Көңіл күйлерің қалай, сабаққа дайынбыз ба? (балалардың жауабы)
Жарайсыңдар, отырыңдар.
ІІ. Негізгі кезең. 1. Тақырыпты ашу.
Балалар, біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Орманға жету үшін
көптеген кедергілер кездеседі. Сол кедергілерден мүдірмей өту үшін мына жұмбақтардың шешуін табуымыз керек.
2.Жұмбақ шешу:
1. Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. ( Су )
2. Су астында жұмыртқа ағарар,
Ұсақ мейлі, ірі мейлі,
Мәңгілік шірімейді. ( Тас )
3. Жылқы тұмсық,
Ешкі құйрық.
Есек құлақ,
Қорқақ өзі, қыли көзі. ( Қоян )
4. Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні. ( Қасқыр )
5. Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері, айқай шу. ( Түлкі )
- Ал, балалар жұмбақтың шешуін шешіп орманға да аман - есен жеттік.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көңілді аңдар. Жолбарысты құрастыру» деп аталады.
3.Сұрақ – жауап:
- Жабайы аңдар қайда өмір сүреді ?
- Үй жануарларынан қандай айырмашылығы бар ?
Балалар, аңдардың қайда өмір сүретінін білдік. Қараңдаршы, аңдар, құстар өз мекендерін таппай адасып қалыпты. Оларға өз мекендеріне оралу үшін біз көмектесейік. Ойын ойнау арқылы аңдарды, құстарды өз мекеніне жеткізейік.
4. Ойын: « Адасқан аңдар»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: Тақтадағы суреттер ішінен балаларға адасқан аңдарды, құстарды ормандағы өз орындарына орналастыру.
Аңдар, құстар өз мекеніне оралғаннан кейін айналамызға көз жіберсек, орман ішінен алуан түсті бояуға малынған сұлу көріністі байқаймыз.
5. «Жасырылған аңды тап» дидактикалық ойын.
Мақсаты: Ойлаудың жылдамдығы мен зейінін дамыту.
Ойын шарты: Тәрбиеші тақтаға жабайы аңдардың суретін іледі. Тәрбиешінің белгісінен кейін балалар көздерін жұмады. Сол жасырылған суретті балалар табады. Табылған жолбарыс суретін көрсетіп, жолбарыс туралы әңгімелейді.
Жолбарыс –жабайы аң. Ол орманда, тауларда, кең далада өмір сүреді. Ол өз азығын өзі тауып жейді. Жауларынан қорғана алады. Ол қыста ұйқыға кетпейді. Жүйрік аң.
6. Өлең оқу.Ермек Өтетілеуұлы өлеңі.
«Жолбарыс»
Мен жыртқыш жолбарыс,
Тұрағым – ну қамыс.
Түн демей, күн демей,
Жортамын жолға алыс.
Қырағы шапшаңмын,
Қайраты асқанмын.
Жалт берген жауымды,
Орнында басқанмын.
Ал, балалар бүгін сабағымызда жабайы аң жолбарыс туралы білдік.
Енді балалар жолбарыс суретіне қарап отырып үлгі бойынша қырқып, желім арқылы жолбарыс мүсінін құрастырамыз.
7. Қауіпсіздік ережесін сақтау:Біз суреттегі үлгі бойынша жолбарысты қырқу үшін қайшыны пайдаланамыз. Сол үшін қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін есте сақтап, өте мұқият болыңдар.