kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Физиология әлеміне саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтан тыс іс -шара қызықты мәліметтер көрсетілген 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Физиология әлеміне саяхат»»



Тақырыбы:  «Физиология әлеміне саяхат»

Сайыстың  мақсаты: Қалыпты ағзаның құрылысы мен қызметін зерттейтін барлық медицина ғылымдарының негізін қалайтын пәндердің бірі физиология болып табылады. Бұл пәндерді жеткілікті игеру білім алушының кәсіби маман болуына септігін тигізеді. Физиология пәнін сайыс түрінде  өткізе отырып білім алушыларды адам ағзасының құрылысын, маңызын, қызметін білуге үйрету және жүйелердің  орналасатын орнын қалыпты жағдайдағы қызметтерінің көрсеткіштерін  білу. Сайыс кезінде білім алушылардың пәнге  деген  қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Сайыстың  міндеттері:

Білімділік: Физиология пәнінен алған білімдерін көрсету және білім алушылардың шығармашылық, ізденістік үйірме жұмыстармен айналысып нәтижесін көру.

Дамытушылық: Физиология пәндерін  сайыс түрінде өткізе отырып, білім алушылардың білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін, игерген тәжірибелік дағдыларын  нығайту. Болашақта физиологиядан алған білімдерін клиникалық пәндерде қолдана білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Жаңа технологияны  игере отырып,  білім алушылардың танымдық қабілетін арттыру.

Әдістемелік мақсаты: Сабақта В.Ф. Шаталов технологиясының элементтерін және ақпараттық технологияны қолдану.

Сабақтың түрі: сайыс

Өткізілетін  уақыты: 90 мин.

Өткізілетін орны:  мәжіліс залы

Сайысқа  қатысушылар: 2 мейіргер ісі 1, 2 мейіргер ісі 2, 2 мейіргер ісі 3 тобының білім алушылары.

Пән ішілік байланыс: «Пәнге кіріспе», «Ағза ішкі ортасы», «Жүйке жүйесі», «Жүрек қан айналу жүйесі», «Ас қорыту жүйесі», «Талдағыштар», «Тыныс алу жүйесі», «Зат алмасу жүйесі», «Сыртқа бөліп шығару жүйесі»

Пәнаралық байланыс: Қалыпты анатомия, медициналық биология, микробиология, фармакология, патологиялық физиология, барлық клиникалық пәндер.

Қолданылған оқулықтар: Е.Д. Дадамбаев, Т.К. Кулмуханов «Физиология», 320 бет., К.В. Судаков, Ф.А. Миндубаева «Қалыпты физиология», 862 бет., Е.Б. Бабский, Н.Е. Бабская «Адам физиологиясы», 678 бет. 

Сабақтың  барысы:

І.   Ұйымдастыру кезеңі- 4мин.

ІІ.  Таныстыру (Эмблема, газет,ұран)-10 мин.

III. «Сұрақ-жауап» —  10 мин.

IҮ. Үірме жұмысыңды таныт — 45 мин

Ү. «Есіңде сақта ойыны» -10 мин.

ҮІ. Сайысты қорытындылау -5 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер, білім алушылар. Бүгінгі өткізілетін сайыс сабағымыздың тақырыбы «Физиология әлеміне саяхат».

Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп танылған бабамыз Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 ж.ж.) – былай деп өсиет қалдырған екен – әрбір медицина мамандығы ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына қарай атқаратын қызметін білуі тиіс деген екен. Сондықтан біздің 2 курс мейірбике ісі топтарынан құралған топшалар бұл өсиетті дәлелдеп физиология пәнінен алған білімдерін сіздерге көрсететін болады.

2курс топ білім алушылары санаулы күнде физиология пәнімен қоштасып емтихан тапсыратын болады. Осы мақсатта физиология пәнінен алған білімдерін және өздері айналысып зерттеп жүрген шығармашылық ізденістік жұмыстары яғни үйірме жұмыстарының қортынды нәтижесін көрсететін болады.

Ал, ендеше топшалар дайын болса, сайысымызды бастайық! Бүгінгі өтетін сайысымыздың маңызы өте зор, сондықтан сайысқа мұқияттылықпен қарағандарыныз жөн. І топша - 2 «Мейіргер ісі» 1. ІІ топша - 2«Мейіргер ісі» 2

ІІІ топша - 2«Мейіргер ісі» 3 тобы.

Әділ қазылар алқасының мүшелері: әдіскер: Г.О. Тойкина. Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары:Тулумгужинова Г.Р. Бөлім меңгерушілері: Икласова Ж.М. Темирбекова Н.М. Топ жетекшілері: Рустемова А.Р. Ахметова Г.С. Қазанғапова Г.О.

Топшалардың деңгейін бағалау бақылау парағына белгіленеді.

 І. Таныстыру-10- балл Әр топша өз-өзін таныстырып,эмблема, ұранын айтады.

ІІ. «Сұрақ-жауап»- 10-балл. әр топша өздері қарсы топтарына дайындаған слайдттармен дайындалған сұрақтарын қояды

ІII «Үйірме жұмысыңды таныт» 20-балл — әрбір топ өздері жыл бойы айналысып жүрген үйірме жұмыстарын көрсетіп нәтиже шығарады.

IҮ. «Есіңде сақта ойыны» Білім алушылардың есте сақтау қабілетін анықтау мақсатында ойын өткізіледі. 10-балл.

V. Сайысты қорытындылау.5 мин.

Әділ қазылар сайыстың өту барысын, топ  оқушылардың  дайындығын бағалап, қорытындылайды.

Әрбір   топшадағы белсене қатысқан  оқушыларды атап өтеді.

Сайысқа   қатысқан үш топшадағы оқушыларға  алғыстарын  білдіріп,  марапаттайды.

1-орын II мейірбике ісі 3

2-орын II мейірбике ісі 1

3-орын II мейірбике ісі 2

 










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Физиология әлеміне саяхат»

Автор: Шакетова Айгуль Шакетовна

Дата: 27.12.2018

Номер свидетельства: 493110

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Анатомия ж?не физиология ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(42) "anatomiiazhniefiziologhiialieminiesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "328259"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463586724"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства