Просмотр содержимого документа
«Жол қозғалысының жас инспекторлары»
«Қайнар» мектеп – гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жол қозғалысының жас инспекторлары
Дайындаған: аға тәлімгер Каримбаева У.
2016 оқу жылы
Жол қозғалысының жас инспекторлары
Жол қозғалысы жас инспекторлары(ЖҚЖИ) тобының негізгі мақсаты төмендегідей:
-оқушылардың белсенді өмірлік бағыт-бағдарларын қалыптастыру;
-көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік ережелерін оқып үйрену, жол қауіпсіздігі ережелерін (ЖҚЕ) насихаттау, оқушылар арасында ЖҚЕ байланысты шаралар ұйымдастыру;
-жол-көлік оқиғаларынан (ЖҚО) зардап шеккендерге көмек көрсету ісіне машықтану.
ЖҚЖИ топтары жұмысының негізгі міндеттері:
-жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) тереңдетіп оқып үйрену, балалардың жол-көлік оқиғалары (ЖҚО) жарақаттарының алдын алу әдістерін үйреніп, ЖҚО-дан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге машықтану, жол қозғалысын реттеудің жедел-техникалық құралдарымен танысу;
-мектепте, балабақшада, техникалық насихат құралдарын пайдалану арқылы ЖҚЕ-ні насихаттауға арналған бұқаралық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
-ЖҚЖИ слеттары мен автоқалашықтарының қызметтерін ұйымдастыру,жұмыстарына қатысу;
-жас велосипед жүргізушілерімен жұмыстар ұйымдастыру.
ЖҚЖИ топтарының құрылымы:
-ЖҚЖИ топтарына жасы 10-ға толған оқушылар қатысады.ЖҚЖИ тобы жұмысына белсене араласуға тілек білдірген мектеп оқушылары мүше бола алады;
-Топты құру үшін оның мүшелерінің саны 10-нан кем болмауы керек және ол жеке бөлімшелерге бөлінеді;
-ЖҚЖИ тобына мүше етіп қабылдау топ жиынында тілек білдірушінің ауызша өтініші арқылы жүзеге асырылады. Жас инспекторлар сынақ тапсырып, салтанатты жиында оларға куәлік, кеудеге тағатын белгі және қолдың қарына тағатын жас инспектордың арнайы жеңбелгісі тапсырылады;
-ЖҚЖИ тобының күнделікті жұмысына топтың жалпы жиналысында сайланған ЖҚЖИ штабы басшылық жасайды. Штаб өз құрамы арасынан топтың командирі мен комиссарын сайлайды. ЖҚЖИ штабы өз жұмысын мектептегі «Мұрагер» ұйымының басшылығы арқылы жүргізеді. «Жас талап» тобы мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енеді.Топ командирі мен комиссары арнайы бекітілген айырым белгілерін тағады.
1.Жас инспектордың міндеттері:
-жол қозғалысының жас инспекторы деген атақ абыройды жоғары ұстау, топ жұмыстарына белсене араласу, штаб пен командирдің тапсырмаларын дер кезінде бұлжытпай орындау;
-жол қозғалысы ережелерін оқып үйреніп, оларды бұлжытпай орындауда өзгелерге үлгі көрсету;
-өз қатарластары мен кішкентай балалар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттап түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
-қоғамдық құқық ережелерін әр кез сақтап нығайту, балалардың ЖҚЕ бұзуының алдын алуға қатысу;
-өз денсаулығын шыңдау, дене шықтыру және спортпен ұдайы айналасу.
Жас инспекторларының әні.
Бірге оқып бірге білген,
Жолда жүру талабын.
Әрқашанда ұмытпаймыз,
Қауіпсіздік тәртібін!
Қайырмасы:
Достар, достар,сақ болыңдар,
Бірге еді жанымыз.
Белгілерді еске аласып,
Кел,шырқайық бәріміз!
2.Жас инспектордың құқықтары:
-топ қызметіне байланысты кез-келген мәселені талқылауға қатысу, ұсынысын айту;
-ЖҚЖИ тобы штабын және оған айлану;
-балалардың жол-көлік зақымдарының алдын-алу жұмыстары әдіс-тәжірбиелерді меңгеру жөніндегі білімді, біліктілікті және машықтарды оқып үйреніп, «Қозғалыс қауіпсіздігінің жас нұсқаушысы» атағын алу;
-жол қозғалысы қауіпсіздігі (ЖҚҚ) мен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жергілікті полиция органдарынан және ЖП бөлімшелерінен ақыл кеңес алу;
-жол қозғалысы жас инспекторының бекітілген айырым белгісін тағу;
-полиция қызметкерлерінің басшылығымен көшелерде, мектеп, ықшам аудандарда ЖҚЕ сақтауға байланысты рейдке шығу;
-ЖҚЖИ тобындағы белсенді қызметі үшін ЖП органдарның, қоғамдық ұйымдардың мақтау қағаздармен, кеудеге тағатын белгілермен, бағалы сыйлықтармен, жол қозғалысы жас инспекторларының аудандық, облыстық, республикалық слеттеріне делегат болып қатысу.
ЖҚЖИ тобы қызметінің мазмұны бірнеше бағыттарға бөлінеді.
Ақпараттық қызмет:
-ЖҚЖИ тобы қызметінің нәтижелері бойынша мектепте радиохабарлар ұйымдастыру, тоқсан сайын «Жас талап» журналын, «Бағдаршам»» қабырға газетін шығарып, «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» ұраны мен «Достар» әнін бекіту -күнделік, ай сайынғы кеңес жұмысы, жылдық жоспарлы есеп беру папкасы, шағын аудандағы ЖҚЖИ тобының қызмет аймағы картасы, топтың төлқұжаты сияқты құжаттарды мұқият жүргізу.
Үгіт-насихат қызметі:
-жол қоғалысы қауіпсіздігі тақырыбына байланысты жұмыстар;
-әңгімелер,викториналар, кинолекторийлар, ойындар, саяхаттар, жарыстар, конкурс, КВН, тақырыптық ертеңгіліктер мен мерекелер, спектакльдер ұйымдастыру, ЖҚЕ бойынша көрнекі құралдар мен әдістемелер базасын жасауға және оны қолдануға атсалысу.
Қамқорлық қызметі:
- «Ботақан», «Гүлдер» балабақшаларында, бастауыш сыныптарында жол қауіпсіздігіне арналған сурет конкурстарын, ән-өлең сайыстарын өткізу, тәлімгердің көмегімен «Жол әліппесі» саяхаттарын ұйымдастыру;
-автоалаң,автоқалашықта бүлдіршіндерге арналған саяхат ұйымдастыру;
-үйірме мұғалімдерімен бірге шеберханаларда құралдар жасау;
-ЖҚЕ бұзуының алдын-алу мақсатында жүргізілетін кезекшіліктер мен рейдтер қатысу;
-балалардың ЖҚЕ бұзуы туралы мектеп оқушылары мен ата-аналарды құлақтандыру;
-авто қалашықта ЖҚҚ бойынша және автоалаңда жол қозғалысын реттеуге байланысты ойындарын ұйымдастыру;
-жас велосипед жүргізушілермен жұмыс.
Топ командирінің негізгі қызметтері:
-топ жұмысына басшылық: жұмыс жоспарын жасап, мектептегі өзін-өзі басқау органдарына бекітуіне ұсыну бөлімшелердің қызметіне бақылау жүргізу, штаб отырыстарын, қорытынды жиындар өткізу, аудандық семинарлар мен ЖҚЖИ топтары семинарлары мен ЖҚЖИ топтары командирлерінің жиналыстарына қатысу.
Жарыстар мен конкурстар:
1. «Жол қозғалысы ережелерінің белгілері»
2. «Жас насихатшылар»
3. Жас велосипедші»
4. «Жас жүргізуші»
5. «Жас реттеуші»
6. Сапта жүру байқауы
7.Командирлер байқауы
8. «Жас автомобильші»
9. «Жас санитар»
10. Үгіт бригадалар байқауы.
Ата-аналар үшін ақпарат
Ата-аналар балаларына көшелер мен жолда жүру ережесін білуде үлгі көрсетеді.Мектепке дейінгі баланың ең жақсы адамы жолда жүру ережесін сақтамаса ешқандай оқыту тиімді болмайды.Ата-анасы жол ережесін бұзса, баласы да оларға еліктеп, жолда жүрудің денсаулық пен өміріне қауіпті әдеттеріне дағдыланады, бұл орны толмас қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан ата-аналарға олардың бәрінен бұрын балалардың қауіпсіздігіне жауапты екінін, сол үшін дұрыс үлгі болу керектігін түсіндіру қажет. «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналармен жұмыс барысында мақсатты түрде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз: ақыл-кеңестер, жиындар, бос уақытты балалармен бірге өткізу, буклеттер тарату. Ата-аналармен жұмыс түрлері.Баланың балабақшаға, мектепке барып қайту жолы оған жолда жүру ережесін үйретіп, көше қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді тәсілі. Көбінесе ата-ана көшелер мен жолдарда өзін-өзі ұстау тәртібін баланың 5-6 жасында, бірінші сыныпқа барарда үйретеді.Бірақ баланың әдет-дағдылары баланың ерте балалық шағынан бастап бойына сіңе бастайды. Сондықтан ата-ана 1,5-2 жасынан баламен бірге көшеге шығып, бойында «көліктен сақтану» дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін ата-анасы келесі міндетті талаптарға орындауы тиіс:
-бала көшеден асықпай өтуді үйренуі үшін үйден ерте шығуы керек;
-жүргінші жолынан өтерде міндетті түрде тоқтаңыз;
-жолдан асықпай, баланың адамына ыңғайланып жүріп өтіңіз, бала жүгіріп отырмауы тиіс;
-балаларды жолдың жаяу жүргінші өтетін тұсынан және қиылыстардан ғана өтуді үйретіңіз;
-ешқашан жолды көрсетпей тұрған көліктің немесе басқа заттардың артынан шыға келмеңіз.Аялдамада тұрған көліктің алдынан да,артынан да өтуге болмайды,әрі қарай барып жақын жердегі жаяу жүргінші жолынан немесе қиылыстан өту керек;
-қарсы жақта тұрған трамвай, троллейбус, автобусты көріп, асығыс жүрмеңіз, балаға да осылай үйретіп, қауіпті екенін, келесі көлікті күткен дұрыс түсіндіріңіз;
-жолдан өтіп бара жатқанда баламен бос әңгімені тыйыңыз, бала жолдан өткенде алаңдамай, бар назарын жол үстіндегі жағдайға ғана аударуға дағдылануы тиіс;
-көшені қатаң түрде тікбұрыштың бойымен қиып өтіңіз, бұл көліктердің қозғалысын жақсы бақылауға және тез өтіп кетуге мүмкіндік береді;
-бағдаршам бар жерде жолдан жасыл белгіде ғана өтіңіз, өтетін жолдың қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз.Бала көлік болмаса да қызыл және сары түсте жолдан өтпейтініне дағдылануы тиіс;
-жолдан өтерде аялдамада баланың қолынан мықтап ұстаңыз, жолда жүгіріп кетуі мүмкін;
-кез-келген көліктен баладан бұрын шығыңыз, әйтпесе бала құлап қалуы немесе ересек болса жолға жүгіріп кетуі мүмкін,баланың жолдан сізден бұрын жүріп, жүгіріп өтуіне тыйым салыңыз, жан-жағына қарап өтуді үйретіңіз;
-балаға жол үстіндегі жағдайды бақылауды үйретіңіз, бұрылуға бет алған немесе өте тез жылдамдықта келе жатқан көліктерді көрсетіп сақтануды үйретіңіз.(ондай көліктерді өткізіп жіберу керек);
-баламен бірге келе жатып, «Мен көшені қарау үшін басымды бұрамын, көліктердің қозғалысын байқаймын, жолдың бос екеніне көз жеткіземін» сөздерімен өз қимылдарыңызды оған көрсетіңіз;
-балаңыздың велосипедті балалар немесе спорт тебуін қадағалаңыз, жолға жақын немесе жолдармен жүруге тыйым салыңыз;
-Есте сақтаңыз! Баланың көзінше жолда жүру ережесін бұзбаңыз, бала жол тәртібін ата-анасына қарап үйренеді.
«Үй-мектеп» маршруты-бұл құжат.Мұнда бала ата-ананың үйінен мектепке дейінгі және мектептен дейінгі жол кескінін бейнелейді.
«Үй-мектеп» бағыты және оны пайдалану.
«Үй-мектеп» бағыты әзірлемесі- бұл баланың үйден мектепке баруы, қайтуына ұсынылатын, жолын сипаттайтын және кескіндейтін құжат.Бағыттама ата-аналардың көмегімен әзірленіп, ортаңғы топ балаларынан бастап ұсынылады.Ол үшін бағытты әзірлеу және баларға үйрету әдісін түсіндіру мақсатында ата-аналарға кеңес беру жұмысы ұйымдастырылады.Әрбір әзірленген бағыттама топты талқыланып, сол бағытпен жүретін баланың өзі түсіндіре білуі тиіс.
Бағыттама әзірлеу міндеттері:
-баланың мектепке барып-қайту қозғалысындағы қауіпсіздікті арттыру;
-балаға мектепке бару-қайту жолының жағдайына бейімделуге үйрету;
-бағыттама құрастыруға, жол жағдайына бейімдеуге және қауіп-қатердің алдын алуға ата-аналарды үйрету;
Бағыттама әзірлеу тәртібі (үш кезең):
1.Ата-ана баласымен бірге үйден мектепке бару-қату жолын бірге жүріп,қолайлы түрін белгілейді және қауіпті жерлерді атап көрсетеді.
2.Үйден мектепке дейінгі жолда орналасқан ғимараттардың кескін-сызбасын құрастырады, көшелердің атын жазады, бағдаршамдар мен жол белгілері және жаяу жүргіншілер өтуге арналған жолақтар көрсетіледі.
3.Қозғалыс жолы тұтас сызықты көрсеткішпен белгіленеді.
Қауіптілігі жоғары жерлерді түгел суреттеуге баса көңіл аудару қажет: үйден шығу, жолды кесіп өту (әсіресе бағдаршам жоқ болса), ауламен жүргенде көліктер өтетін жерлерді байқау.Жүріп өтуге тура келетін әрбір жолға арнайы сипаттама беру:
-көліктердің жүру белсенділігі;
-бұрылыстан көлік шығ келу мүмкіндігі;
-көшені көруге бөгет жасайтын заттардың тұруы.
Үй тұрған көшені жеке сипаттап көрсету керек.Көбінесе «Үй-мектеп» бағыттамасын падалану.Бағыттаманы құрастырғаннан кейін ата-ана баланы үйден мектепке бару-қайту жолымен жүргізіп, оның бағытпен дұрыс жүруін, сипатталған қауіпті жерлерді көріп түсінуін бақылау керек. Сонымен бірге баланың бойында үйден ерте шығу, асықпай жүру, көшені ақырын тік қиып өту, жол бос болса да жан-жағына жіті қарау дағдылары қалыптасады. Ең бастысы-баланың көшені көрсетпей тұрған зат немесе келе жатқан көліктің қауіптілік белгісі кескінін түсінуі.
Жаңа инновациялық жобалар
Қазақстан Республикасы бойынша жас инспекторлар мүшелеріне бірыңғай формасына көшу;
Автоалаң, автоқалашықта бүлдіршіндерге арналған саяхат ұйымдастыру;
Автоқалашықта ЖҚЕ бұзуы бойынша автоалаңда жол қозғалысын реттеуге байланысты оқу тәжірбие ойындарын ұйымдастыру;
Аудандағы, қаладағы жүргізуші үздік жүргізушілермен кездесу ұйымдастыру;
Мектеп ауласына автотұрақ құру;
Мектептен шығар жолда аяқ жол (тротуар), бағдаршам (светофор) орналастыру қажет;
Оқушылар өтуге арналған жолақтар (зебра) орнату қажет;
Көршілес мектептер арқылы тәжірбие алмасу,өтілген жол ережесі сабақтардан мәлімет жинау;