Просмотр содержимого документа
«?зге тілді? б?рін біл, ?з тілі?ді ??рметте!»
И.Шорманов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып сағаты
Тақырыбы:"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!"
6а-сынып
Сынып жетекші: А.Губашева
2015-2016 оқу жылы
Бекітемін
Мектеп директоры:......................................
М.Даулетова
«.....»..............2015ж
Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» Мақсаты: • Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту • Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру; • Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту. Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, ақан – жазушылардың портреті. Ұлағатты сөздер: 1. «Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек». Ғабит Мүсірепов. 2. «Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек». Нұрсұлтан Назарбаев Барысы: І. Ұйымдастыру. ( топқа бөлу ) ІІ. Негізгі бөлім ІІІ. Қорытынды. Оқушыларды марапаттау. І. Кіріспе сөз. Армысыздар, құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайысымызға қош келіпсіздер. «Дүниеде ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі». Ана тілім – арым, нәрім, қуатым, Сенсің менің жан сырымды ұғатын. Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман, Шағың келді биіктерге шығатын Сайысымыз V кезеңнен тұрады: І. Сәлемдесу. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады) ІІ. «Сөз қаруы - ой». Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде ) ІІІ. «Қанат қақты». Капитандар сайысы. IV. «Полиглот» өлең жолдарын мәнерлеп оқу. V. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек. І тур «Сәлемдесу». Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін – бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
1 топ -------------------- 2 топ --------------------- 3 топ ------------------- ІІ тур. «Сөз қаруы - ой». Орыс тілін түсінемін, білемін, Шет тілін де жаттап оқып жүремін. Ата – бабам қастерлеген жанындай, Ана тілім – менің нағыз жүрегім. «Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті» орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее» Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырады, сайыстың шарты бойынша орыс тілінде. ІІІ тур. «Қанат қақты». Капитандар сайысы. Мақалдың жалғасын тап. 1. Тіл тас жарады, (Тас жармаса бас жарады) 2. Тіземнен сүріндірсең сүріндір, Тілімнен сүріндірме. 3. Піл көтергенді тіл көтереді. 4. Ат жүйрігі қасқа, Тіл жүйрігі басқа. 5. Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ. 6. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ 7. Бас ойлағанда тіл тыныстайды. 8. Қырғи тіл – қиыр қылыш 9. Икемді тіл инеден өткір. 10 Құлақ екеу, тіл жалғыз, 11. Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз Қос тіл – қос қанатың Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым дара тілім. ІV. « Полиглот». (үш тілде өлең шумақтарын оқу) V. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек. Ә, А, Ж, Р, С, Т, Б, М, Д, О, Л, К. 1. Қай қалада тұрасың? 2. Сенің сүйікті әншің? 3. Қандай тағамды ұнатасың? 4. Сыныптағы досыңды ата? 5. Жасын нешеде? 6. Сынып мұғалімінің аты? 7. Сен озат оқушысың ба? 8. Математика пәні саған ұнай ма? 9. қандай мамандықты қалайсың? 10. Кімге ұқсағың келеді? 11. Сүйіп оқитын кітабың? 12. Жазғы демалысты қалай өткіздің? 13. Қазақстанның астанасы? 14. Парта неден жасалады? 15. Қардың түсі? 16. Сүйікті тағамын? 17. Қандай гүлді ұнатасың? 18. Мектепке немен келесің? 19. Күзде ауа райы қандай? 20. Сыныптағы ең сұлу қыз? 21. Алматы қандай қала? 22. Қыс айы немен ұнамсыз? 24. Сен қандай оқушысың? Ана тілім күн нұры – шуақтайсың, Мөлдір таза шын кәусар – бұлақтайсың. Өнер, білім ғылымда сәуле шашқан, Темірқазық жұлдызым – шырақтайсың. ҚОРЫТЫНДЫ. Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.