Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану. Тақырыбы: " Табиғат бұрышындағы өсімдіктер"»
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер)»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдіктерді өсіру жолдары жөнінен білім беру. Өсімдіктің бұтағын дұрыс отырғызу әдісін үйрету және бұтақтан өсімдікті өздерінің өсіру ынтасын арттыру.Оқушыларды еңбексүйгіштікке, мұқият болуға тәрбиелеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру «Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары»
Не білдік? Ойыны (Оқушыларға өткен сабақ бойынша суреттер беріледі. Шағала, қоқиқаз, ит, мысық,балық, құстар, үй суреті. Суреттер бойынша табиғатты қорғаудағы халық болжамдарын еске түсіріп, айтады.)
ІІІ. Жаңа сабақ «Табиғат бұрышындағы тіршілік- өсімдік»
Табиғат екіге бөлінеді. Тірі табиғат, өлі табиғат. Өсімдіктер – тірі табиғатқа жатады. Себебі өсімдіктер көбейеді, дамиды. Өсімдік – ең алдымен тұқымды салудан бастап өседі, кейін тамырланып , тамырдан бұтақтар пайда болады. Жыл мезгілдеріне байланысты өсімдітер өзгерістерге ұшырап отырады.
Ү. «Сергіту сәті»
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып шайқалған.
ҮІ. Кітаппен жұмыс
-Тапсырма:
А) Бөлме өсімдіктері үнемі пайдалы болама ?
Ә) Өсу заңдылығын бұзбай төртінші құмыраны сал;
Дидактикалық ойын: «Қандай өсімдік екенін тап?»
Мақсаты: Бір өсімдікті сипаттау арқылы тауып, суретін салады.;
Ойынның барысы:
Бір оқушыны ортаға шақырып бір өсімдіктің түрін көрсетемін, ол өсімдікті оқушыға басқа оқушыларға суреттеп береді. Оқушылар қандай өсімдік екенін тауып, суретін салады.