Ма?саты: ?стазды? адам ?мірінде алатын орын зор екендігін, ?стаздарды ??рметтеу, сыйлау ж?не ?адірлеу ?асиеттерін о?ушыларды? бойына дамыту ?рі дарыту. К?рнекілігі: ?стаздар туралы на?ыл с?здер, ?ле? ?зінділері жазыл?ан к?рнекіліктер, ?р т?рлі шаралар.
Просмотр содержимого документа
«Та?зым етейік ?стаз?а»
Тағзым етейік ұстазға...
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту. Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаздарға тағзым етейік!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар) М - мейірімді Ұ - ұлағатты Ғ - ғазиз А - ақылшы Л - лайықты І - іскер М - маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге) 1 - оқушы: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған азаматтар, Білім алған сіздердің арқаңызда. 2 - оқушы: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімменен суарған шәкірттерің, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! 3 - оқушы: Ұстаздарым биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды. 4 - оқушы: Ұлы өмірге жетелеп, Ашқан білім есігін Құрметтейік мәпелеп Ұстаздардың есімін. 5 - оқушы: Келешекке алтын бақ, Қосар таудай үлесін. Жасай берсін жарқылдап, Ұстаз атты ұлы есім. 6 - оқушы: Ұстазыңды түсінген сен тереңнен Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. 7 - оқушы: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып, Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиетіне бас иейік мәңгілік! 1 - жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар! 2 - жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. 1 - жүргізуші: Ұстаз, ұстаз!!! Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық. Әль - Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды Осы сөз ғой қойған бізге ұлы - қып.
2-жүргізуші: Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін, Тентектерді ақылменен емдейтін, Болса дағы малға кедей өмірде. Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін! 1- жүргізуші: Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. 2-жүргізуші: Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Құрметті ұстаздар!
1 - жүргізуші: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген. Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?! Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде, Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
2-жүргізуші: Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, Сендерде ғалымдардың қиялы бар. Ағайын, тойларыңа тарту етем, Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар! 2. Ән«Алтын ұя мектебім» 1 - жүргізуші: Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. 2 - жүргізуші: Сағыныш сазы толқытқан, Арнамақ сөздің мәйегін. Шәкірттерін оқытқан, Келіп тұр жолдап сәлемін 3. «Ұстазым» әні 1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол - ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер. 1 - қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма? 2 - қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз? 3 - қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз? Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.
2 - жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
4. Би.
1 - жүргізуші: “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” - деген Бауыржан Момышұлы. Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар!
5. Ән «Мектебім» 2 - жүргізуші: Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен. (баяу музыка ойнап тұрады) 1 - жүргізуші: Жұлдыз, мен саған жұмбақ жасырайын? Шешіп көрші 2 - жүргізуші: Жарайды жасырып көр, кәне 1 - жүргізуші: Жылдың ең қысқа күндері. 2 - жүргізуші: Каникул 1 - жүргізуші: Оқушылардың үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиясы 2 - жүргізуші: Күнделік. 1 - жүргізуші: Бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл. 2 - жүргізуші: Дос 1 - жүргізуші: Үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут. 2 - жүргізуші: Сабақ 1 - жүргізуші: Әжеме айтатын басты сылтауым. 2 - жүргізуші: Спорт секциясы 1 - жүргізуші: Қыздардың негізгі қаруы. 2 - жүргізуші:“Апайға айтам” 2 - жүргізуші: Әрине бұның бәрі әзіл. Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз, Асыға сәлем жолдап жүректен біз. Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. 6. Би 1 - жүргізуші: Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез - келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Ұстаз «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»,..... 2 - жүргізуші: Иə, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметті ұстаздар сіздердітағы бір мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Келесі әсем ән сіздерге арналмақ, қабыл алыңыздар! 7. «Ұстазым» әні 1 - жүргізуші: Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! 2 - жүргізуші: Қара сөздің дауылы, Құрмет еткен ауылы Екеуі хормен: Сыйымызға риза бол, Мұғалімдер қауымы! 8. Хор. «Ұстазым»(Көңілді әуен, сахнаға барлық оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді) 1 - жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы - алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір - түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау - саламатта болайық.