kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім берудегі сындарлы оқыту және оны сипаттау ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

В статье рассмотрены методика преподавания иностранного языка и литературы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім берудегі сындарлы оқыту және оны сипаттау ерекшеліктері»

БІЛІМ БЕРУДЕГІ СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОНЫ СИПАТТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы

«Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша

ПҚБАИ-нің кафедра меңгерушісі


Сындарлы оқыту –біздің уақыттың ең маңызды теориясы. Ол педагогикалық технологиялардың авангарды болып табылады, сонымен қатар ол өзінің кең дамуын XXI ғ. Джон Лоренс атындағы Торонто қаласындағы университетте тапты. Білім беру үдерісінің негізін құрайтын жалпы мәселесінің құрамдас бөлігі болып және білімді және бәсеке қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу мақсатын көздейді. Жан-жақты білімді адам немесе білікті тұлға деп жоғарғы адами қасиеттер, рухани құндылықтарын бойына сіңірген адамды айтады, ол әрқашан және барлық жерде шындық пен әділдік жағында жүреді, адамгершілік үлгісі ретінде қарастырылып, өз қызметі барысында барлық осы қасиеттерді көрсетеді. Көрсетілген қасиеттері бар адамдарды тәрбиелеуде келесіні ескеру жөн - жас ұрпақты қалай және не нәрсеге үйрету керек, ол механикалық жадыға негізделмей, теориялық (сыни) сана сезімге сүйенеді және интеллектуалды белсенділікке талапшылдығын арттырады.

Оқыту теорияларының арасында сындарлы оқыту қазіргі кезде ең пайдалы, үлкен тәрбиелік және өмірлік мағынасына ие болатын теория болып саналады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009) [2].

Өз мағынасы бойынша сындарлы оқыту қарамағында бар біліммен қоса жаңа идеяларды жинақтау арқылы білім құруға негізделген теориялар тобына кіреді, демек, білім жүйесі енжар нысанда емес, ол оқушының белсенді өмірлік тәжірибесіне негізделіп құралады.

Сындарлы оқыту кезінде интеллектік операциялар көмегімен оқушы еркін қимылдайды, бұрынғы алынған білімдеріне сүйене отырып, тұтастық сызбасында «жаңа білімдер» жүйесін құрады. Осылайша, сындарлы оқыту операциялық- шығармашылық сипатты иеленеді.

Кітаптардан, басқа оқушылардан және қосымша деректерден алынған ақпараттармен логикалық іс-әрекеттер жасай отырып, оқушылар жалпыдан жекеге және керісінше бағытталып, өзінің ішкі түйсігімен ұғу және игеру арқылы өздерінің жаңа білімдердін қалыптастырады. Яғни, сындарлылық педагогикалық философия іргетасы, оның негізгі идеясы оқушыға білімді дайын күйде беру емес болып табылады. Сондықтан оқыту үдерісі барысында оқушыларға өз білімдерін және өзара дамуды жобалайтын, қамтамасыз ететін педагогикалық жағдай құрылуы тиіс.

Сол кезде жалпы тәсілдемелер бағдарынан сындарлылық біздің сана-сезіміздегі қоршаған ортаны өмір бақи құрастыру деп түсінуге болады. Дәл осыдан оқушылардың әрқайсысы әлемді ұғынуы жеке дүниетаным, идеясы және сеніміне сәйкес өзгешелікпен ажыратылады. Сындарлы оқыту ақиқатқа қарай жолды көрсетеді, ақиқаттың өзін емес. Ж.Пиаже былай деп жазған: «Жаңа ғылыми білімдерге иелену статистикалық сипаттағы оқиғалар емес, бұл үздіксіз құрастыру мен қайтадан өздігінен жетілу үдерісі болады (қайта құрылу) [3].

Қазіргі кезде зерттеулер төменде көрсетілген себептер бойынша мынаны айқындады, оқыту үдерісінде сындарлы оқыту тәсілдемесін пайдалануға деген қызығушылық айрықша арта түсті: ең-біріншіден, сындарлы оқытудың жүйесі прогрессивті болып келеді. Мысалы, егер қандай да бір үлгі жайлы бастапқы деректерден ауытқуларға ие болса, және саналы түрде бұрынғы үлгілерді қанағатсыз деп есептесе, онда қызмет сызбасы да, ойлау бейнесі де және пікірдің өзі де өзгереді. Ойлаудың жаңа бейнесін қалыптастыру кезінде қоғам креактивтілікті, жауапкершілік пен тапқырлықты талап етеді.

Бұл жағдайларға бейімделу үшін шығармашылық қасиеттерге ие тұлғаларды тәрбиелеу мен дамытуды уақыт талабы ретінде қабылдау керек;

• сындарлы оқыту өздігенен түсінушілік мәселесін қарастырады (өзіндік сана). Оқыту үдерісі түрлі педагогикалық проблемаларды шешу барысында өзара байланыста болғандықтан, оны алдын ала анықтау, оқыту және оны бұрын кездескен сұрақтармен салыстыру оқыту үдерісі үшін өте маңызды болып келеді;

• оқушылар мен оқытушының арасында жаңа өзара қатынастарды қалыптастыру (интербелсенді нысанда) жалпы қызмет барысында шешуші роль атқарады.

• сындарлы оқытуды пайдалану оқу қызметі мен үдерістің құрылымдау үшін шешуші мәнге ие. Ал бұл өз кезеңінде оқытушыға (мұғалімге)оқу материалдарын таңдауға, оқушыларды басқарудағы түзетім жасауға үлкен көмек береді.

Сындарлы оқыту шығармашылық ортаны қалыптастыруда ерекше роль атқарады. Әрбір адамның алдында қазіргі күнде шығармашылық үдеріске кіру үшін үлкен мүмкіндіктер ашық. Шығармашылықпен байланысқан сындарлылық ғылыми деректердің жинағы өнертапқышқа деген белсенділік, жаңа технологиялық мәселелерді шешуретінде қарастырылады және т.б.

Неміс философы Б.Баассен сындарлылықты жан-жақтан зерттей отырып, сындарлы ұстанымды былай деп жалпылай келді: «Адам бұл ақиқатты мақсатты түрде құрастырған жәндік (тірі жәндік)»[5].

Сондықтан: Құрастыру когеренттік және салыстырмалы дүниені түсінуге мүмкіндік береді. Конструктивтік ақпарат оқшауланған түрде болмайды және бола алмайды, сондықтан ол когренттік болып саналады. Біз ішкі құрылысы күрделі құрылымға ие болатын әлемде тұрамыз, және ол сырттай да үздіксіз өзгерістерге ұшырайды (түрін өзгерту, бір күйден екінші күйге өту), бір-бірін белгілі бір заңдылық бойынша өзгертеді [4]. Сындарлы оқыту тәсілдемесін пайдалану проблемаларды рационалды шешуінде кең мүмкіндіктер береді, олар біздің әлемнің күрделі ішкі құрылымына ие және де оқу үдерісінде пайда болатын проблемаларды қамтиды.

Сындарлы оқытудың негізгі қағидаларын келесі түрде топтауға болады:

• Интеллектуалды қабілеттіліктердің мақсатты түрдегі дамуы, өздігінен жетілу арқылы ойлауды дамыту, ізгілендіру, интеграциялану және білімнің өмірмен тығыз байланысы;

• Оқыту тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие;

• Кооперативті және жеке қызметті байланыстыру;

• Мақсатқа бағытталған тәсілдер, нысандар мен оқыту амалдары арасындағы өзара қатынасты қамтамасыз ету;

• Әріптестіктің, шығармашылықтың дамуына ықпал ететін және авторитарлық өзара қарым-қатынастарды жоятын және тұлғаға деген құрметті талап етпейтін ортаны жоятын оқыту-білім беру үдерісін қалыптастырады.

Қорыта айтқанда, сындарлы оқыту тұлғаның дамуы мен өздігінен жетілуге бағытталған ең қысқа және гуманистік жол болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің негізгі стратегиялық мақсаты болып жоғары ғылыми қабілеттіліктері бар тұлғаларды дайындау болғандықтан, адамдардың өз қызметін құрастыру қабілеттілігінің іргетасы болуы қажет.

Демек, сындарлы оқыту оқушылардың интеллектуалды қызметі нәтижесінде жеткен, қазір жете келе жатқан және болашақта жететін білімдерінің тұтастығын қамтамасыз етеді. Мұндай үдеріс кезінде оқушылар өздерінің қажеттіліктері мен интеллектуалды деңгейіне қарай, бұрынғы білімдеріне логикалық операциялар жүргізе отырып, шығармашылық қызмет ете отырып, жаңа білімдер алады. Сындарлы оқытуда индивид өзінің алған білімдерін қоғамның белгілі білімдерімен байланыстырады және бұл моральды тұжырымда келе, өздігінен дамиды және жаңа білім алады.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. III (негізгі)деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

2. Бунятова Ф. Конструктивное обучение: сущность,принцип, цели и образцы уроков. Баку-2008, стр.218

3. Мехрабов А.О. Концептуальные проблемы современного образования. Баку-2010. стр.516.

4. Лекторский В.А. Капт. Радикальный конструктивизми конструктивный реализм в эпистемиологии. //Вопр.Философии, М.: 2005, №8

5. Князева Е.Н. Курдюмов С.П. Основания синергетики, синергетическое мировидение. М.:2005





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Білім берудегі сындарлы оқыту және оны сипаттау ерекшеліктері

Автор: Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы

Дата: 24.02.2022

Номер свидетельства: 601179

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) ""Инновациялы? технологияларды пайдалана отырып жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?а т?рбиелеу" "
    ["seo_title"] => string(101) "innovatsiialyk-tiekhnologhiialardy-paidalana-otyryp-zhan-zhak-ty-damyg-an-zhiekie-tu-lg-a-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "129939"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415797439"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства