kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? Отаным -?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Мені? Отаным -?аза?стан»

Саба?ты? ма?саты: Жас жеткіншектер бойында Отан?а ж?не ту?ан елге деген с?йіспеншілік пен ма?таныш сезімін ?алыптастыру. Отаншылды? сезім мен т?ра?ты моральды? мінез-??лы?ты? беки т?суіне ы?пал ету. Адамгершілікке, елжандылы??а т?рбиелеу.

?ткізу ?дісі: баяндау, с?ра?-жауап, ассоциациялау

К?рнекі ??ралдар: Елімізді? р?міздері, слайдты альбом (интерактивтік та?таны пайдалана отырып), тірек-сызбалар.

Саба? барысы:

-??рметті ?она?тар! Б?гінгі бізді?  «Мені? Отаным -?аза?стан»

  атты ашы? т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер!

Біздер т?уелсіз ?аза? еліні? е? жас ?ландарымыз. Сонды?тан ?з жерімізді, ?з елімізді ?келеріміз бен аталарымыз сия?ты ?ор?ау?а, ?адірлеуге, с?юге тиіс екенімізді естен шы?армайы?.

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан ?уат, н?р береді.

Отан – ?ран, Отан – туым,

Отан м??гі г?лденеді, - демекші, елімізді? т?уелсіздігі т??ырлы болуы ?шін біз ту?ан жерімізді, ту?ан елімізді, оны? символдарын ??рметтеу б?рімізді? міндетті парызымыз болып саналады.

            - О?ушылар, «Т?уелсіз ел» дегенді ?алай т?сінесі?дер? ?андай 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? Отаным -?аза?стан »

Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным -Қазақстан»


Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Өткізу әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ассоциациялау

Көрнекі құралдар: Еліміздің рәміздері, слайдты альбом (интерактивтік тақтаны пайдалана отырып), тірек-сызбалар.


Сабақ барысы:

-Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің «Менің Отаным -Қазақстан»

атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қорғауға, қадірлеуге, сүюге тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді, - демекші, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болуы үшін біз туған жерімізді, туған елімізді, оның символдарын құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

- Оқушылар, «Тәуелсіз ел» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ұғымдар ойға келеді?
















1-жүргізуші:

Қазақстан арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары.

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтарды.

2-жүргізуші:

Аңсаған азаттықты ұлы халық,

Бостан күнге жеткенді белі талып.

Бет түзеп өркениет ауылына,

Арманның алаулайды шамын жағып.

1-жүргізуші:

Заңғар тау, шалқар жазық маң далалы,

Атырау, Алтай, Арқа таңданады.

Сексен көл Көкшетаудың бауырында,

Сылаңдап сәнге бөлер кең даланы.

2-жүргізуші:

Ауылым өткен жылдар белестері,

Бүгінде жерім жомарт, ел еңселі.

Тәу етіп тәуелсіздік ақ таңына,

Тілеймін биік шыңды белестерді.


Жеке орындауда ән: «Туған жер» - Аружан


- Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16- желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Жарлығы жарияланысымен-ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Еліміздің егемен екенін танытатын жұрт таныған ұлттық белгілері бар.

















Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4-маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.


Тәуелсіз елім, тау – елім,

Қойнауың жақұт бау елім.

Көк байрақ туым желбіреп,

Шаттықтықтың салам әуенін.

Күндердің аппақ сағымын,

Қайраққа қайта жаныдым.

Қырандай самғап қияға

Мұқалмас енді қарымым. (Жанель)

Уақыттың ашып кезеңін,

Бақыттың кештім өзенін.

Ғасырдың жаңа бетінен,

Ғарыштың отын сеземін.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді Ту болмады дегенге. (Алиби)

Ту туралы Мейірбек баяндайды.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер Түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба. (Али)


Әнұран туралы - Гүлназ, Елтаңба туралы– Шнар баяндайды.


-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілін білу, қастерлеу – парызымыз. 1989 жылы 22 қыркүйек күні Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Тіл туралы» заң қабылдап, еліміздегі мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі бекітілді.

Әрбір елдің ел екендігін бекітетін мемлекеттік заңы болады. Мемлекетіміздің ең алғаш Конституциясы 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданды. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы 16 жастан бастап еліміздің төлқұжатын ала алады. Осыған байланысты 1995 жылы 27 ақпанда төлқұжат туралы заң күшіне енді.

Төл теңгеміз 1993жылдың 15 қарашасында Республикамызда ұлттық валюта ретінде бекітілді.


Н.Тілендиевтің әні – «Өз елім» әнін Шнар орындайды.

Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың,

Қазақстан – ардақтым! (Карина)

Тұлпарыңның шабысын,

Домбыраңның қағысын,

Күңіренткен тау ішін,

Дарияңның ағысын,

Сүйем десем бәрі шын,

Қазақстан – намысым! (Аяна)

Әрбір тасы киелім,

Әр уығы жүйелім.

Ән кернеген жүрегін,

Күй кернеген тиегін,

Сары алтыннан сүйегің,

Қазақстан – жыр елім! (Мәди)

Шаңырағың шырағым,

Топырағың тұмарым,

Қаламда жоқ сыңарың,

Ғажайыбым жұмағым.

Басы таза бұлағым,

Таусылмайтым құмарым,

Қазақстан – қыраным! (Айнаш)

Айың тусын оңыңнан,

Күнің тусын солыңнан.

Жұлдыз жансын жолыңнан,

Басыңа бақ орнасын.

Қыдыр болсын жолдасың,

Құдай сені қолдасын.

Көркейе бер Қазақстан! (Ұлан)

Байтақ дала, жерім менің,

Арта берсін кенің сенің.

Көк байрағың желбіресін,

Егеменді еслім менің!

Отан – анам,

Отан - әкем.

Осы сөзім қате ме екен?

Қате болса,

Неге біздер,

Дейміз оны – «Атамекен?!» (Дильназ)


Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні хормен орындалады.


1-жүргізуші:

Қаншама ой, асыл арман өрімделіп,

Ақорда аспандайды көңіл берік.

Құйылар қорғасындай әрбір сезім,

Толқыған көңілдерге сенім беріп.

2-жүргізуші:

Создық қол болашаққа көз көрмеген,

Тереземіз теңеліп басқа елменен.

Мүше болып БҰҰ-ға қазақ елі,

Мысын басты өзге елдің тең көрмеген.

1-жүргізуші:

Тұнық көл, сырнайлы өзен, пүліш жері,

Жасантқан ұрпағының күміс тері.

Елбасы Нұрсұлтандай бастап бүгін,

Үмітін үкілейді қазақ елі.

2-жүргізуші:

Айналдым, Қазақстан бостан елім,

Қашанда ашық болсын қыран көгің!

Алатын асқарларың тұғырлы боп,

Шыңдарға қонақтасын шығар шебің.

1-жүргізуші:

Намыс еліміздің берік болсын,

Сертке жанған сенімің серік болсын.

Мәңгілік баянды боп тәуелсіздік,

Қыдыр бағың басыңа келіп қонсын.


- Оқушылар, өздеріңіз білесіздер, Қазақстан тәуелсіз мемлекет екендігін Түркия елі бірінші болып мойындады. Ендеше, қазірде әлем Тәуелсіз Қазақстан туралы не дейді? Тақтаға назар аударайық:



Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың бауырың.

Отан –өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан – осы, достарым.

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Қайран елім, қара нарым өзіңсің,

Тарих жүгін арқалаған төзімсің.

Тәуелсіздік тұғырынан бүгінде

Шұғыла шашып қарап тұрған көзімсің.

Демеймін мен бұрынғыдай шерлімін,

Еркін жұртпын байқалмайды кемдігім.

Шайқалмасын іргең мәңгі, Отаным,

Жаса, жаса азаттығым теңдігім!

Тәуелсіздік! Берекенің біл басы,

Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.

Қазақстан сен бір жаһанға,

Кең танылған тудай асқақ тұлғасы.

Тәуелсіздік! Қиян емес қиялдай,

Ол осынау жақын, жылы ұяңдай.

Дәнекері, дәрмияны достықтың,

Атай алам атын әсте ұялмай. (Данагуль)


Қазақ биі –Альфия ,Жанель

- Қазақ халқы - сөзге бай шешен халық. Ендеше, оқушылар, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

- Жері байдың –елі бай.

- Жер жаусыз болмайды, Халық хансыз болмайды.

- Отан оттан ыстық...


- Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қала – Астанам!

Жас Астанам – жас ғалам,

Тарихың бар ашпаған.

Ордасы бол ойшылдың,

Ей, бас қала – Астанам. – демекші, бас қаламыз Астана көркею үстінде. Астананың көркеюіне Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор. Назарымызды тақтаға аударайық - Астананың әсем жерлерін тамашалайық. (Астана қаласының әсем жерлері бейнеленген слайдты альбом)

Қортынды


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мені? Отаным -?аза?стан

Автор: Кенешпаева Гульнар Асылбековна

Дата: 27.10.2015

Номер свидетельства: 244487

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Менің Қазақстаным»"
    ["seo_title"] => string(17) "menin_kazakstanym"
    ["file_id"] => string(6) "492719"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545745358"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Отаным мені?, байта? ?лкем "
    ["seo_title"] => string(27) "otanym-mienin-baitak-olkiem"
    ["file_id"] => string(6) "140055"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417868203"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) ""А? орда" "
    ["seo_title"] => string(9) "ak-orda-1"
    ["file_id"] => string(6) "179611"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425038116"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Конспект мероприятия  "День Независимости Республики Казахстан""
    ["seo_title"] => string(67) "konspiekt-mieropriiatiia-dien-niezavisimosti-riespubliki-kazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "316509"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460104694"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие-Мәңгілік елдің кепілі."
    ["seo_title"] => string(79) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_urpakk_a_bergen_ulagatty_t_rbie_m_ngilik_eldin_kepili"
    ["file_id"] => string(6) "479508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538501496"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства