3.7.Таңтамаша: ( Музыкалық үзіліс әр топ өз өнерін көрсетеді)
- Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап. Ана деген бәйтерегі өмірдің Ана деген - алтын қазық, алтын бақ. Ән: «Апатайым – анашым!» - Қанекей балалар аналарымызға тақпақ айтып берейік. Арай: Анам менің сүйіктім Тек өзіңе табынам. Найль: Анаң болса қасыңда Басқа бақыт не керек? Каусар: Мен анамды сүйемін Құшағына енемін: Али: Қуанышы баланың Бізді өсірген анашым. Биханым: Құтты болсын, анашым, Құтты болсын мерекең! - Ал, бәріміз бірге аналарымызды құттықтайық! Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!» Ақерке: Бала, бала, бала деп Түнде шошып оянған! Азамат: Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған! Нұрила: Сөздеріңді ең аяулы Жақсы көріп жаттадым! Ақерке: Анам менің«Айым»дейді Мен мұңайсам «Уайым»жейді. Нұрбол: Анам менің «Күнім»дейді Мен қуансам күлімдейді. Медина: «Жаным» дейсің мені Жаратушым бір сенсің. - Арай,Диляра,Ақеркенің орындауындағы «Кел, билейік!» әнін тамашалаңыздар. Бота: Таң қалғандай ғалам Кім ең сұлу адам Ол - менің аннам. Мәлика: «Боташым» дер саған Кім сүйікті адам Ол – менің анам Ералы: Айналайын, анашым Көкте нұр боп жанасың. Нұрлыбек: Менің әжем, жыр әжем, Шуағы мол, нұр әжем. Арманжан: Анамызды сыйлаймыз Айтқанын тыңдаймыз. Елжан: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген анашым! 3.8. Д/О Ойын:«Сөз құра» Шарты: Берілген әріптерден сөз құрау керек. А Н А Ә Н Е Ә К Е Ә Ж Е - Ақ жүректі аналар берекеміз Құтты болсын көктемгі мерекеңіз – дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе алып келсін. Сөз ата - аналарға беріледі
«Бес саусақ»
1.Мен бүгін қандай білім алдым?
2.Мен бүгін не істедім?
3.Менің бүгінгі көңіл-күйім.
4. Мен бүгін кімге көмектестім,сол адамды қуанта алдым ба?