Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Көнерген сөздердің түрлері туралы түсінік.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Сәйкестендіру тесті
Ыдыс-аяқ саба
Киім-кешек қағут
Аспаптар құдаласу
Тағам қыл қобыз
Қару-жарақ піспек
Сән бұйымы бөрік
Дәстүр қамшы
Сәйкестендіру тесті.
Тағам камзол
Киім теген
Дәстүр дүрия
Ыдыс-аяқ бұжы
Мата өңіржиек
Қару-жарақ барымта
Бұйым қалқан
ІVЖаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш алғаш енген кезнде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт, спуткик деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т.б. сөздер жатады.
Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңеюіне байланысты өсімдік, бау – бақша саласына қатысты тілімізге көптеген жаңа сөздер енді: жылыжай (жарық жақсы түсу үшін төбесі мен қабырғалары шыныдан жасалған көкөністер өсіретін орын), қызанақ, орамжапырақ, қаудан, дернәсіл, үлескі, өскін, жасуша, ағза және т.б.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сөйлемдерді оқы. Неологизм сөздерді тап.
Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.
Орал қаласындағы Достық даңғылы бойында Сырым бабамызға ескерткіш орнатылған.
Үстеміздегі жылы атам мен әжемнің зейнетақысы көбейді
Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтіндегі жаңа сипаттағы сөздерді теріп жазыңдар.
Бұл «Нұрқадам» үшін, оның иесі үшін шынында нұр жауған күн болды. Әу баста қазақтың ырымдауымен жақсы ат алған шаруа қожалығының қадамы нұрлы да құтты екен. Колхоздан жерді бөліп алған. Өзіне үш жүз гектар жайылым мен жүз гектар суармалы жер тиген. Суармалы жерге астық, мал азығын өсіріп отыр. Биылғы егісті сеуіп болыпты. Бау-бақша салып жатыр. Қоңысбек бірыңғай мал соңында кетпей, көп салалы шаруашылық жүргізбек екен.
Банкіден несие алып, соның ақшасына колхоздан алты жүз бас қой сатып алған. Малдың жүні мен былтырғы астықтың түсімі арқасында банк қарызынан құтылған. Ендігісі – таза пайда. Өзіне пайда. Ал қожалықтың пайдасынан мемлекетке салық түсерін ескерсек, бәрімізге пайда.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
1.Оқулықпен жұмыс
163 -жаттығу (ауызша)
164 -жаттығу.
* Мәтіндегі жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазыңдар.
165 – жаттығу
* Мәтіндегі неологизм сөздердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.