Сабақтың мақсаты: Ақынның шығармашылығы бойынша алған білімдерін одан әрі жетілдіру және тереңдету,олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілеттерін арттыру. Ақынның ұстанған арман-мұраты-азаттық, болашақтың қамы екендігіне тоқтала келіп,ел,Отан,болашақ алдындағы борышын сезінуге,елін,жұртын сүюге,елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың барысы
I тур «Бәйге»
15 сұрақ (10 ұпай)
1.19-ғасырдың 1-жартысында Батыс Қазақстандағы халық азаттығы үшін болған күрсетің шығу себебі? (шаруаның шұрайлы жерінен айрылуы,еркінен айрылуы,хан,сұлтандардың,патша үкіметінің езгісіне,қыспағына түсіп күйзелуі)
2.Жәңгірлердің арқа сүйері кім? (патша үкіметі)
3.Махамбет қашан,қай жерде туған?( 1804 жылы Орал облысының Орда ауданы Нарындағы Бекетай құмында)
4.Махамбеттің жас кезінде Хан сарайында болуының себебі не? (ағасы Баймағамбет Жәңгірдің 12 биінің бірі болған,Махамбет старшын (әкім) болған.
5.Өтемістің неше баласы болған?(он)
6.Көтеріліс қай жылы болды? (1836-1838 жылдар арасында)
7.Көтерілістің мақсаты не еді? (екі бірдей қыспаққа түскен халықтың хан-сұлтандардан кегін алу үшін,елдің жері жайлы қонысы,сарыбаланың болашақ қамы)
8.Көтерілістің басшысы кім болды?( Исатай Тайманов)
9.Исатайдың ең жақсы досы,ең бірінші кеңесшісі кім?(Махамбет)
10.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кім болды? (қазақ шаруалары)
11.Жәңгірдің белгілі сарай ақындарын ата (Байтоқ,Жанұзақ)
12.Исатай басшының соңынан ерген ереуіл ақын кім? (Махамбет)
13. Махамбет старшын болуға неге келіседі? (ел ішін еркін аралап, халықтың пейілін білгісі келеді,ежелгі жауына деген өшпенділікті өршітпек мақсатына қажет болады)
14.Ақынды старшындықтан неге тайдырды? (жалынды жырымен,шешендік үнімен Исатайға дем беріп,ханға қарсы шықты)
15.Үлкен айқас қашан,қай жерде болды?(1836жылы Қиялымола деген жерде)
Әділқазыларға сөз беріледі.
I I тур «Көкпар»
Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу
III тур
«Полиглот»
10 ұпай екі тілдегі жауапқа
20 ұпай үш тілдегі жауапқа
1.Махамбеттің Жәңгірге айтқаны
Хан емессің...
Қас албасты басқырсың
(қасқыр-волк-wolf (вульф)
2.Құран құстың баласы
Ұшса келмес..
(ұяға-гнездо-фогельцвуг-нест)
3.Балдырғаны білектей
Баттауығы...
(жүректей-сердце-херц-херт)
4.Ақ жұмыртқа, сары уыз
Әлпештеп қолдан өсірген
Туған ұлдан не пайда
Қолына найза алмаса
....жолын қумаса
(атаның-дедушка-гроцфатер-грэнфазэ)
5. Аттанып едім көп үшін,
Көптің жинап мол ....
(күш-сила-махт,тапфер-пауэр)
6.Дұшпанда кеткен сол көптің
Ежелден бергі ...үшін
(кегі-месть-гранзхайт-вендженс)
7.Хан емессің аярсың
Айыр құйрық ...
(шаянсың-рак-руйбер-крайфиш)
8.Жалғыз қалдым...
Адасып қалған...
(Үйректей-утка-ганс-дак
9. Қайтейін енді дүние-ай
Жағдайсыз кетіп барамын кемінен
Қасымда....кемінен
(көмектің-помощь-хильфхэлл)
10.Жапанға біткен бәйтерек
....айрылып
(жапырағы-листья-блэттэр-лие)
Әділқазыларға сөз беріледі
4 оқушы қалады, Грамота беру
IV тур
«Егер мен ...»ой-толғау
1 минут дайындық
1 минутта жауап береді
Мына қару-жарақтың ішінен Махамбеттің қаруын, жорыққа керек заттарды ал.
(Тарланым,Тайманның ұлы Исатай,Арыстан одан кім өткен?)
2.Қай толғауында Махамбеттің өз бейнесі көрінеді?
(Менің атым Махамбет,Еңселігім екі елі)
3.Махамбет лирикасының өзекті арқауы не?
(Елді ерлік күреске үндеу)
4.Махамбет өлеңдерінің жанры?
(историзм,тарихта болған оқиғаға тікелей байланысты)
5.Саяси лирикаға жататын өлеңдерін ата
(Ереуіл атқа ер салмай,Беркіне садақ асынбай,Толарсақтан саз кешіп)
6.Қай толғауында соғыс көрінісін бейнелейді?
(Соғыс)
7.Махамбет өлеңдерінің түрі қалай құрылған?
(шешендік өрнекке,терме,толғау түрінде)
8.Өлеңдері қандай ұйқаспен жазылған?
(Негізінен шұбыртпалы ұйқасқа «Ереуіл найза қолға алған»)
9.Ақын өлеңдерінен қандай көркем сөз айшықтары кездеседі?
(Эпитет-халық басына түскен қара теңеу-күнді бейнелеу үшін «мұнар», «шұбар», «тарланым», «арыстаным» сияқты эпитеттер қолданды)Әсірелеу- туған еліне,Нарынына деген сүйіспеншілік сезімі.
Метафора-мен тауда ойнаған қарт марал.
Кішірейту, құлдырату-Жапанға біткен бәйтерек
Жапырағынан айрылған
Психологиялық параллелизм- «Қызғыш құс» Риторикалық сұрау
VI тур
«Жорға»
1.Исатай кімнің армиясымен соғыста қаза табады? (Текебай орыс армиясы)
2.Хан жасағын кім басқарды? (Қаруаылқожа Бабажанов)
3.Махамбет екінші рет хан ордасына қашан аттанды?(1837 ж)
4.Эпитет деген не? (заттың айрықша сипатын анықтау үшін қолданатын бейнелі сқз)
5.Махамбет тағы қол жинау мақсатымен Хиуа ханына көмек сұрамақ болғанда шығарған өлеңі? (Айныман)
6.Махамбет өлеңіндегі романтизм қандай романтизм?(прогрестік,оптимистік романтизм)
7.Исатай ақырғы рет қай жерде соғысқан?(1838 ж.Ақбұлақта)
9.Метафора деген не?(бір нәрсені екінші нәрсенің ұқсастығына қарай ауыстырып айту)
10.Лирика деген не?(ақынның ішкі сезімін,көңіл-күйін бейнелеу)
11.Гипербола деген не?(әсірелеу,ұлғайту)
12.Аллитерация деген не?(өлң жолдарының бірыңғай дауыссыздан басталуы)
13.1916 жылы Ұлт –азаттық қозғалыс қай жерде болды? (Торғай жерінде)
14.Махамбеттің ағасының аты кім? (Баймағамбет)
15.Көтерілістің басшысы кім? (Исатай)
16. «Тарланым» өлеңі кімге арналған? (Исатайға)
17.1836-1838 жылдардағы көтеріліс қандай көтеріліс? (шаруалар көтерілісі)