Мен З?лпыхарова Майра Н?ралхан?ызы ?ызылорда облысы ?арма?шы ауданды? о?ушылар ?йінде "Г?лдер" ?йірмесіні? жетекшісімін,?йірме м?шелеріне кунделікті саба?та ?а?аздан гул жасауды, б?лме ?сімдіктерін кутіп баптауды, оларды ?сіруге уйрету. Осы салада т?рт жыл бойы ж?мыс жасап келемін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар,ұстаздар ,оқушылар!
Бүгінгі біздің аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнін және 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күні мерекелеуге арналған іш-шаралар жоспары аясында өтетін «Болашақ-жастар бастауымен» тақырыбындағы кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Осы шараны өткізудегі мақсатымыз:Аудандағы білікті жастардың өмір жолы мен шығармашылығын насихаттай отырып, оқушылардың бойындағы ұлттық рухты , патриоттық сезімдерін ұялату ,өз Отанын ,елін сүюге баулу.Өз ұлтын жанындай сүйетін саналы,білімді ,іскер азамат қалыптастыру.Кездесу кешті өткізу барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін,зерттеу және өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Олай болса бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарымен сіздерді таныстырып өтейін:
«Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Қармақшы аудандық бөлімі басшысы Ибраев Мұхтар Айшықұлы
«Қорқыт-елі Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Ильясов Бауыржан Сермаханұлы
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан»жастар қанаты Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айдынбек Іскендіров
Иркөл ауылдық округ әкімінің жастар саясаты және кәсіпкерлік саласының маманы Мырзахметов Ардақ
«Қармақшы жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Маханова Гүлжазира
Халық банкі Байқоңыр өңірлік филиалы бөлімшесінің басшысы Үсенов Нұрбол
Аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы
«Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Тұрар Бекмұрзаев
Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені олар – «ертеңімізді жасайтын бүгініміз». Жастарға деген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – осы жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та біздерге, жастарға, ерекше сенім арта отырып, жастардың жағдайын жасауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез келген мемлекеттік маңызы бар стратегиялар мен мақалаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі.
Білім және ғылым министрлігінің жанында Елбасының тікелей тапсырмасымен Жастар саясаты жөніндегі Комитеттің, жергілікті жерлерде басқармалардың құрылуы, Жастар саясаты туралы мемлекеттік заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілетіндігі, 2020 жылға дейінгі арнайы Тұжырымдаманың қабылданатындығы – көп көңіліне медеу. Бұл жүрегі елім деп соққан әрбір жас қазақстандыққа қанат бітіретіндігі сөзсіз. Бұны Елбасының жастарға деген қамқорлығы деп білеміз.
Мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел ағалары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасап ,жетістіктерге жетуге ықпал жасаса ,соның өзі ізінен ерген жас буынға үлгі-өнеге көрсетіп ,кеудесіндегі еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігін оятары анық. Жалынды жастар-Қазақстанның жарқын болашағы. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысы ғана болашаққа жол ашады. Өсіп келе жатқан жас өркеннің бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамытуға тәрбиелей білсек- ол біздің үлкен жетістігіміз!
«Жалынды жастар-Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында біздің жастарымызға үлгі болатындай өмірлік тәжірибелеріңізбен бөлісе отырып , сыр бүкпей сұхбаттасуға шақырамыз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі жастарға сенім артады. Бұл тектен-тек емес. Өйткені қазіргі жастар — ертеңгі болашақтың іргетасы, кемел келешектің иелері. Сондықтан жастар жан-жақты, сауатты, ерік-жігері мол,өнерлі де өнегелі азамат болып өсуге тиіс.Қазіргі таңда өнерлі жастарымыздың жетістіктері- еліміздің мақтанышы.«Жастар-ел мақтанышы» қонақ кәде сұрау. Оқушыларымыз қонақ кәде ретінде , сіздерден өз –өнерлеріңізді көрсетуді сұрап отыр.
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.
Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан да, Кетпесін туған елдің берекесі-деп , сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен баршаңызды құтықтаймыз!
Бүгінгі кешімізді қорытындылай келе, қорытынды сөз Аудандық оқушылар үйінің басшысы Наурызбаева Нұршат Бекежанқызына беріледі. Сіздерді естелік суретке түсуге ортаға шақырамын.
Бүгінгі кешімізді осымен аяқтаймыз, уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!