көрермен,  ақ  жаулықты   әжелер,  менің   қолымдағы  табақшадан   сұрақтарды  алуларыңызды   өтінемін.Салт- дәстүрлер  сөздеріне  байланысты  сұрақтарға  жауап  беру;

1.     Ерулік  дегеніміз  не?  Оның  мақсаты  қандай?

      Жауап;

      Ауыл  арасына  жаңа  үй  көшіп  келсе,  сол  ауылда   бұрыннан   тұратын   адамдар  жаңа   үй  иелерін  ерулікке  шақырады,  яғни  ас   пісіріп  табақ  тартады. Бұл жаңадан  көшіп  келушілерді   бөтенсіретпей  өз  ортасына  тартудың,  сыйласудың  үлкен  белгісі.

«Сауын  айту»   туралы   не  білесіз?

2.Жауап;

     Бір  елде  ас,  үлкен  той  болатын  болса,  ол  күні   бұрын  жан-  жаққа  хабарланып  сауын   айтылады. Бұл жай  шақыру  емес,  әр ел  салт- дәстүрмен,  яғни  батыр,  палуанымен,  жүйрік  атымен,  ақын- жыршысымен келсін дегенді  білдіреді.Асқа, тойға  келгендер  бір- бірінен асып  түсуге тырысатын болған.

3.Бие  сүтінен ашытылатын,  қазақ халқының  ұлттық тағамдарының  ішіндегі  ең бағалы сусыны қалай   аталады?  Соның ішінде сірге жияр  туралы  айтып  берсеңіз?

Жауап;

 Қымыз-  жаңа сауылған бие сүтін,  саумалды  сүзгіштен өткізіп,  жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы қымыздың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут  пісіп, аузын байлап немесе  тығындар  ұстаған. Алғаш рет қымызды ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының  немесе қордың  үстіне құйылады. Қор  дегеніміз- былтырғыдан қалған  жақсы ашыған қымыз.

   «Ауруға ем, сауға қуат, дәрі-қымыз» деп Жамбыл  атамыз айтқандай  қымыз  адамның  денсаулығына  өте пайдалы  сусын.

   Қымыздың түрлері  бар;  уыз қымыз,  сары  қымыз, құнан қымыз,  бал қымыз,  сірге жияр қымызы т.б.

    «Сірге жияр  қымызы».

Күзді  күні  бие ағытарда  соңғы қымыз  бірнеше  күн жиналады. Салт бойынша  көрші- маңай, туған-туыс шақырылып,  ет  асылып  сірге жияр  қымызы  ішіледі.

4. Қолкесер  деген  қандай  дәстүр?

  Жауап.  Біреудің  соғымын  сойысқан  соғымшыға  үй  йесі «қолкесерің» деп  сыбағалы  етін  береді.Қолкесер  білетіндердің айтуынша соғым  союшының  байқаусызда  қолын  кесіп алса соның  төлеуі  ретінде  шыққан  көрінеді.

5.Салбурын  дегеніміз  не?

Жауап. Бұл -  аңшылық  термин. Аңшы , саятшы жігіттердің топ  болып,  бірнеше күн бойы  аңға  шығуын «салбурын» деп  атайды.   Мұңы  аңшылық  мерекесі  десе де болады.  Мұнда алған  аң бәріне бірдей  тең  бөлінеді. Салбурын аңшылардың  ерлігін,  ептілігін,  азаматтығын  сынайтын  жол.

 6.Көгентүп  туралы не  білесіз?

     Жауап.  Бір- біріне  жақын  туыс,  жұрағат  адамдардың  баласына  ескерткіш,  сый  ретінде  берілетін  мал. Бұл бала үшін  сый,  қуаныш  болса,  оның  ата- аналары  үшін  құрметтеудің  белгісі десе  де  болады.

            «Ұлағатты  ұлттық  ұғымдар».

Мына  сандардың  біреуін  таңдап,  артындағы  тапсырмаға   жауап  беру  керек.

1.     3 арсыз; ұйқы,  күлкі, тамақ.

2.     3 би;  Төле би, Әйтеке  би,  Қазыбек  би.

3.     3 бәйтерек;Сәкен,  Ілияс,  Бейімбет.

4.     7 ата; Әке, бала, немере, шөбере,  немене,  шөпшек,  туажат.

5.     7 күн; Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,   жексенбі.

6.     3 қуат;Ақыл,  жүрек,  тіл.

Жауап  бергендеріңізге  көп  рахмет.

(Марапатталады).

VII.Би.”Қамажай”.

Құттықттау  сөз  кезегін  Мектеп  директоры  Сыздықов   Берік  Өндірісұлына  беріледі.Келесі сөз кезегі бүгінгі мерекеміздің иелері аталар мен әжелерге беріледі. Келесі  сөз  кезегі  Бидал  Анар  Исаханқызына   беріледі.Тәрбие  ісі  меңгерушісі  Утепова  Динара   Юрисқызына  беріледі.  Осымен  «Қарты  бар  ел- қазыналы  ел»  атты  ашық  тәрбие   сағатымыз  аяқталды.Келгендеріңізге  көп   рахмет!                                 

арты бардың – қазынасы бар.

admin · Фев 11th, 2012 · 0 Comment

Екібастұз қаласы

С. Торайғыров атындағы

№22 гимназия-мектебінің мұғалімі

          Әбибекова Р.Қ.

Қарты бардың қазынасы бар.

Мақсаты:

Оқушыларды адамгаршілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды-ұнамсыз, әдепті-әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету сабағымның басты ұстанымы.

Көрнекілігі:

Слайдтарды, «Анажүрегі» бейнеклипін,  дисклер, көрініске қажетті құралдарды пайдалану.

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Кіріспе бөлімі

1-жүргізуші:  Әсем

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тиым қояды. Бұның бәрі тәрбие.

2-жүргізуші:  Мадияр

Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда біздің сүйікті ата-әжелеріміз қонақта. Олар сіздерге бар мейірімін, бар ықыласын төгіп келіп отыр. Хош келдіңіздер!

1-жүргізуші:  Әсем

Бізде қонақта мектебіміздің ән-күй пәнінің мұғалімі Дәметкен апайға кезек берейік

Орындауында «Қариялар азайып бара жатыр»

1-жүргізуші:  Әсем

Ардақты аталарымызға және  асыл әжелерімізге арнап  9 «б» сынып оқушысы Молдахметова Жансаяның орындауында « Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Мадияр

Халқымызда «Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. Бала немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай деген екен:

Бала деген бал екен,

Бала дегенің бал екен.

Немеренің бойында,

Бар тәттілік бар екен.

Туған балаң жәй ғана,

Демесең де жат, бөтен.

Нағыз балаң ойласаң,

Немере екен, тәтті екен, -

дегендей ата-әжелерімізге мынадай сұрақ қойып әңгімеге тартқымыз келіп отыр.

2-жүргізуші: Мадияр 

  1. Сіздер отбасында немерелеріңізге қандай тәрбие беріп келесіз?

1-жүргізуші:  Әсем

  1. Өз немереңіздің қандай адам болғанын көргіңіз келеді?

2-жүргізуші: Мадияр

  1. Немереңіздің ұнамай қалатын немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма? Ондай кезде қандай ойда боласыз?

2-жүргізуші: Мадияр

Ата-әжелерге  Молдахметова Жансаяның орындауында «Анаға хат» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Әсем

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз – дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр.

Ата салты – ардақты

Сол сөздерді ұқпасақ,

Тістерсің бір күн бармақты, -

дегендей,  қариялардың кеудесі – алтын сандық. Ол сандықта атадан балаға жалғасып келе жатқан имандылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері тұнып тұр.

2-жүргізуші: Мадияр

Ертуғанның орындауында күй  «                    »    тыңдаңыздар

1-жүргізуші: Әсем

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал текке айтылмаса керек.

Көне тәмсілдегі « Бір бала бар  – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

Көрініс.

Әке – Хаким

Бала – Әлібек  

1-жүргізуші: Әсем: 

Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:-          Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

-          «балам анау не?» деп сұрапты.

-          «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

-          «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі:

-          «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Мұғалім:

( оқушылардан осы көріністен қандай ой түйгендері сұрайды)

2-жүргізуші: Мадияр

«Ата-ананың ақылы-сайрап жатқан жолмен тең» деген сөз де аталардың өмір тәжірибесінен қалған.

Ендеше Жансаяның орындауында «Анаға хат» әнін тыңдайық 

1-жүргізуші: Әсем:

Келесі кезекті мектебіміздің ардагер ұстаздарымызға арнайық

Әнел, Әсем, Толғанай – өлең оқиды.

2-жүргізуші: Мадияр

Қарияларды құттықтау сөз әнелге беріледі

1-жүргізуші: Әсем:

Сыбымыздың оқушысы Толғанайдың орындауында « Жан анам» әнін тыңдайық

2-жүргізуші: Мадияр

Ал, енді Ақбота мен Мадинаның биін тамашалайық.

1-жүргізуші:

Міне, балалар, ата-әжеміз бар, әке-шешеміз бар біздер бақыттымыз. Бүгінгідей егеменді елде қайғы-қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек.

Бұл туралы көремсөз оқиды:

Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кеміп бара жатыр қартайып

Отбасында, бала-шаға қасында,

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім, болмаған соң сыңары,

Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.

Жас баладай жаутаңдаған жанарға,

Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай

Ниеті ақ, пейілі кең даладай.

Кімге болса қарттық жетер аяңдап,

Мәпелеңдер, қарт біткенді аялап.

ІҮ. Қорытынды

Мұғалім:

Ата-ананы сыйлау – адамгершіліктің ең басты қағидасы. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың» – деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл  кеткен кезде де оған «ищай» деуге балаларының қақысы жоқ. Имандылық қағидалары бойынша әкесі мен шешесінің ризашылығын алмаған балаға жәннәттың есігі жабық дейді. Ата-анамен қарым-қатынаста баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат қылықтар көрсетуі мүмкін. Екіншіден, ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал. Үшіншіден, мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Адам ата-анасына артық-ауыс айқан сөздері болса, оған кешіріммен қарай білгені, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн.

Міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал,

мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер. Қарттардың алдында әрқашан да бас иіп тұрыңдар деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«?арттарын ?адірлеген ел арда?ты"

Автор: Якупова Нургуль Адильхановна

Дата: 10.11.2014

Номер свидетельства: 129191


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства