kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елбасымен жасампаздық жолында

Нажмите, чтобы узнать подробности

открытый-воспитателный урок со студентами 1-го курса

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елбасымен жасампаздық жолында»

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бурабаева Назгул Боранбайқызы

Ашық-тәрбие сағатының мақсаты

Білімділік:Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Н.Әбішұлының өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:Ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға ұмтылдыру.

Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Әсел : Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше, Армысыздар! Ақ пейілді көпшілік!

Әсемай: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасымен жасампаздық жолында» атты мерекелік жиынын ашық деп жариялаймыз! (ГИМН)

Әсел: Ардақты ағайын, 1991жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім.

Әсемай: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ Қазақ елін мойындауда дос таңдап, Елбасының еңбегімен нұрлана Қазағымның мерейі тұр аспандап. Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасының құрметіне жиылған.

Әсел: Ендеше Н.Н Әбішұлының өмірбаянына қысқаша шолу жасайық.

Әсел: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?! Асқақтай  бер  Нұр аға  алып  таудай. Көш басшысын елімнің  арыстандай, Қүрметтемей  тұра ма мына халқым. Өзіңіздей  асқар тау, алып  жанды-ай

Әсемай: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің, дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Әсел: Бір басында кемеңгерлік, даналық, Елін сүйген елі үшін жаралып. Сол кісідей болса – болсын әр алып, Адамдықтың аласармас үлгісі Бір өзінен жатқаны шын таралып Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне Әсем әнді шырқата бір салалық!-Дей келе кезекте:

«Туған жер» әні Орындайтын: Жақсыбаева Қарлығаш.

Әсемай: Кезінде Н.Ә.Назарбаев «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып терезесін тең етер едім»деп армандаған болатын. Жасыратыны жоқ бүгінде асқақ арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласының қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек..

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында  сахналық қойылымды тамашалаңыздар. «Елбасымыздың балалық шағынан шағын көрініс»

Әсел: Міне, мына бір шағын көріністен-ақ Елбасымыздың қандай адам екенін бірден аңғаруға болады. Еліміздің қамқоршысы, жанашыры, қолының ашықтығы мен сыйластыққа толы адамшылдығы бізді қуантады. Н.Назарбаев ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік. А.Нұрай: Нұр-жарық, Сұлтан-басшы ел білгенге Ежелден қамқор болған тілегенге Жаңартып ата салтын елін ойлап Өмірді жалғастырды күйзелгенге Нұр-ойнап жаратылған келбетіне Тыныштық тілегені жер бетіне Елтаңба, Ту көтерді Әнұранмен Қазақтын Астанасы нар төрінде Достықпен дүниені таңдандырдың Киелі кең далаңа ел қондырдың Нұрсұлтан жасай бергін бейбіт жолы Әлемге қазақ елін таныстырдың) Б.Әйгерім: Күннен күнге көркейіп өсіп жатыр Астанам Көркейіп жатыр еліміз Назарбаев бастаған Көтеріліп еңсесі озық тұр мүлдем басқадан Қалып қойды шаңында Ресейіңде мақтаған Көңілім шат қуанам өсіп жатса еліміз Мақтауға тұрар елім бар сенбесең келіп көріңіз Көрегендіктің арқасы бастаған істі өзіңіз Назарбаев Нұрсұлтан Сау болсын сіздің деніңіз Жасай бер менің Жас қалам Жасай бер менің Астанам Өсіріп ұл қыз көңілді шаттыққа толы көңілді Қазақ болып өмірде туғаныма мақтанам Көрсетейік қолдауды іске асырып жолдауды Үлесіңді қоз қазақ жүргенде басшы таңдаулы Қалып қойма көшіңнен шығармағын есіңнен Ұмытпа қазақ еліңнің ертеңгі күнін ойлауды Ә.Динара: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Болашаққа бағдарлы жоспар құрды Бол жолдауы рухани жаңғыру боп Ең маңызды құндылық білім болды Мақтанады халқыңыз өзіңізбен Мақтанады айтылған әр сөзіңізбен Елімізді жаңғырту мақсатыңыз Жастарыңыз жалғайтұғын ізіңізбен 1991 де сайландыңыз Еліміздің бар билігін қолға алдыңыз Қайта сайлау өтсе де халқыңыздың Сеніміне тірек болып байландыңыз

Сіз болдыңыз халқымыздың патшасы Жақсы жаққа бұрылады ат басы Еліміздің қамын жеген өзіңіз Әрқашанда аман есен жүріңіз

Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

Бүгін үлкен -мереке! Мерекені жалғайтын Оразгалиева Асемай «Қуаныш» биімен!

Әсел: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Атабаева Жаңылсын: «Отан»

Қазақстан- өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар- намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен.

Хор: Қазақ жастары

Әсемай: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат. Ол — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

Қалниязова Мекеннің орындауында: «Алға, Қазақстан!» әні

Әсел: Ғасырлар тоғысында Елбасының арқасында мың құбылған, сан алуан толқындардың жетегіне ілеспей, ерекше дараланып алға оза шыққан бүгінгі қазақ елі өзіндік қалыптасқан сара жолы бар іргелі мемлекеттердің біріне айналып отыр. 
Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толғалы отыр. Осы кезде өмірге келген өскелең ұрпақ азамат болды. Олар есейіп, егемен еліміздегі әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда өз орнын тауып, бірі Назарбаев атындағы Зияткерлік мектептерде білім алып жатса,бірі президентіміздің «Болашақ» халықаралық степендиясына шет елде білім бұлағынан сусындап оқу оқыса, енді бірі еңбекке араласа бастады. 

Әсемай: Елбасы қазақ елінің әлемдік бәсеке дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, қиын да күрделі, ауыр да абыройлы жолын ғасырлар тоғысында бастады және мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білді. 
Бұл- қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы, елдің бүгінгі жарқын өмір сүруіне жасалып отырған нақты кепілі. 

Әсел: Елімнің атын айтсам - Қазақстан, 
Жерімнің атын айтсам- Қазақстан! 
Қойнауы қазынаға толған мекен, 
Байлығым атын айтсам – Қазақстан! 
Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз, 
Болашақтың қасиетті көзіміз. 
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз, 
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз. 

Әсемай: Әсель, Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейін көрген жақсылығымыз , дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты  емеспе?

Әсел: Дұрыс аитасың! Әсемай, сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

Әсемай:
Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Әсел, Қазақстан тәуелсіздігіне міне 26 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?

Әсел: Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? 

Әсемай: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы!

Әсемай: Ел тынысын тереңінен танып кең, Әсел: Шарапаты бар адамға дарып тең Әсемай: Елбасының есімі бұл тарихта Бірге: Қалар анық өшпес алтын әріппен. 

Хор: «Қазақстаным-жерім байтағым!»

Әсемай: Туымыздың тұғыры берік, Әсел: еліміздің еңсесі биік болсын! Бірге: Тәуелсіз еліміздің іргесі биік болсын. БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Елбасымен жасампаздық жолында

Автор: Бурабаева Назгул Боранбаевна

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455427

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Елбасы - ел тірегі"
    ["seo_title"] => string(20) "ielbasy-iel-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "260877"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449044153"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства