Просмотр содержимого документа
«Тіл - достықтың кілті.»
«Тіл – достықтың кілті,ынтымақтастықтың бастауы»
Мақсаты:
Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл қазақ тілінің қолданысаясын кеңейту,өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.
Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілінің ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, суреттер, гүлдер, шарлар, буклеттер.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші, «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтас- тықтың бастауы» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Барысы.
Залда ұлтымыздың әсем күйінің сазды әуені естіліп тұрады.
Жүргізуші: Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Құрметті сайысқа қатысушылар және қонақтар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдан аясы, бедел-мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді..
Мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, талантты жастарды іздеп табу мақсатында және өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін жыл сайын біздің колледжімізде дәстүрлі тіл мерекесі өтеді. Осы мерекеге байланысты өткелі отырған «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтыңбастауы» атты өзге ұлт оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған сайысымызға қош келдіңіздер!
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат – мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету. Тіл – ұлттың жаны. Ғабит Мүсірепов тіл туралы былай деген: «Тілін білмеген түбін білмейді».
Әрине, әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты.
Халықтың тілін білсең, оның жанын сезінесің, тіл арқылы бүкіл адамзатқа тән гуманистік идеяларға қол жеткізуге болады.
Біздің мемлекет – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Әр ұлттың өзіне тән ата-дәстүрі, ана тілі бар. Әрбір өзін-өзі сыйлайтын ұлт өз болмысын сақтай отырып, өзге ұлттың өзіндік қажеттеріне құрметпен қарайды. Оған дәлел, басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеу, қазақша ой ойлауы. Осыған дәлел ретінде: «Ұлтым әзірбайжан болса да, мен – қазақтың бір қызымын. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлап, қазақша жырлаймын. Бір халықтың тілін білген адам сол халықтың жан дүниесін сезінеді, рухани құндылықтарына бойлай алады, қуанышы мен қайғысына ортақтасады. Мен Қазақстанда тұрып, сол мемлекеттің тілін білгенімді өзіме зор мәртебе санаймын», - деген ақын, әзірбайжан қызы Асылы Османның айтқан сөздерінен ұлты басқа болса да біздің елімізге, тілімізге деген зор құрметін көреміз. Осылайша жаны қазақ ақын апамыздай тілге жанашырлық таныта білсек, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек, нұр үстіне нұр болар еді.
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
«Халық айтса қалып айтпайды», әрқашан да нанымды, - дей келе сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Сонымен сайысымызға кезек берсек:
Кім білімді, өнерпаз, білейікші,
Оқушылар алғыр деп жүрейікші.
Әділқазылар алқасына тек әділдікті,
Сайыскерлерге сәттілік тілейікші, - деп сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
«Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтыңбастауы» атты сайысымыз бірнеше турдан тұрады. Бірінші бөлімде «Сәлемдесу» немесе таныстыру.
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.
« Өзге емес өзім айтам өз жайымды...».
Әр сайыскер өзін таныстырып өтуі керек
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа.
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына,- деп сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.
- Екінші турымызды «Жыр парағы» деп атап, қазақ ақындарының шығармасынан өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Кешіміздің екінші бөлімі ақындардың өлеңіне арналады.
Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші туры мақал-мәтелдерге арналады. «Кімкөп мақал-мәтел біледі?» сайысы және мақал мәтелдегі түсіп қалған сөзді тауып екі тілде баламасын айту.
Мысалы:
Өнер алды – қызыл тіл
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ
Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл.
Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады
Білекті адам бірді жығады, білімді адам мыңды жығады,-деп,
Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік. Оқушыларды ортаға шақырамыз,мақал – мәтел айтудан жарысады санына шектеу қойылмайды, кім көп айтса ұпайы да көп болады.
Алдын-ала дайындалған парақтарды суырып ондағы мақал-мәтелдің түсіп қалған сыңарын тауып екі тілде баламасын айту.
1.Құлақтан кірген.... Жүрекке барып мұз болар
(Сөз-слова)
2.Таза мінсіз асыл ... Су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.
(тас-камень)
3. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ.
(тіл – язык)
4.Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.
(су – вода)
5.Ілім – бұлақ... – шырақ!
(білім – знание )
6. Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын.
(сегіз – восемь )
7.Тіл тас жарады, Тас жармаса...жарады.
(бас-голова)
8.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл.
(Ілім-знание)
9.Қаһарлы сөз ... бұзар.
(Қамал-замок)
10.Ине көзінен сынады, ... сөзінен сынады.
(Шешен –оратор)
11.Айтылған сөз, атылған ... тең.
(Оқ-пуля)
12 ... сөз жарым ырыс.
(Жақсы-хорошее)
Жүргізуші. - Бәрекелді, сайыскерлер өте жақсы! Енді сайысымыздың келесі турына көшеміз бұл тур жазбаша өтеді, яғни мемлекеттік тілде ауызекі сөйлей білумен де қатар сауатты жаза білуге де дағдылануымыз керек. Сол мақсатта сайысымыздың келесі бөлімі «Тақырыптық мәтін құру» деп аталады, берілетін тақырыптар:
Осы турлар аяқталғаннан кейін әділқазылар алқасы байқауға қатысушыларды алған ұпайлары бойынша марапаттайды. Сөз колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарына беріледі.
Жүргізуші: Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
«Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңың арайлап.
Азаматы бар ел деп – бұл қазақтың,
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып».
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтыңбастауы» атты өзге ұлт оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош сау болыңызар!