Просмотр содержимого документа
«?стаздарым, думан болсын ?р к?ні?»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұстаздарым, думан болсын әр күнің!»
Мақсаты: Оқушыларға ұстаз мәртебесін арттыруға байланысты тәрбиелік бағыт-бағдар беру.
Этика, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Плакат, шарлар, гүлдер.
Сабақтың барысы:
1-оқушы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Ұстаздарым, думан болсын әр күнің!» атты мерекелік кешімізді бастаймыз.
2-оқушы: Күмбірлейді туған жердің бел, өрі.
Күмбірлейді қайың, шырша, терегі.
Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,
Бүгінгі күн –
Ұстаз күні себебі.
3-оқушы: Желпіндіріп, желіктірген күш қандай?
Балғын да шат, шаттық нұрын құшқандай.
Бүгінгі күн – Ұстаз күні, содан ба?
Алтын күн де күлімдейді ұстаздай.
4-оқушы: Армысыздар, ардақты ұстаздар!
5-оқушы: Қош келіпсіздер, құрметті ұстаздар!
Күрең күздің жанға жайлы жаймашуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріңіз – «Ұстаздар күніде» келіп жетті.
Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
6-оқушы: Тойлайды бұл күнді көптен,
Біздің байтақ, бақытты ел.
Ұстаздарым, шын жүректен,
Құттықтайды шәкірттер.
7-оқушы: Арналады ұстаздарға,
Құрмет деген, төр деген.
Біздің елде, адам бар ма,
Ұстаз алдын көрмеген.
8-оқушы: Ұстаз жолы қиынырақ,
Сырлары мол әлі сыртқа шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.
Жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне
Ұстаздарға арналып, ән салады.
Ән: «Аппақ гүлдер»
Жүргізуші: Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарымызды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биіктерге шыққандарын.
9-оқушы: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік.
10-оқушы: Барлық ұстаз апайлар,
Барлық ұстаз ағайлар.
Құтты болсын,
Құтты болсын төл мейрам.
11-оқушы: Ұстаздарды сыйлай білу парызың,
Онсыз бойда өтелмейді қарызың.
Ұстазыңның ұлағатты сөзімен,
Ұғынасың өмірдің бар маңызын.
12-оқушы: Танытып өмір өрнегін,
Кеудеме үрлеп от жақтың.
Мен үшін тыным көрмедің,
Тентектік етсем кешірдің.
13-оқушы: Шәкірттер үшін күні-түн,
Ұстаздық еттің адал боп.
Ақталса болды үмітім,
Шықсын деп жақсы адам боп.
14-оқушы: Сен бір ұстаз, шәкіртің,
Қалмайды жолда бөгеліп.
Басады алға батыл тым,
Жапырақ жайып, көгеріп.
15-оқушы: Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана, дана бола алады.
Ең бастысы ұстаз мына өмірде,
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.
16-оқушы: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ән: «Мектебім»
17-оқушы: «Ұстаз» деген ардақты сөз, ұлы есім ғой, бұл есім Ұлы есімнің қасиетін есіңе алып жүресің Сол ұстаздың көмегімен ойлы қырмен шапқылап, Білім деген тұлпарға да сол арқылы мінерсің.
Шәкірті жоқ ұстаз деген – жапырақсыз теректер Ұстазымның шәкірті үшін маңдайымнан ағар тер. Біріншіден, ата-анам жетелесе өмірге, Екіншіден, ұстазым-ау, өзің болдың себепкер.
Жүргізуші: «Ұстаз» сөзінің формуласы қандай?
Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – танымал
А – ардақты
З – зиялылар.
18- оқушы: Мұғалім, ғазиз мұғалім, Төгілген арай, шуағым Арманым қонса, қолыма, Арқаң деп сенің ұғамын. Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін.
19-оқушы: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыңдар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыңдар.
20-оқушы: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың.
21-оқушы: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.
Ұстаздардың мейірімді көзінен,
Бізге деген жылылықты табамыз.
22-оқушы: Мұғалім!
Бұл – адамның ардақты аты.
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан.
Сүйеді, сондықтан да жақын-жаты.
23-оқушы: Ұстазым – менің бапкерім.
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген қарызды,
Ақтаймыз әлі талай біз.
24-оқушы: Әр таң сайын жаңа арман құшамыз.
Ұстазымыз үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан,
Өздеріңді мәңгі үлгі тұтамыз.
25-оқушы: Еңбегі сіңген еліне,
Шығады елдің төріне.
Жүріңдер әр кез ұстаздар,
Биіктерден көріне.
26-оқушы: Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылықты ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз деген аяулы, ардақты адам.
27-оқушы: Алғаш рет өзіңнен,
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңнен,
Біліп алды балалар.
28-оқушы: Адамдыққа үйреткен,
Жамандықтан жиренткен.
Тілімізді ширатқан,
Ұстаз ана – данамыз.
29-оқушы: Болған соң елдің сәні біз,
Үміт боп қалай жанбайық.
Қосылып қане бәріміз,
Ұстазға бір ән арнайық.
Ән: «_____________________________________»
30-оқушы: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын.
Дендеріңнің саулығы мықты болсын!
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар тағы да құтты болсын!
Жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Мерекеге арналған тілегіңіз, - деп ұстаздарға, ата-аналарға