Просмотр содержимого документа
«математикалы? турнир»
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – мәңгілік ел тұғыры»
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың математикадан білімдерін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру
ә)дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және білім сапасын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру
Мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстың мақсатымен және шартымен таныстыруы.
1 – жүргізуші:
Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі сайысымыз барысында.
2 – жүргізуші:
Математика, математика қандай қиын,
Оқымасаң шешілмейтін ешбір түйін.
Амалдардың тек қана көмегімен,
Орындалар сансыз көп байлам түйін.
1 – жүргізуші:
Шеберлікті, білімді, Сараптап сіздер көріңіздер. Әділқазы алқасы Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайысымыздың алдында сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
2 – жүргізуші:
Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер. Сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет.Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілейміз.
ІІ. Негізгі бөлім.
1 – жүргізуші:
Өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр сыныптың білімді оқушылары
алдарыңызда тұр.
Таныстырып топтарын, ұрандарын айтады.
Көрерменге білдіріп,әділ баға алады,-деп сайысымызды топтардың өздерін таныстыруынан бастаймыз.
Топтардың өздерін таныстыруы
1 топ – «Тапқырлар» Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске» 2 топ – «Алғырлар» Ұраны: «Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз» 3 топ –«Ойшылдар»
Ұраны: «Білекті мыңды жығады,
Білімді мыңды жығады»
4 топ –«Дарындылар»
Ұраны:«Шаршы алаңда мүдірме
Көп ойланып, кідірме»
2 – жүргізуші:
Бұл бәйге –ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда! – деп«Жауабың әзір ме?»бөлімініңлогикалық сұрақтарына кезек береміз.(интербелсенді тақтадан көрстіледі)
«Жауабың әзір ме?» бөлімінің логикалық сұрақтары
1–топқа сұрақтар
Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? ( ата, әке, бала болса)
25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды? (1)
Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады
Қайсысы үлкен 2 м ме, әлде 198 см ме? (2 м) ? (екінші қосылғыш 0 болса)
«3 литрлік және 2 литрлік ыдыстармен 1 литр сүт құйып алу»
«Туған күнді анықтау»
«Кім ұтты, кім ұтылды?»
«Базардағы сауда»
2 – жүргізуші:
Мақал-мәтел қазағымның мұрасы,
Мақал білген қазағымның баласы.
Мақал айтқан жарыста,
Қай топ мақал-мәтелді
Біледі екен өте көп, - дей отырып,«1001 мақал» бөлімін бастаймыз.
«1001 мақал»бөлімінің шарты
Сан есімі бар математикалық мақал-мәтелдерді кезекпен топтар қайталамай, тоқтап қалмай айту.
1 – жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар, Ғажайып бір ойын болсын. Білімдірек шәкірт озар, Қиынырақ сұрақ болсын. – деп келесі “Дарынды басшы” бөліміне кезек береміз. Топ басшыларын ортаға шақырамыз.
“Дарынды басшы” бөлімінің тапсырмалары
Бұл бөлімде сіздерге бірнеше ұяшықта әртүрлі бағытта есептер мен сұрақтар берілген. Әрбір ұяшықтағы сұрақтардың күрделілігіне қарай ол ұяшықтарда берілетін ұпайлардыңсаныкөрсетілген. Кезекпен топтарға ұяшықты таңда -тамыз да, сол ұяшықтың сұрағына жауап берсе, көрсетілген ұпайды алады. Егер сұраққа жауап бермесе ,сұрақ келесі топқа көшеді.
Қазақтың байырғы есептері
10
20
30
“Ақбота” есептері
10
20
30
“Кенгуру” есептері
10
20
30
Қазақтың байырғы есептері:
10 – Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда 7 кг тартса, біраяғымен тұрғанда қанша
тартады. (7 кг) 20 – Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуіжолдың