kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана ?мірді? г?лі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аяулы аналарымызды, арда?ты ?стаздарымызды, ару ?ыздарымызды мерекесімен ??тты?тау, о?ушыларды мейірімділікке, ?стаз?а ата-ана?а деген ??рмет сыйын арттыру, ана е?бегін ?адірлей білуге ?йрету. Ана -?мірді? г?лі, к??ілді? жыры, ?р отбасыны? алтын ді?гегі. мынау тынымсыз тіршілік пен ке? д?ниені? ?зі тек аналармен ажарлы. Б?гінгі арайлап ат?ан н?рлы та?мен бірге ?рбір с?би ж?регі ?зі? деп со?са, б?гінгі мерекелік кешіміз тек аналар?а арналма?. Ана-барлы? ?иынды?ты же?етін сар?ылмайтын к?ш, тіршілікті? ?айнар б?ла?ы, ?аза? ?йеліні? дастарханы то?, ?она?ы ырза, д?ниесі т?гел. олар ?шін бірінші орында отбасыны? берекесі т?рады. б?бегін бесікке б?леп, ?лдилеп аяла?ан ана ба?ыт ??ша?ында емес пе?!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана ?мірді? г?лі »

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Басшилі ауылы

Ы.Мұхамеджанов атындағы негізгі мектептің аға тәлімгері Балаушина Айсұлу Беркімбайқызы


Тақырыбы: «Ана-өмірдің гүлі »


Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.


Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,әдемі гүлдер, түрлі-түсті шармен жазылған тақырып.






























1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

2-жүргізуші: Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

3-жүргізуші:

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

1-жүргізуші: Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары және ару қыздары! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

2-жүргізуші:

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Жүсіпова Маржан Мырзалықызына беріледі.

3-жүргізуші:

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Келесі әніміз зейнеткер ұстаздарымызға арналады Нұрсәттің орындауында ән «Асыл ана»

1-жүргізуші: Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

2-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп келесә ән Маржан апай, Ажар апай, Базаргүл апай, Айнаш апай, Айгүл апайдың құрметіне арналады. Аружан мен Аяжанның орындауында ән «Мама» қабыл алыңыздар.





3-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,-дей отырып келесі кезекті аруларымыздың орындауындағы «Жастар» биіне береміз. (9класс)

2-жүргізуші: Аружан саған бір сұрақ қойсам бола ма? Жайдарман ойындарын жақсы көресін ба?

3-жүргізуші:Әрине жақсы көремін. Жайдарман әзілдерін аруларымыз, жігіттерміз, тіпті үлкен апаларымызға дейін жақсы көреді.

2-жүргізуші: Ендеше тек қана сіздердің құрметтеріңізге жайдарманшылар тобын қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық. «Фантазия» ктк командасы.

1-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Мирболдың орындауында «Ана-әке». әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

3-жүргізуші: Күй- тәңірдің күмбірі демекші «Айжанқыз» күйімен мектеп оқушыларын қарсы алыңызда!

1-жүргізуші:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

2-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
3-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп Жанар апай, Рауза апай, Әсел апай, Баян апайдың құрметіне Перизат пен Назеркенің орындауындағы «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Мен сендерге бір қызық айтайын ба? Келесі әнші жігітіміз Төреғалидан айнымайды. Тіпті өзі екен деп қалдым.

2-жүргізуші: Рас айтасың ба?! Мен сенбеймін.

3-жүргізуші: Мен де сенбеймін.

1-жүргізуші: Қазір өздерін көресіндер. Содан кейін меннен кешірім сұрап жүрмендер. Келесі әніміз мектебіміздің аруларына арналады

Ән: «Бол жанымда»



2-жүргізуші:

Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

3-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге.

деп ақын ағаларымыз жырлағандай жас апайларымыздың құрметіне мың бұралған бишілерге береміз. Би: «Жастар » 7 класс

1-жүргізуші:

Мектеп оқушыларының «Қыз сыны» әзіл-сықағын қабыл алыңыздар.

Би: «Испан биі» орындайтын 2 сынып оқушылары.

1-жүргізуші: Ерханның орындауында ән: «Жарайма»

2-жүргізуші:

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

3-жүргізуші:

Әкелетін отабасына береке ең,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын нұрға толы мерекең!

1-жүргізуші:

Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.

Жарығыңмен шуағыңмен күн – Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

2-жүргізуші:Әдемінің орындауында ән «Құтты болсын мерекең»

3-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар ,біздің «Ана – өмірдің гүлі » атты мерекелік кешіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ана ?мірді? г?лі

Автор: Балаушина Айсулу Беркимбаевна

Дата: 26.03.2015

Номер свидетельства: 191596

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "ЖАС?СПІРІМДЕРДІ? АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-??Л?ЫНЫ?  АЛДЫН - АЛУ Ж?МЫСТАРЫ "
    ["seo_title"] => string(77) "zhasospirimdierdin-autodiestruktivti-miniez-k-u-lk-ynyn-aldyn-alu-zhu-mystary"
    ["file_id"] => string(6) "201804"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429116418"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?ош,с?йікті ?ліппем "
    ["seo_title"] => string(23) "k-osh-suiikti-lippiem-1"
    ["file_id"] => string(6) "154151"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421126497"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства