Сабақтың мақсаты: оқушыларға тіл тазалығы туралы мәліметтерді ұсына отырып, әдеби тіл тазалығы, ерекшелігін тануға бағдар беру.
Сабақтың түрі: білімді бекіту
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, слайд, қосымша мәліметтер
Түйінді идея: Тіл – тағдыр, ол туралы ойлану керек ...
Сабақтың барысы
І Кіріспе.
А) «Менің адам бойымдағы бағалайтын қасиетім » тренингі;
Шарты: Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Ортаға шыққан оқушы өзі жоғары бағалайтын адам бойындағы жақсы қасиеттерді өлең жолдарымен немесе сол сөздің мағынасын ашатын мақалмен, қанатты сөздермен тұспалдап жеткізу, қалған оқушылар жасырылған сөзді табады.
Ә)Ана тілі тақырыбына жазылған өлеңдерді құрау арқылы топқа бөліну;
Б) Үй тапсырмасын тексеру. Шығармашылық жұмыс
ІІ Тұсаукесер
«Ассоциация» әдісі Тақырып: Тіл тазалығы деген не?
ІІІ Негізгі бөлім
А) «ДЖИГСО» әдісі. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер тарату, ұсынылған материалдармен танысып, топта талқылап, сыныпқа түсіндіру.
Ә) «Сиқырлы сұрақтар» әдісі
1. Қазіргі жастардың тілінің шорқақтығын көргенде қандай сезімде боласың?
2.Оларға сын көзбен қарайсың ба?
3.Сөз өнерін, сөйлеу өнерін қалай жетілдіруге болады?
4. Тіл шұбарлығымен күресе аламыз ба?
Б) Ойтолғау. «Таныстыру» мәтініндегі сөздік қолданыстар туралы ой бөлісу.
В) Мен қалай жеткізер едім ... (Тіл шұбарлауға байланысты мысалдарды әсерлі, таза етіп жеткізу)
Г) Кім жылдам? Ана тіліне байланысты айтылған қанатты сөздерде түсіп қалған сөздерді тауып жазу.